Ұшып келген құс көкшымшық

Бастауыш сыныпқа арналған танымдық сабақ жоспары

10 саны және 10 санын жазу

Түрі: танымдық сабақ Типі: жаңа білім меңгерту Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгінгі сабағымызға қонақтар — мұғалімдер келіп отыр. (Сәлемдесу)

Психологиялық дайындық

Қуан, шаттан, қуан, шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін.

Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді ортаға салып, қыстап қалған құстарға көмектесулерің керек. Біз құстарды жемшашарға «қондырамыз».

1-тапсырма: Бой жазу (сұрақ-жауап)

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  1. Төртбұрышта неше бұрыш бар?
  2. Қосуға кері амалды ата.
  3. Бір аптада неше күн бар?
  4. Оқу жылы қай айдан басталады?
  5. 2 + 3 қанша болады?
  6. Шеңберде бұрыш бола ма?
  7. 3 кг темір ауыр ма, 3 кг мақта ауыр ма?
  8. 9 саны қалай шығады?
  9. Партаның неше бұрышы бар?
  10. Бір бұрышын алып тастаса, қанша бұрыш қалады?

Жемшашарға торғай ұшты

Құс туралы қысқаша мәлімет

Торғай — ең таныс құс. Ол адамның жанында жиі кездеседі: адам бар жерде торғай да бар. Көбінесе топталып жүреді. Ұясын әртүрлі жерге сала береді, тіпті көше шамдарына немесе пошта жәшіктеріне де ұялайды. Бір жазда екі рет ұя салуы мүмкін.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Беске бесті қосамыз, Алақанды соғамыз.

Сұрақ: 5 + 5 қосқанда қанша болады?
Жауап: 10.

Демек, торғай бізге алып келген сан — 10.

Дағды

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

Сұрақ

10 санын қалай атауға болады?

Тіл дамыту

Үй құстарына қандай құстар жатады? Тауықтың баласын қалай атайды?

Жаңа сабақ

1) Сурет бойынша түсіндіру

Оқулықтағы балапандарды санаймыз. Не өзгергенін байқаймыз. Осыдан мына өрнектер құралады:

9 + 1 = 10

Теңдік

10 > 9

Теңсіздік

10 − 1 = 9

Теңдік

9 < 10

Теңсіздік

Оқушылар өрнектерді оқып, олардың теңдік немесе теңсіздік екенін ажыратады.

2) Суретпен жұмыс

Суреттегі теңіз әскерлерінің санын өсу ретімен жазып шығу.

Жемшашарға суықторғай ұшты

Құс туралы қысқаша мәлімет

Суықторғай орманды жерлерде өмір сүреді. Қазақстанда көбіне қазан айынан наурыз айына дейін кездеседі. Олар қыс мезгілінде бізге қыстауға ұшып келеді.

2-тапсырма: 10 санын жазуға үйрету

Сұрақ: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары қандай сандар?
Сұрақ: 10 саны неше таңбадан тұрады?

10 — екі таңбалы сан.

Жазылуын түсіндіру

  • 10 саны екі торкөзге жазылады.
  • Алдымен 1, содан кейін 0 жазылады.
  • Партада дұрыс отыру ережесі еске түсіріледі.

Оқулықтағы теңдіктерді көшіріп жазып, мәнін табу.

Жемшашарға қарға ұшты

Құс туралы қысқаша мәлімет

Қарға — бәрімізге таныс құс. Ол қорек талғамайтын құстардың қатарына жатады: кейде ұсақ құстарды, балапандарын немесе жұмыртқаларын да жеп қояды. Қарғалар ұзақ өмір сүреді деген дерек бар (кей деректерде 100 жылға дейін деп айтылады).

4-тапсырма: Қолдану және бекіту

1) Өлшеу

Кесінділерді өлшеп, салыстыру.

2) Ақшамен жұмыс

Жиектегі тапсырма: 10 теңге шыға ма?

3) Тақтамен жұмыс

Сурет бойынша теңдік құрастыру.

Жемшашарға көкшымшық ұшты

Құс туралы қысқаша мәлімет

Көкшымшық көбіне Алатау мен Алматы өңірінде кездеседі, басқа аймақтарда сирек ұшырасады. Жылына екі рет балапан басады. Қоректендіретін адам болса, жемшашарға жиі келеді. Зиянды жәндіктерді көп жойып, табиғатқа пайда келтіреді.

Сергіту сәті

Оңға, оңға, түзу тұр, Солға, солға, түзу тұр. Алға қарай бір қадам, Жоғары-төмен қараймыз, Орнымызды табамыз.

5-тапсырма: Өздік жұмыс

1) Өрнектің мәнін табу

Берілген өрнектерді есептеу (оқулық бойынша).

2) Ойын: «Ойлан, тап!»

10 санына жеткізетін толықтыруларды табу:

10 − 8

= 2

10 − 3

= 7

10 − 6

= 4

10 − 5

= 5

Жемшашарға қайшыауыз ұшты

Құс туралы қысқаша мәлімет

Қайшыауыздың тұмсығы ерекше: ұштары айқасып, қатты майысып келеді. Ол сол тұмсығымен шырша бүрлерін ашып, тұқымын теріп жейді.

6-тапсырма: Ойын және ауызша есептеу

1) Ойын: «Менің орным қайда?»

Сандар қатарындағы орнын табу және салыстыру.

2) Тізбекті орындау (ауызша)

Берілген тізбекті амалдарды ауызша орындау.

Жемшашарға тоқылдақ ұшты

Құс туралы қысқаша мәлімет

Тоқылдақты біз кішкентай кезімізден білеміз. Оны «орман емшісі» деп атайды: ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. Тоқылдақтар көбіне жеке жүреді, топталып ұшпайды.

7-тапсырма: Есептер және 10 санының құрамы

1) Есеп

«Балықшы қанша балық ұстап алды?» (оқулық бойынша есеп).

2) Топтық жұмыс

Екі топқа кесте беріледі. Оқушылар 10 санының құрамын жазады.

0 + 10
1 + 9
2 + 8
3 + 7
4 + 6
5 + 5
6 + 4
7 + 3
8 + 2
9 + 1

Жемшашарға көгершін ұшты

Құс туралы қысқаша мәлімет

Көгершінді кей жерде «кептер» деп те атайды. Кептердің түрлері көп, кейбірі Қызыл кітапқа енгізілген. Көгершін — бейбітшіліктің символы ретінде танылады.

Қорытынды

Сабақ соңында бағалау парағы бойынша жеңімпаз топ анықталады. Әр оқушының жұмысы бағаланып, мадақталады.

Автор туралы

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаратөбе ауылы, «Б. Тамабаев атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі — Жалғасова Лаура Сайлаубаевна.