Елтімейді қалғыған шаққа жаным, Ұмтылыста жүйткуде бақ талабым

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай,
Батпан зілдер бассада жүр тарылмай.
Шідірлеулі көңілді зулат, жырым,
Баяғының құс қанат тұлпарындай.

Елтімейді қалғыған шаққа жаным,
Ұмтылыста жүйткуде бақ талабым.
Талма шақта, талықсып кетсем жырым,
Сен қақырат мəңгілік қақпаларын.

Жол - дария тұрмайды ағын ұрмай,
Жоғалма, жыр, жылдарға тамырың жай.
Дəуірлердің дауылы дақ салмаған
Ата - мұра қобыздың сарынындай.

Жүрек жазбай жұптасқан ғұмырласым,
Жыр - əуезім суарған мұңым, жасым
Ойсыздықтан өрекпіп, тойғандардың
Құлағына қайғы боп ызыңдасын.

Рақат түн, дырду мен дабыр қағып,
Жазылған жыр жүректің шамын жағып.
Елдігі мен ерлігі қалғығанды
Аттан салып оятсын дабыл қағып.

Дүниеден іздеумен нұрлы бесін
Талпыныстан танбаған жыр - күресім.
Адамдық пен адалдық семсеріндей
Жағымпаздың ту сыртын тілгілесін.

Зула, менің жыр - күймем шабыт жегіп,
Жер бетіне ғұмырлы жарық беріп,
Жүректердің құрсауын ағыт келіп,
Зорлықтардың зардабын шеккендерге,
Əділеттен сыбаға алып беріп!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

Шопенгауэрдің пікірінше
Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Етістіктің рай категориясы
Бернияз Күлеевтің ақындық әлемі
Көркем мәтін талдаудың лингвистикалық ерекшеліктері
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Әбділда Тәжібаев шығармашылығы
Мемлекеттік тіл және рухани жаңғыру
Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің бәйтерегі
Б. СОҚПАҚБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамы.
Модулдық технологияны сабақта пайдалану
Дәстүрден тыс сабақ өту әдісі
БАКЛАЖАН
Бақылау жұмысына дайындық
ҚҰМЫРА САБАҚ
ЖӘНДІКТЕР ЖОЛАМАЙТЫН КИЕЛІ САБАҚ
Өзіндік бақылауға бейімдеу шарттары
Алдыңғы қатарлы мемлекеттердегі қаржылық бақылаудың ұйымдастырылуы.
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері