Қосудың компоненттерін ата. Азайтудың компоненттерін ата
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қызылту ауылы
Кішкенетау орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Шакенова Мансия Ораловна
Сабақтың тақырыбы
Амалдарды орындаудың реті. Жақшалар
Сабақ «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша өтеді: әр тапсырманы орындау арқылы бауырсаққа көмектесеміз және оны ата мен әжеге жеткіземіз.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жақшалы өрнектерді шығару ретін пысықтау: алдымен жақша ішіндегі амалдар орындалады.
Дамытушылық
Ойын элементтері арқылы оқушылардың жылдам әрі ауызша есептеу дағдыларын, ойлау қабілетін дамыту; танымдық қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, тапқырлыққа, жылдам ойлауға және өз ойын қорытындылап жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
- Сабақтың түрі
- Қайталау сабағы
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі
- Көрнекіліктер
- Таратпа материалдар, интерактивті тақта (слайд), ойын тапсырмалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
2) «Көпір аялдамасы» (өткенді қайталау)
Сұрақтарға жауап беру:
- Қосудың компоненттерін ата.
- Азайтудың компоненттерін ата.
- Бір таңбалы сандарды ата.
- Толық ондықтарды ата.
- 1 сағатта неше минут бар?
- 1 тәулікте неше сағат бар?
- 1 ғасырда неше жыл бар?
3) Үй тапсырмасын тексеру
№6 тапсырма.
4) Көркем жазу
Дәптерді ашып, бүгінгі күнді жазып, көркем жазу жолын толтыру.
Сабақ «Бауырсақ» ертегісі желісімен өтеді. Мақсатымыз — бауырсаққа көмектесіп, оны ата мен әжеге аман-есен жеткізу.
II. Негізгі кезең
1) Тірек білімді еске түсіру: математикалық диктант
- 90 бен 50-дің айырмасына 8-ді қос.
- 80 бен 30-дың айырмасына 7-ні қос.
- 60 пен 50-дің айырмасына 40-ты қос.
- 70 пен 40-тың айырмасынан 20-ны азайт.
- 50-ге 90 бен 80-нің айырмасын қос.
- 60-қа 50 бен 30-дың айырмасын қос.
2) Өздік жұмыс: «Қоянның тапсырмасы»
3) Жеке оқушылармен жұмыс: «Қасқырдың тапсырмасы»
Теңдеулерді шешу (3 тапсырма).
4) Сергіту сәті: «Аюдың тапсырмасы»
Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен,
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
5-тапсырма
27 мен 32-нің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз. Әр санда неше ондық және неше бірлік барын көрсет.
5) «Түлкінің тапсырмасы»
№4, 52-бет. Есепті оқушылар оқиды, шартын құрады.
6) Қорытынды ойын
Бауырсақты ата мен әжеге жеткізейік. «Кел, ойнайық»: әр машинаны өз үйіне жеткізейік.
7) Шығармашылық тапсырма
Оқушылардың ойлауын дамытуға бағытталған қосымша тапсырмалар орындалады.
III. Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей: жақшаларды дұрыс қой
Теңдіктер тура болатындай жақшалар қой:
II деңгей: салыстыр
Өрнектердің мәндерін салыстыр:
III деңгей: есеп құрастыр және шығар
Болғаны: ?
Сатылғаны: 20 л
Қалғаны: 30 л
Шешуі: ____________________
Жауабы: ____________________
IV деңгей: теңдеулерді шеш
IV. Сабақты қорытындылау
Бағалау
Оқушылардың жұмысы орындалған тапсырмалар бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
«Жалғастыр» тапсырмасы: