Дала өсімдіктері жануарлары туралы білімді өзбеттерінше ұғынуына қолайлы орта құру

Сабақ жоспары

Темиртаева Калдыкүл Мейрамбековна — бастауыш сынып мұғалімі, №53 мектеп-лицей, Астана қаласы

Пән

Дүниетану

Сынып

4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Дала өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты

Дала өсімдіктері мен жануарлары туралы білімді оқушылардың өз бетімен түсінуіне қолайлы орта құру және оқушылардың еркін жұмыс жасауын ұйымдастыру.

Негізгі ұстаным

Сабақта оқушының дербес ойлануы, пікірін дәлелдеуі және топта мәдениетті қарым-қатынас орнатуы басты назарда болады.

Сабақтың міндеттері

1) Мазмұнға байланысты

  • Жаңа білімді өз бетінше түсінуге және оны өз сөзімен жеткізуге бағыттау.
  • Ізденуге көмектесу және өз ойын қорғауға мүмкіндік беру.

2) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

  • Жаңа ақпаратпен жұмыс барысында зерттеуге және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.
  • Өз білімін бағалауға және оқу үдерісін реттеуге үйрету.
  • Сұрақ қоюға жетелеу.

3) Топтық жұмыс дағдыларын дамыту

  • Топтық жұмыста өзін-өзі басқаруға және мәдениетті қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
  • Бірін-бірі сыйлауға және өзгенің ойын құрметтеуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер

Білім

Оқушы дала өсімдіктері мен жануарлары туралы жаңа білім қалыптастырады және мазмұнды түсіндіре алады.

Ойлау

Пікірталаста өзін көрсете алады, мазмұнды зерттейді, ойын ашық айтып, көзқарасын дәлелдеуге үйренеді.

Ынтымақтастық

Бірін-бірі тыңдауға дағдыланады, сөз бөлмеуді, сұрақ қоюды, өзін бағалауды және сыпайы сөйлеуді меңгереді.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

Негізгі сұрақ: «Дала өсімдіктері мен жануарлары» деген сөзді естігенде ойларыңа не оралады? Не елестейді?

Жеке Жұп Топ
  1. Жеке жұмыс: әр оқушы өз ойларын қағазға түсіреді.
  2. Жұптық талқылау: жаңадан жазған ойлары бойынша пікір алмасады.
  3. Топтық жұмыс: ойларды біріктіріп, ұқсас тұстарын анықтап, қағазға түсіреді.
  4. Қорғау: топтар ортаға шығып, ортақ ойларын ұсынады.

II. Мағынаны ашу

Мәтінді оқу арқылы жаңа ақпаратты меңгеру және бұрынғы біліммен байланыстыру.

Оқу Талдау Галерея
  1. Оқу: мәтінді оқып, әр оқушы өз түйген дара ойын қағазға жазады.
  2. Жұптастыру: жаңа білімді бұрынғы біліммен ұштастырып, білгенін айтып пікірлеседі.
  3. Топтық қорытынды: ортақ шешімге келіп, ұқсас ойларды плакатқа түсіреді.
  4. Постерлерді ілу: әр топ өз жұмысын сыныпқа іледі.
  5. «Галереяны шарлау»: топтар ілінген постерлерді аралап оқиды, танысады және өздерінде туған сұрақтарды әр постерге іліп кетеді.

III. Ой толғаныс

Топ жұмысының қорғалуы, сұрақтарға жауап беру және оқу нәтижесін бағалау.

Қорғау Кері байланыс Бағалау
  1. Қорғау: әр топтан бір оқушы постер қасында қалып, топтың ойларын таныстырады.
  2. Сұрақ-жауап: ілінген сұрақтарға жауап береді және талқылайды.
  3. Кері байланыс: кері байланыс парағымен жұмыс жүргізіледі.
  4. Бағалау: өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады.

Үй тапсырмасы

Эссе

«Дала өсімдіктері мен жануарларын қалай қорғаймыз?» тақырыбында эссе жазу.

Ұсыныс 1

Өсімдіктер мен жануарларға қауіп төндіретін факторларды атаңыз.

Ұсыныс 2

Қорғау жолдарына 3 нақты мысал келтіріңіз.

Ұсыныс 3

Өз ойыңызды қорытындылап, жеке жауапкершілікті көрсетіңіз.