Сабақ оқып отырғаны нешеу
1-сыныпқа арналған қорытынды сабақ
- Сабақтың тақырыбы
- Қорытынды сабақ
- Сабақтың түрі
- Қайталау
- Мақсаты
- Ата-аналарға оқушылардың білім деңгейін көрсету; төрт түлік туралы алған білімдерін пысықтау; өрнектерді салыстыру, оқу және шапшаң есептеуге дағдыландыру; сөздік қорын дамыту.
- Көрнекілігі
- Суреттер, слайд
- Әдіс-тәсілдері
- Талдау, жинақтау, салыстыру
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Әр оқушы өзін таныстырып, есімінің алғашқы әрпінен басталатын сын есім айтады.
Сұрақ-жауап
- Балалар, бүгін бізге қонаққа кімдер келіп отыр?
- Ата-аналарымызға күнделікті оқып жүрген білімімізді көрсетейік.
2) Негізгі бөлім
Алдымыздағы кеспе қағазда берілген сөйлемдерді кезекпен оқып шығайық.
Жұмбақтар
-
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: Қой
-
Екі айнасы бар, екі найзасы бар.
Жауабы: Сиыр
-
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті — дәрі, еті — тамақ.
Жауабы: Жылқы
-
Иір-иір денесі, сахараның кемесі. Ащы шөптер — тамағы, шөлге шыдап бағады.
Жауабы: Түйе
Сұрақ
Бұлар нелер?
Кілт ұғым: төрт түлік
Төрт түлік туралы мәтін
Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Ішсе — асы, кисе — киімі, мінсе — көлігі болған. Сүтін де емдікке пайдаланған. Қазақ халқы төрт түліктің бабын жасаған.
Түйе
Қырық күн шөлге шыдайды. Жүк артса — көлік, жесе — ет, жүні киімге жарайды. Түйе жүнінен киім тоқыған, сүтінен шұбат жасаған.
Жылқы
Жылқыны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат деп атайды. Жүйріктігі мен қасиетіне қарай жорға, жүйрік, тұлпар, арғымақ деп те атаған. Сүтінен қымыз ашытқан.
Сиыр
Сиыр малы момақан. Ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік — сиырдың берекесі.
Қой және ешкі
Қой — қазақтың ең сүйікті малы: өсімтал, момақан, тез ет алады, сүті майлы әрі жұғымды. Қой жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. Ешкі де өсімтал, еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы.
Түйе мен жылқыны, сондай-ақ өгізді көлік ретінде пайдаланады: шанаға, арбаға, жүкке жегеді және салт мінеді.
Пәнаралық байланыс және сергіту
Сәйкестендіру тапсырмасы
«Ненің қорегі?» тақырыбы бойынша (дүниетану сабағымен байланыс) сәйкестендіру тапсырмасы орындалады.
Сұрақ
Тоқылдақ туралы не білеміз?
Сергіту сәті: «Тоқылдақ»
Орманның біз емшісіміз, Тоқ-тоқ-тоқ. (Партаны 3 рет ұрады.)
Құрт біткенді жоқ етеміз, Жоқ-жоқ-жоқ. (Қолмен «жоқ» қимылын көрсетеді.)
Жоқ-жоқ-жоқ, Тоқ-тоқ-тоқ. (Қимылмен қайталайды.)
Диктант жұмыстары
Көру және есте сақтау диктанты
«Жайлауда»
Атам жазда жайлауда болады. Онда сиыр, қой, жылқы бар. Мен қозы бақтым.
Көлемі: 12 сөз
Бақылау диктанты
«Достар»
Айгүл мен Назгүл бірінші сыныпта оқиды. Екеуі дос. Олар сабаққа бірге дайындалады. Назгүлдің әкесі екеуін мұражайға апарды.
Сергіту сәті: «Түн — Күн»
Нұсқа 1
«Түн». (Балалар партаға жатады.)
Мұғалім партаны 4 рет тоқылдатады.
Сұрақ: Мұғалім неше рет тоқылдатты?
«Күн». (Балалар орындарынан тұрады.)
Нұсқа 2
«Түн». Мұғалім 3 рет шапалақтайды.
Сұрақ: Мұғалім неше рет шапалақтады?
«Күн».
Математика бөлімі
Сандар мен өрнектер туралы қай сабақта үйренеміз? Ендеше, математика дәптерімізді ашайық.
1-тапсырма
Сандардан өрнек құрастыру, оларды оқу.
2-тапсырма: логикалық есептер
- Салтанаттың жасы — 2-де, Бақытжанның жасы — 7-де. Екеуін қоссаң, Сәулеттің жасы шығады. Егер Сәулеттен 3 жасты шегерсең, Сағаттың жасы шығады. (Жауабы: 6)
- Бес алманың үшеуін досың сұрап алады. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады? (Жауабы: 2)
- Өзінде бас та, қас та, мойын да жоқ. Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Жауабы: сызғыш)
3-тапсырма: сөз есеп
Класта 10 оқушы сабақ оқып отыр еді. Оның 3-еуі ұйықтап қалды. Сабақ оқып отырғаны нешеу?
4-тапсырма: салыстыру
Өрнектер
5 × 6 □ 4 × 3
Өрнектер
1 + 2 × 4 □ 2 + 3 × 5
Өрнек
6 × 8 − 2
Нұсқау: <, > немесе = белгісін қойып салыстырыңыз.
Қорытынды бөлім
Қорытынды
Оқушылардың оқу, жазу, дүниетану және математика бойынша меңгерген білімдері қайталанып, жүйеленеді.
Бағалау
Оқушылардың жұмыс белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Төрт түлік туралы жұмбақтарды қайталау және мәтін мазмұнын әңгімелеуге дайындалу.
Үйге: жұмбақтарды қайталау
-
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Қой
-
Екі айнасы бар, екі найзасы бар.
Сиыр
-
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, мінсең қанат, сүті — дәрі, еті — тамақ.
Жылқы
-
Иір-иір денесі, сахараның кемесі. Ащы шөптер — тамағы, шөлге шыдап бағады.
Түйе
Сұрақ
Бұлар нелер?
Жауабы: Төрт түлік