Азот тыңайтқыштарын ата
Сабақтың тақырыбы
Азот және фосфор тақырыбын қорытындылау.
Түрі
Сайыс сабақ
Типі
Бекіту–қорытындылау сабағы
Әдістері
Ой қозғау, бақылау, ынталандыру, сергіту
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушылардың азот пен фосфор тақырыптары бойынша алған білімін қайталау, негізгі ұғымдарды қорытындылау және қосымша мәлімет беру.
Дамытушылық
Білімді жүйелі көрсетуге үйрету, ойды нақты жеткізу дағдысын қалыптастыру, танымдық қабілетті арттыру.
Тәрбиелік
Сыныптастар және мұғаліммен өзара қарым-қатынасты нығайту, дүниетанымды кеңейту және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен байланыстар
Көрнекілігі: ХЭПЖ, слайдтар, бағалау және рефлексия парақтары, кеспе қағаздар, семантикалық карта.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, математика, әдебиет.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты мен жұмыс тәртібі таныстырылады. Оқушылар бағалау парағын алады.
II. Сайыс ережесі
Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Әр дұрыс жауап үшін бағалау парағына 1 ұпай қойылады. Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады.
Кезеңдер
- 1 Тапқырлық кезеңі — сұрақ-жауап.
- 2 Алғырлық кезеңі — формула жазу және тотығу дәрежесін анықтау.
- 3 Зеректік кезеңі — әр оқушыға жеке сұрақ.
- 4 Ойшылдық кезеңі — айналым теңдеулерін құрастыру, карта/есеп/логикалық тапсырмалар.
I кезең: Тапқырлық (сұрақ–жауап)
Төмендегі сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беріледі.
-
Q
«Азот» сөзі қандай мағына береді?
Тіршіліксіз.
-
Q
Сіріңкеде қолданылатын фосфордың түрөзгерісі?
Қара фосфор.
-
Q
Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады?
Аммиак суы немесе мүсәтір спирті.
-
Q
Үш сатыда диссоциацияланатын қышқыл?
H3PO4.
-
Q
Азоттың тотығу дәрежелері?
−3, −2, −1, 0, +1, +2, +3, +4, +5.
-
Q
Құрамында қоректік элементтері бар заттар қалай аталады?
Тыңайтқыштар.
-
Q
Қоңыр түсті улы газ?
NO2.
-
Q
Фосфордың сутекті қосылысы?
PH3 (фосфин).
-
Q
Азотты ашқан ғалым және жылы?
Д. Резерфорд, 1772 ж.
-
Q
Фосфор табиғатта қандай түрде кездеседі?
Минералдар мен тау жыныстары құрамында.
-
Q
Азот қышқылының тұздары?
Нитраттар.
-
Q
Ылғал тартқыш, ақ түсті ұнтақ зат?
P2O5.
-
Q
Қараңғыда жарқырап, өздігінен тұтанатын фосфор?
Ақ фосфор.
-
Q
NH4NO3, Al, C қоспасы қалай аталады?
Қопарылғыш зат — аммонал.
-
Q
Адам сүйегінде шамамен қанша фосфор болады?
600 г.
-
Q
Найзағай жарқылында түзілетін газ?
NO.
-
Q
Фосфорды ашқан ғалым?
Х. Бранд.
-
Q
Түссіз, өткір иісті, ауадан шамамен 2 есе жеңіл газ?
Аммиак (NH3).
-
Q
Фосфордың салыстырмалы атомдық массасы?
31.
-
Q
Селитра түрлерін атаңдар.
Натрий, калий және аммоний нитраттары.
-
Q
Ақ фосфор қай затта ериді?
CS2.
-
Q
PO43− ионын анықтайтын реактив?
Күміс нитраты (AgNO3).
-
Q
Азоттың металдармен қосылыстары?
Нитридтер.
-
Q
Аммиактың молярлық массасы?
17 г/моль.
II кезең: Алғырлық (формула және тотығу дәрежесі)
Берілген қосылыстардың формулаларын жазып, элементтердің тотығу дәрежелерін көрсетіңдер.
I нұсқа
- Аммиак
- Азот(IV) оксиді
- Фосфор қышқылы
- Натрий нитраты
- Кальций фосфиді
II нұсқа
- Фосфин
- Азот қышқылы
- Фосфор оксиді
- Литий нитриді
- Фосфор(III) хлориді
III кезең: Зеректік (жеке сұрақтар)
Әр оқушыға 1 сұрақтан беріледі. Жауап дәлелмен және мысалмен негізделеді.
- Фосфор қалай алынады?
- Фосфор өңдейтін зауыттар орналасқан өңірлерді картадан көрсет.
- Азоттың табиғаттағы айналымы қалай жүреді?
- Фосфордың периодтық жүйедегі орнын түсіндіріп, атом құрылысын жаз.
- Азоттың периодтық жүйедегі орнын және атом құрылысын түсіндір.
- Фосфор қосылыстары қайда қолданылады?
- Сіріңке қалай жасалады? Сурет бойынша түсіндір.
- Ақ фосфор мен қызыл фосфордың айырмашылығын түсіндір.
- Тыңайтқыштар қандай топтарға жіктеледі?
- Азот тыңайтқыштарын ата.
- Фосфор жетіспесе, өсімдік қандай күйге ұшырайды?
- Фосфорлы тыңайтқыштардың өсімдікке пайдасы қандай?
- Фосфордың табиғаттағы және биологиялық маңызы қандай?
- Азот және оның қосылыстары қайда қолданылады?
- Фосфор қышқылының диссоциация теңдеуін жазып, иондарын ата.
- Азот жетіспесе, өсімдік қандай күйге ұшырайды?
- Тыңайтқыштардың өсімдікке беретін жалпы пайдасы қандай?
IV кезең: Ойшылдық (айналым және қолдану)
Әр қатарға тапсырма беріледі. Оқушылар жауаптарын өзара тексеріп, нәтижені слайд арқылы салыстырады.
1-тапсырма: Айналымды аяқта
а) Азот қатарын толықтыр
N2 → NH3 → NH4Cl → (NH4)2SO4
ә) Фосфор қатарын толықтыр
P → P2O5 → H3PO4 → Na3PO4
Дұрыс жауап (теңдеулер)
Фосфор: 4P + 5O2 → 2P2O5
P2O5 + 3H2O → 2H3PO4
H3PO4 + 3NaOH → Na3PO4 + 3H2O
Азот: N2 + 3H2 → 2NH3
NH3 + HCl → NH4Cl
2NH4Cl + H2SO4 → (NH4)2SO4 + 2HCl
Сергіту сәті: «Тез қимылда!»
Қатты зат айтылса — оң қол, сұйық зат айтылса — сол қол, газ айтылса — қолды мұрынға апару.
Заттар тізімі
Аммиак суы, кальций фосфаты, азот оксиді, фосфор қышқылы ерітіндісі, азот, натрий нитраты, аммиак, қызыл фосфор, мүсәтір спирті, азот диоксиді, азот қышқылы, мырыш фосфиді, фосфин, ақ фосфор, аммоний сульфаты, калий фосфаты, азот пентаоксиді.
2-тапсырма: Семантикалық карта
Семантикалық картаны толықтырыңдар (2 нұсқа). Дұрыс жауап слайд арқылы тексеріледі.
3-тапсырма: Есепте
- Қай тыңайтқыш құрамында азот көп: NH4NO3 немесе Ca(NO3)2?
- Қай тыңайтқыш құрамында фосфор көп: Na3PO4 немесе K2HPO4?
4-тапсырма: «Сенесің бе, сенбейсің бе?»
Әр тұжырымға иә немесе жоқ деп жауап беріңдер.
- Азот — бейметалл элемент.
- Фосфордың таңбасы «пэ».
- Азоттың салмағы өте ауыр.
- Ақ фосфордан сіріңке жасайды.
- Фосфор қышқылы өте күшті қышқыл.
- Азоттың аллотропиялық түрөзгерісі бар.
- Фосфордың үш аллотропиялық түрөзгерісі бар.
- Фосфор нәруыз құрамында кездеседі.
- Аммиакпен дем алуға болады.
- Азот диоксиді өсімдікке пайдалы.
- Фосфор қышқылы дәрі жасауға жарамайды.
- Фосфор қосылыстары нан пісіруде қолданылады.
«Сен білесің бе?» Қосымша мәліметтер: мышьяк, сурьма, висмут
Оқушыларға химиялық элементтердің тарихы, қасиеті және қолданылуы туралы қысқаша танымдық ақпарат беріледі.
Мышьяк
Arsenicum AsМышьяктың табиғи қосылыстары сырттай әсем көрінгенімен, көпшілігі улы. Орысша атауы «мышиный яд» («тышқан уы») тіркесінен шыққан деген пікір бар. Грек тілінде «күшті, мықты» деген мағына береді. Бірнеше аллотропиялық түрөзгерісі белгілі.
Ақ мышьяк ертеректе у ретінде қолданылған; адам үшін өлімге әкелетін мөлшері шамамен 20–30 мг. Улылығына қарамастан, ақ мышьяк стоматологияда қолданылған. Сондай-ақ жартылай өткізгіш ретінде микросхемалар, транзисторлар, күн батареяларын өндіруде маңызды.
Сурьма
Stibium SbСурьмадан жасалған ыдыстар б.з.д. 3400 жыл бұрынғы Оңтүстік Вавилониядан табылған. «Стиби» — сурьма жылтыры, ал «антимонт» — сурьманың күкіртпен қосылысы түріндегі табиғи минералдар.
Сурьма кейбір металдарды еріту қабілетіне ие. Атауы түрік тіліндегі «сүрме» (жағу, бояу) сөзінен шығуы мүмкін, өйткені оның ұнтағын қас пен көзді бояуға пайдаланған. Улы болғанымен, дұрыс қолданғанда емдік әсер береді және медицинада қолданылады.
Висмут
Bismuthum BiВисмут ұзақ уақыт бойы қорғасын және қалайымен шатастырылып келген. Неміс тіліндегі «висмут» атауы арабтың «сурьмаға ұқсас» деген сөзінен тараған деген түсінік бар. 1642 жылы жарық көрген «Алхимия сөздігінде» «Бизематум — сұр түсті, жеңіл әрі арзан қорғасын» деп сипатталған.
Толық зерттелуі XVIII ғасырда қарқын алды. Қазіргі кезде висмут оксидтері керамикалық бояулар өндірісінде қолданылады.
Қорытынды және бағалау
Нәтиже
Бағалау парағы бойынша ұпайлар есептеліп, қорытынды баға қойылады. Рефлексия парағы арқылы оқушылардың сабаққа көзқарасы мен өз бағалауы анықталады.
Өсиет сөз
«Жер бетінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, білімменен аспанға жол салынар», — деп Ж. Баласағұн айтқандай, білім жолында қанаттарың талмасын. Тәуелсіз еліміздің есімін әлемге паш ететін саналы, абыройлы, білімді ұрпақ болып өсіңдер!