Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Қазақ тілі • 8-сынып • Күнделікті сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Бұл жоспар қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдерді танытуға, жасалу жолдарын меңгертуге және теорияны тәжірибеде қолдануға бағытталған.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақ әдістері
- Сұрақ-жауап
- Іздендіру
- Шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер
- Тірек сызбалар
- Кеспе қағаздар
- Қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, орыс тілі
Жылдық жоспардағы тақырыптар (үзінді)
41-тақырып
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
42-тақырып
Мезгіл бағыныңқы сабақтас
43-тақырып
Себеп бағыныңқы сабақтас
44-тақырып
Қимыл-сың бағыныңқы сабақтас
45-тақырып
Мақсат бағыныңқы сабақтас
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлемдер бойынша алған теориялық білімді практикада қолдану; ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
Ойлау қабілеті мен қиялды дамыту; ой қорытып, нақты шешім қабылдауға үйрету және өзіне деген сенімділікті арттыру.
Тәрбиелік
Сауатты жазуға және ұқыптылыққа баулу; топпен жұмыс барысында бір-бірін тыңдай білуге үйрету; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Сынып тазалығына көңіл бөлу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасы сұралады. Оқушыларға тақырыпты еске түсіретін бірнеше сұрақ қойылады.
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Анықтама: Басыңқыдағы іс бағыныңқыда айтылған іске қарсы қойылып берілетін сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.
Сұрақтары
- Қайтсе де?
- Не етсе де?
- Қайткенмен?
- Не еткенмен?
Негізгі ой
Бағыныңқы сөйлем әрекеттің жүзеге асуына қарамастан (қайшылық мәнде) басыңқыдағы іс-әрекеттің болғанын немесе болатынын білдіреді.
Жасалу жолдары және үлгілер
1) -са да, -се де
Мысал: Қыс келсе де, қар жаумады.
2) -ғанмен, -генмен, -қанмен, -кенмен
Мысал: Қыс келгенмен, қар жаумады.
3) (-а, -е, -й) + тұра
Мысал: Қыс келе тұра, қар жаумады.
4) (-ғанына, -геніне, -қанына, -кеніне) + қарамай / қарамастан
Мысал: Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.
5) (-ғаны, -гені, -қаны, -кені) + болмаса
Мысал: Қыстың келгені болмаса, қар жаумады.
6) -ғанша, -генше, -қанша, -кенше
Мысал: Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.
Баяндауыштың жасалу жолдары (жинақ)
а) Шартты рай + да/де
Мысал: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.
ә) Шартты райдың болымсыз түрі
Мысал: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.
б) Есімше + көмектес септік (-мен)
Мысал: Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.
Ескерту: Кейде -мен тұлғасына да/де шылауы қосылады: Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады.
в) Есімше + -ша/-ше
Мысал: Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.
г) Көсемше (-а, -е, -й) + тұра
Мысал: Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.
ғ) (-ғанына...) + қарамастан / қарамай
Мысал: Отыз екі жасқа келгеніне қарамастан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.
Қажет болса, «Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары» тақырыбы бойынша кесте (тірек сызба) ұсынылады.
4) Жаттығумен жұмыс
129-жаттығу орындалады.
5) Білімді бекіту
Өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойылады. Түсінбеген тұстарға түсіндіру жұмысы жүргізіледі.
6) Бағалау
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауы және жаңа сабаққа белсенді қатысуы ескеріле отырып бағаланады.
7) Үй тапсырмасы
125-жаттығу
Толық нұсқасын қарап келу.