Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны

Сабақтың барысы

Әр турға үш оқушыдан қатысады. Ең бірінші дұрыс жауап берген ойыншы жеңімпаз атанып, келесі турға өтеді. Келесі кезеңдерде тур жеңімпаздары өзара сайысқа түседі.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті жиналған қауым, ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Бүгінгі «Ғажайып алаң» интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! Ендеше, ойынымызды бастайық.

I тур

Тапсырма

Сұрақ: Ақ алтын?

Жауабы: Мақта

I турдың жеңімпазы: ___________________________

II тур

Тапсырма

Жұмбақ:
Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым,
Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым.
Қызарып сол бояудан шыққан таяқ,
Ұрғанда созылады — қайран қалдым.

Жауабы: Темір

II турдың жеңімпазы: ___________________________

III тур

Тапсырма

Сұрақ: Жұқа киізден жасалған желбегей сырт киім?

Жауабы: Бурка

III турдың жеңімпазы: ___________________________

Көрермендермен ойын

Блиц

Сұрақ: Өсімдіктің маңызды мүшелерінің бірі?

Жауабы: Сабақ

Мәре тапсырмасы (финалистер)

Шешуші кезең

Қария үсті тақтай, асты тақтай,
Үйрегі жиырма төрт қонған баққа-ай.
Ұшқанда бір-біріне қарсыласып,
Соқтықпай ұшады екен қанат қақпай.

Жауабы: Дойбы

Бүгінгі ойынның жеңімпазы: ___________________________

Мәре тапсырмасы (жеңімпаз)

Қосымша

Дүниеде бір нәрсе бар — бек қуатты,
Бойына жиып алған салтанатты.
Төбеде екі түрлі айдары бар,
Жүреді су сабалап құс қанаты.

Жауабы: Пароход

Бүгінгі ойынның жеңімпазы: ___________________________

Супер ойын

Финал

Тапсырма: Өсімдіктің топырақ астындағы сабағының жуанданған жері қалай аталады?

Жауабы: Түйнек

Бүгінгі ойынның жеңімпазы: ___________________________

Қорытынды

Енді жеңімпазымызды құттықтауға рұқсат етіңіздер. Ойынға қатысқан барлық оқушыларға сыйлықтар табысталады. Баршаңызға көп рақмет! Ойынымыз аяқталды. Келесі ойында кездескенше. Сау болыңыздар!

Автор туралы мәлімет

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№25 қазақ қыздар гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: А. С. Еликбаева