Қосмекенділерді қорғау
№4 Мәртөк орта мектебі
Биология пәні мұғалімі: Кужекова Орунгуль Рахметовна
Сабақтың тақырыбы
Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты және құйрықсыз қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау.
Сабақтың өтілу әдісі
Ауызша жұмыс және деңгейлік ойлау дағдылары: білу, түсіну, талдау, жинақтау.
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
Оқушылардың білімін тереңдету мақсатында қосмекенділер, олардың тіршілігі және түрлері туралы мағлұмат беру. Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекетін, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын талқылау. Қазақстанда кездесетін, Қызыл кітапқа енген қосмекенділер түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы
Әртүрлі білім көздерін қолдана білу дағдыларын дамыту (мәтін, сурет, жинақтамалар, слайдтар, электронды оқулықтар). Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелілігі
Еліміздегі әрбір тіршілік иесіне жауапкершілікпен қарауға ықпал ету. Сирек кездесетін қосмекенділерді таныстыра отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу және келешек ұрпақтың табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу
- 2 Түгелдеу
- 3 Сабаққа даярлау
II. Үй тапсырмасын сұрау
Тақырып: «Қосмекенділер мекені». Слайдта бақаның ішкі және сыртқы құрылысына қатысты суреттер көрсетіледі. Осы материалдар арқылы оқушылар бақа туралы жүйелі ақпарат алады.
- 1. Бақаның қаңқасы
- 2. Қанайналым жүйесі
- 3. Жүйке жүйесі
- 4. Сыртқы құрылысы
- 5. Зәр шығару жүйесі
- 6. Ас қорыту жүйесі
- 7. Көбеюі
- 8. Тыныс алуы
III. Сергіту сәті
Биологиялық басқатырғы: басқатырғының басталар жерін тауып, сызық бойымен оқығанда бақаның қоршаған ортаға бейімделуі туралы сөйлем шығады.
Толық нұсқасын жүктеу.