Сайыскерлермен таныссақ

Интеллектуалды ойын сценарийі

«Тіл тағдыры – ұлт тағдыры»

Бұл зияткерлік сайыстың негізгі мақсаты — жастардың бойындағы рухани құндылықтарды арттыру, білім көкжиегін кеңейту және мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға үлес қосу. Сонымен бірге, Отанымыздың қадір-қасиетін дәріптеп, Тәуелсіз Қазақстанның 21 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерін таныту, білімді жастардың ой ұшқырлығын сынау көзделеді.

Жүргізуші

Сәуле

Автор

Шарапат Сейдахметова

Қатысушылар

  • Диханбай Азамат

  • Мүсілімов Нұрбол

  • Өтеген Назігүл

  • Мұғинадин Назерке

  • Боранбаева Ақмарал

  • Мұрат Жұмабек

Қазылар алқасы

  • Қуанбаева Марта апай
  • Сейдахметова Шарапат апай
  • Сәрсен Гүлжанат апай

Сайыс кезеңдері

Әр кезең белгілі бір ережеге сай өтеді. Жауап беру тәртібі — қол көтеру арқылы. Бірінші болып қол көтерген және дұрыс жауап берген сайыскердің жауабы қабылданады. Егер жауап қате болса, келесі сайыскер жауап бере алады.

I кезең — «Бәйге»

Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру.

Бағалау

Әр дұрыс жауап — 1 ұпай

Сұрақтар

  1. 1. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы (Ж. Үшкемпіров)

  2. 2. Әріп дегеніміз не? (Дыбыстың таңбасы)

  3. 3. Гиппократ антын кімдер қабылдайды? (Дәрігерлер)

  4. 4. Жердің табиғи серігі? (Ай)

  5. 5. Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз не? (Газет, журнал, теледидар)

  6. 6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңгенің ең кіші номиналы (1 теңге)

  7. 7. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық, қысаң)

  8. 8. Сөйлем мен сөз тіркесін зерттейтін тіл білімінің саласы қалай аталады? (Синтаксис)

  9. 9. «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы кім? (І. Есенберлин)

  10. 10. Қазақ хандығын құрған сұлтандар? (Жәнібек және Керей)

  11. 11. Интерфейс дегеніміз не? (Адам мен компьютер арасындағы байланыс)

  12. 12. Әлемге әйгілі компьютер бағдарламаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы (Билл Гейтс)

  13. 13. Ақпараттық үдерістерді зерттейтін ғылым? (Информатика)

  14. 14. Қазақ күй өнерінің классигі? (Құрманғазы)

  15. 15. Қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы (Ыбырай Алтынсарин)

II кезең — «Полиглот»

Әртүрлі сұрақтар беріледі. Сайыскерлер жауапты қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуы тиіс.

Бағалау

  • Қазақша жауап — 1 ұпай
  • Орысша жауап — 1 ұпай
  • Толық (3 тілде) жауап — 5 ұпай

Тапсырмалар

Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.

Жауап: ток — ток — current

Жалғыз бағыт біледі,
Бұрағаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді.

Жауап: компас — компас — compass

Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады.

Жауап: магнит — магнит — magnet

Көкке қараған, жұлдыз санаған.

Жауап: телескоп — телескоп — telescope

Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды.

Жауап: сағат — часы — clock

Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді.

Жауап: күш — сила — strength

Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан.

Жауап: энергия — энергия — energy

Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың.

Жауап: тұз — соль — salt

Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді.

Жауап: ауа — воздух — air

Нан бар жерде ... бар.

Жауап: ән — песня — song

Қыздырып соқсаң иленеді,
Балғамен төстен именеді.

Жауап: темір — железо — iron

III кезең — «Мақал-мәтел»

Жоғары ұпай жинаған екі сайыскер тіл және Отан тақырыптарына байланысты мақал-мәтел айтып жарысады.

Бағалау

Әр мақал-мәтел — 1 ұпай

Жүргізушінің сөзі

Армысыздар, егемендігі бар, тәуелсіздігі бар азат елдің жалындаған жастары! Бүгінгі сайыс — білімді шыңдап, рухани құндылықтарды ұлықтайтын, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған тағылымды кездесу.