Түйелерді тірі ұстайық, Бармаспыз болашаққа түйе мініп
Мұқағали Мақатаев
Түнде менің түсіме жиі енеді
Сахараның шұбырған түйелері.
Түйенің өркешінде жыр боталап,
Түйенің боздауынан күй өледі.
Ұқсамайды жасаулы керуенге,
Көрікбейді серілер перілер де.
Аспан, мұхит арқылы қатынасып,
Керуеннен адамдар жеріген бе?!
Көн табанын күйдірсін, өртесін не,
Көнеді бәріне олар жер төсінде.
Кім айтар алгебра туған жоқ деп,
Осынау түйелердің өркешінде.
Түйелер - алыс сапар жолдың басы.
(Құмға оларды иесіз қор қылмашы?!)
Түйе деген - көтергіш крандардың
Көзі тірі көне бір формуласы.
Сүтін ішіп, шудасын кие жүріп,
Қастерлейік түйені сүйе біліп.
Түйелер...
Түйелерді тірі ұстайық,
Бармаспыз болашаққа түйе мініп.
Екіталай күндерде иелері,
Азап - сорын атанға тиеп еді,
Атанына арқасын сүйеп еді,
... Атан байғұс несіне сүйенеді?!
Сондықтан ба, түсіме жиі енеді
Сахараның шұбырған түйелері.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Түйені күту және азықтандыру
Түйе өсіру шаралалы
Жылқы және түйені азықтандыру
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру
Жылқы мен түйелердің гигиенасы,қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Туйе обасы
Түйенің экстерьері және денесінің анатомиялық ерекшелігі
Маңқа ауруына сипаттама
Азаматтардың денсаулығына келтірілген экогендік зиянның ұғымы және оның қалыптасуы механизмі
Біріктірілген тақша
Патша баласын өлтіріп, бізге қайт
Сендердің бәріңде менің алдымда тірі кісідей боп тұрдыңдар
Бір түрлі жәндіктер бар, өзі балық секілді су ішінде тұрып, тірі бала тауып, емшегін емізіп өсіретін, сондай жәндіктердің ең үлкені - кит
Алдияр екі жағын беттестіріп көріп
Қаржы - экономикалық техникумын бітіріп, Амур облысының Благовещенск қаласында бухгалтер болып жұмыс істеген
Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты
Айрылған анасынан бала тірі
Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен