Кейде кенет баяулап, Жер бауырлап жаяулап
Мағжан Жұмабаев
Қараңғы түн, сары дала,
Көрінбейді айнала.
Боран соғып тұр борап,
Жолды басқан құр сорап.
Астымдағы жануар
Құлағын қайшыландырып,
Зорға борт - борт желеді,
Ызғарлы жел долданып,
Екі иінінен дем алып,
Ішін тартып осқырып,
Кейде қатты ысқырып,
Аңдай ұлып бір мезгіл,
Екі санын шапақтап,
Біресе сақ - сақ күледі...
Кейде кенет баяулап,
Жер бауырлап жаяулап.
Аузы - басы жыбырлап,
Асып - сасып сыбырлап,
Жерді жапқан кебінді.
Сүйіп ақырын құшақтап,
Әпсүн оқып үреді.
Барады үдеп бұл боран
Жанымда жоқ тірі жан.
Тоңазыды денем де.
Адаспай дұрыс келем бе?
Қорқып жүрек ойнайды,
Көз алдыма елестеп,
Әлде нелер келеді.
Боранын тәңір ашпады,
Жол білінбей бастады,
Көрінген бір жарық жоқ,
Босаңсиды Қаракөк...
Сар далада адасып,
Суық кебін жамылып
Қаларын кім біледі?..
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі- Мағжан Жұмабаев
Поэзия шеңберінің тәңір табынарлықтай құдіреті өлеңді
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Мағжан Жұмабаевтың еңбектері
Мағжан Жұмабаевтың Мен кім
Мағжан Жұмабаевтың халқына сіңірген еңбегі
Мағжанның өлеңдері туралы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
1986 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ
Қорадағы ешкілер мазасызданса ауа райы қолайсыз болудың белгісі
Ресей Федерациясындағы жерге меншік және жер пайдалану құқығы
Алтай осы жерден басталады
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Жер үсті ж/е жер асты суларының ластануы.
Жер-су реформасы.
Біз бүгін қай жерде тұрмыз
Қазақстан жер қыртысы ресурстары оны пайдалану және қорғау
Қазақстандағы жер ресурстарын басқарудың казіргі жүйесін қалыптастыру әдіснамасы