Темір мемлекеті
Сабақ тақырыбы: Ноғай Ордасы
Бұл жоспар Ноғай Ордасы тақырыбын меңгертуге бағытталған. Оқушылар тарихи деректермен жұмыс істеуді үйреніп, өз ойын дәлелді жеткізуге, топта талқылауға және шығармашылық тапсырмалар орындауға дағдыланады.
Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтиже
Сабақтың мақсаты
Тақырыптың негізгі тұжырымын түсіндіру және тарихи материалдарды талдау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі идея
Ноғай Ордасы туралы тарихи құжаттар мен материалдармен сауатты жұмыс істеуге баулу.
Күтілетін нәтиже
- Өз бетінше жұмыс істеуге бейімделеді.
- Ойлау, сөйлеу, іздену қабілеттері дамиды.
- Топта ашық пікір алмасу мәдениеті қалыптасады.
- Шығармашылық тапсырмалар арқылы қызығушылығы артады.
Сабақ әдістері
- АКТ қолдану
- Жас ерекшеліктеріне сай оқыту
- Сыни тұрғыдан ойлау
- Оқытудағы жаңа тәсілдер
Ресурстар
Wiki материалдары, тапсырма материалдары, тесттер, слайдтар.
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Шабыттану тренингі.
- 2 Топқа бөлу.
- 3 Сынып ережелерімен таныстыру.
Тапсырмалар жүйесі
1-тапсырма: Өзін-өзі тексеру тесті (үй жұмысы)
Тақырып: Темір мемлекетіМақсаты — алдыңғы тақырып бойынша білім деңгейін анықтау және қайталау.
Оқушының аты-жөні
Аты-жөні
Сыныбы
-
1. Әмір Темірдің әкесі кім?
A) Тоқтамыс B) Тарағай C) Ұрыс хан
-
2. Әмір Темір шыққан тайпа:
A) Барлас B) Қыпшақ C) Түрік
-
3. Әмір Темірдің өмір сүрген уақыты:
A) 1226–1305 B) 1336–1405 C) 1348–1405
-
4. Әмір Темірдің билік құрған уақыты:
A) 1370–1405 B) 1380–1405 C) 1390–1415
-
5. 1377 ж. Сауранда Тоқтамыс кімнен жеңілді?
A) Ұрыс хан B) Темір-Мәлік C) Әмір Темір
-
6. 1391 ж. шайқас қай жерде болды?
A) Құндызша B) Сауран C) Бұғым шатқалы
-
7. 1372–1390 жж. Әмір Темір Моғолстанға неше рет шабуыл жасады?
A) Бес рет B) Он шақты рет C) Он бес рет
-
8. Ақ Орда мен Моғолстан Әмір Темірге қарсы одаққа қашан бірікті?
A) 1380 ж. B) 1390 ж. C) 1400 ж.
-
9. Әмір Темір қай қалада қаза тапты?
A) Отырар B) Сайрам C) Сауран
-
10. Әмір Темір шапқыншылығының салдары қандай болды?
A) Халық қырғынға ұшырап, шаруашылық күйреді B) Гүлденді C) Мәдениет дамыды
2-тапсырма: «Сөздер банкі — біздің тақырып»
Оқушылар банктегі нөмірленген сөздерді ретімен орналастырып, оқулықтан мағынасын тауып, байланысты мәтін құрастырады.
1-топ: Ноғай Ордасы (қалыптасуы мен дәуірлеуі)
- 1. Ноғай Ордасының құрылуы
- 2. Алғашқы алып жатқан жері
- 3. Солтүстік-шығысында
- 4. Солтүстік-батысында
- 5. Солтүстік-батысында
- 6. Оңтүстік-батысында
- 7. Сарайшық қаласы
- 8. Гүлденген дәуірі
- 9. Қалада
- 10. Алтын Орда дәуірінде
- 11. Қасым хан тұсында
- 12. Ноғай Ордасының аты
- 13. Маңғыт елі
- 14. Едіге
- 15. Нұрад-дин
2-топ: Қоғамдық құрылысы
- 1. Едіге
- 2. Беклер-бек
- 3. Қоғамның жоғарғы сатысында
- 4. Қол астындағы рулар мен
- 5. Мұрагерлік
- 6. Орданы басқарудың
- 7. Этникалық құрамы
- 8. Ұлысты билеуші мырзалар
- 9. Қарапайым халық
- 10. XIV ғасырдың 90 жылдарында
- 11. Шыңғыс әулетінен хан
- 12. Маңғыт елі
- 13. 1396–1411 жж.
- 14. Батыс Сібір ойпатына
- 15. Жазба деректердің мәліметі
3-топ: Ыдырауы және тарихи үрдістер
- 1. Ноғай Ордасының ыдырауы
- 2. 1550 жылдар ортасында
- 3. Оның ыдырауы кезінде
- 4. Ал XVII ғасырдың басында
- 5. Алайда олар
- 6. Түркия мен Ресей арасы
- 7. XVII–XVIII ғасырларда
- 8. XVIII ғасырдың соңында
- 9. Батыс Сібір халқы
- 10. Шыңғыс ханның жорықтарына байланысты
- 11. Ұйытқысы қыпшақтар болды
- 12. Тобылдан Ұлытауға
- 13. 1428 жылы
- 14. Әбілқайыр қаза болған соң
- 15. Ибақ хан
3-тапсырма: «Жылдармен сырласайық»
Топтарға жылдар жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар сол жылдарда болған оқиғаларды анықтап, дәлелмен ұсынады.
Физкультминутка
Қысқа сергіту жаттығуы арқылы оқушылардың зейіні мен белсенділігі қалпына келтіріледі.
4-тапсырма: Тақырыптық (тарихи) диктант
Әр топқа мәтін беріліп, түсіп қалған сөздерді толықтыру ұсынылады.
1-топ
Ибақ хан 1481–1484 жылдары _____________________ достық одақ құруға шарт жасасып, келісімге келеді.
2-топ
Шоқан Уәлиханов алғашқыда қазақ ханы _________________________ Ноғай Ордасының бірқатар рулары Кіші жүз қазақтарының құрамында қалды.
3-топ
Батыс Сібір аймағында да түркі тілдес ру-тайпалар ______________________________ бірлестіктеріне бөлінген.
5-тапсырма: Білімді жүйелеу («Көңілді викторина»)
Ауызша сұрақтар арқылы топтар арасында жарыс ұйымдастырылады.
- 1. Ноғай Ордасының құрылуы туралы не білесіңдер?
- 2. Орданың орналасқан жері қайда?
- 3. Ноғай Ордасының этникалық құрамы қандай?
- 4. Орда қай ханның тұсында дәуірледі?
- 5. Тайбұғалықтар деген кімдер?
- 6. Ибақ хан қай әулеттен шықты?
6-тапсырма: «Сұрақтар қоймасын толтырайық?»
Оқушылар тақырып бойынша өз сұрақтарын құрастырып, «сұрақтар қоймасына» салады. Осылайша сабақ қорытындыланады.
Нұсқаулық
- Кемі 2 сұрақ құрастыру.
- Сұрақ нақты және тақырыпқа сай болуы.
- Жауабы дәлелмен берілетіндей болуы.
Сұрақтар қоймасы
Бағалау, рефлексия және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқуды бағалау, топтық бағалау, қалыптастырушы бағалау элементтері қолданылады.
Үй тапсырмасы
«Ноғай Ордасы» тақырыбын оқу және тақырып бойынша тест құрастыру.
Кері байланыс
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабаққа рефлексия жасалады.