Толықтауыш - Сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше
Сөйлем мүшелері — сөйлем құрауға қатысатын, толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер. Сөйлем мүшелері екі топқа бөлінеді: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер.
Тұрлаулы мүшелер
Сөйлем құраудың негізі болады.
Тұрлаусыз мүшелер
Өздігінен сөйлем құрай алмайды; тек сөйлемдегі ойды толықтырып, нақтылап тұрады.
Тұрлаулы мүшелер
Бастауыш
Бастауыш — сөйлемде айтылған ойдың иесі болатын мүше.
Сұрақтары
кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? кімім? нем? кіміңіз? неңіз? кіміміз? неміз? кімдерің? нелерің? кімдеріңіз? нелеріңіз?
Мысалдар
- Жазда күн өте ыстық болды.
- Достарым осы жарыста жеңіп шықты.
- Үшеуі сыртқа шықты.
- Кеншілер сарайы адамға лық толы.
Баяндауыш
Баяндауыш — сөйлемді тиянақтап тұратын мүше. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
Мысалдар
- Біз тауға шықтық.
- Оның ойы үйге ертерек жету еді.
- Оның алғаны — кітап.
- Күн ыстық.
- Оның түсі қара торы.
- Ауыл мәдениеті өсіп келеді.
Тұрлаусыз мүшелер
Анықтауыш
Анықтауыш — сөйлемдегі басқа мүшелердің сын-сипатын анықтайтын мүше.
Сұрақтары
қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?
Толықтауыш
Толықтауыш — сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше.
Сұрақтары
кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен?
Пысықтауыш
Пысықтауыш — сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін және т.б.) анықтайтын мүше.
Сұрақтары
қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашаннан бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен? қаншалықты?
Ескерту
Сөйлем мүшелері тақырыбы бойынша тапсырмаларда әр мүшені анықтау үшін алдымен сөйлемнің баяндауышын, кейін бастауышын тауып, содан соң тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы белгілеу тиімді.