Вертикаль бұрыштардың біреуі 300, қалған бұрыштарды тап

Озық ойлы дарындылар (сыныптан тыс шара, 7-сынып)

Мақсаты

Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру; алған білімдерін қорытындылау; ой-өрісін, танымдық қабілетін, ынтасын және шығармашылық белсенділігін дамыту; шапшаңдық пен тапқырлыққа баулу.

Бағалау

  • Көптеген кезеңдерде дұрыс жауапқа ұпай беріледі.
  • Ұпайлар тапсырма түріне қарай сараланады.
  • Жылдам әрі дәл жауап — басты талап.

Сайыстың кезеңдері

I. Ой ашар

Жедел сұрақ-жауап: 10 сұрақ, әр дұрыс жауап — 5 ұпай.

II. Ғажайып алаң

Математика және информатика бойынша деңгейлік ұяшықтар.

III. Жүз бір жұмбақ

Жұмбақ шешу: әр дұрыс жауап — 5 ұпай.

IV. Адасқан әріптер

Әріптері араласқан сөздерді түзету: әр сөз — 3 ұпай.

V. Біреуі артық

Артық сөзді/әріпті/суретті анықтау тапсырмалары.

VI. Мың бір мақал

Компьютерге бейімделген мақалдардың өмірдегі нұсқасын табу: әр жауап — 5 ұпай.

I. Ой ашар

Қатысушыларға 10 сұрақ қойылады. Дұрыс әрі тез жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.

Жедел ойлау • Логика • Нақты жауап
  1. 1. Сағат түнгі 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

    Жауабы: Жоқ.

  2. 2. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық отыр?

    Жауабы: 4 мысық.

  3. 3. Компьютердің «миы» қалай аталады?

    Жауабы: Процессор.

  4. 4. Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

    Жауабы: Бір бала асықты дорбасымен бірге алды.

  5. 5. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

    Жауабы: Интерфейс.

  6. 6. Компьютер жадының қандай түрлері бар?

    Жауабы: Ішкі жад, сыртқы жад.

  7. 7. Компьютердің негізгі құрылғыларына нелер жатады?

    Жауабы: Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан.

  8. 8. Тышқан құрылғысының неше түрі бар?

    Жауабы: 3 түрі бар: сымсыз, лазерлік, механикалық.

  9. 9. «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

    Жауабы: Жер өлшеу.

  10. 10. Қандай екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең?

    Жауабы: 5 пен 3.

II. Ғажайып алаң

Бұл кезеңде математика және информатика пәндері бойынша ұяшықтардың деңгейіне қарай сұрақтар жасырылған. Әр ұяшыққа сәйкес ұпай беріледі (20/30/40).

Математика

  • 20 ұпай

    y = x2 функциясының графигі қалай аталады?

    Жауабы: Парабола.

  • 30 ұпай

    Сыбайлас бұрыштардың біреуі 40° болса, екіншісі неше градусқа тең?

    Жауабы: 140°.

  • 40 ұпай

    Вертикаль бұрыштардың біреуі 30°. Қалған бұрыштарды тап.

    Жауабы: 150°, 30°, 150°.

Информатика

  • 20 ұпай

    Қазіргі компьютерлер нешінші буынға жатады?

    Жауабы: IV буынға.

  • 30 ұпай

    Ең алғашқы электронды машина қалай аталды және қай жылы жасалды?

    Жауабы: ENIAC, 1946 жылы.

  • 40 ұпай

    Аналық тақшада қандай құрылғылар орналасқан?

    Жауабы: Процессор, шиналар, жедел жад, тұрақты жад, микропроцессорлық кешен.

III. Жүз бір жұмбақ

Әр дұрыс жауап — 5 ұпай.

  1. Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.

    Жауабы: Монитор.

  2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі, түсі сұр, құйрығы ұзын.

    Жауабы: Тышқан.

  3. Ұзынтұра жалқаубек, тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан ешбір белгі қалмайды.

    Жауабы: Бос орын пернесі.

  4. Бұтақ орнында мың бір инесі, компьютер жаны — мекені.

    Жауабы: Кактус.

  5. Биологияда бұл — паразит, көзге зорға көрінер. Информатикада — өлшем бірлік, ақпаратты өлшер.

    Жауабы: Бит.

  6. Ақпаратты қағаздан компьютерге енгізетін құрылғы.

    Жауабы: Сканер.

  7. Тетігін бассаң алаңсыз, жазады қалам — қағазсыз.

    Жауабы: Пернетақта.

  8. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да. Ұзындығы жазулы тұр бойында.

    Жауабы: Сызғыш.

  9. Батырмасын басасың, қажетті файлды ашасың.

    Жауабы: Тышқан.

  10. Пернетақта ауылында тұратын Пернелік деген атаның 12 ағайынды баласы бар. Немерелерінің есімдері қызық: бәрі тек «F» әрпімен басталады.

    Жауабы: Функционал пернелер.

IV. Адасқан әріптер

Әр дұрыс сөз — 3 ұпай.

Берілген сөздердегі әріптердің орны ауыстырылған. Әріптерді дұрыстап орналастырып, компьютер құрылғылары мен информатика терминдерін табу керек.

Берілген сөз Дұрыс жауабы
Ретьюмопк Компьютер
Демом Модем
Лайф Файл
Ротином Монитор
Нирперт Принтер
Красен Сканер
Шытқан Тышқан
Тиврсутиан Антивирус

V. Біреуі артық

Берілген қатардан артық сөзді, артық әріпті немесе артық элементті анықтап, алып тастау керек.

Тапсырма 1

Ақпарат, код, кодтау кестесі, әріп, байт

Тапсырма 2

Принтер, сканер, модем, пернетақта, жүйе, шиналар

Тапсырма 3

Бинот, комляандяма, авиоркус

VI. Мың бір мақал

Әр дұрыс нұсқа — 5 ұпай.

Оқушыларға компьютер тақырыбына бейімделген мақал-мәтелдер беріледі. Мақсат — олардың күнделікті өмірде қолданылатын бастапқы нұсқаларын табу.

1) «Жігітті компьютеріне қарап, бағала.»

Дұрыс нұсқа: «Жігітті досына қарап, бағала.»

2) «Байт биттен құралады.»

Дұрыс нұсқа: «Теңге тиыннан құралады.»

3) «Вирустан қорыққан, интернетке шықпас.»

Дұрыс нұсқа: «Шегірткеден қорыққан, егін екпес.»

4) «Компьютердің жұмысы — иесіне мәлім.»

Дұрыс нұсқа: «Аттың сыры — иесіне мәлім.»

5) «Антивирусы күштіні вирус ала алмайды.»

Дұрыс нұсқа: «Досы күштіні — жау алмайды.»