Көктем көрінісін суреттеу
Сабақтың тақырыбы
«Жазғытұры» — Абай Құнанбайұлы
Сабақ типі
Жаңа білім беру
Сабақ түрі
Дәстүрлі сабақ
Сабақ әдістері
- Сұрақ-жауап
- Оқу, іздену
- Топпен жұмыс
- Ойын, көрнекілік
Көрнекіліктер
- Көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті суреттер
- Ақын портреті
- Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Өлеңді оқып, ақынның табиғатты және ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге мүмкіндік беру; лирика туралы алғашқы, қарапайым түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Қайталау арқылы білімді еске түсіру, оқушылардың қызығушылығын арттыру; ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік
Өмірмен байланыстыра отырып әсемдікті көре және ести білуге баулу; көргені мен естігенін көркем жеткізу арқылы табиғатты сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық
Жайнаған гүлдердің, Бақтағы жемістің, Шырынын, нәрін де — Бәрін де, бәрін де Ұнатам — Өйткені ол — Отан, Ұлы Отан!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тарау бойынша білімді тиянақтау және қайталау жұмыстары жүргізіледі.
Ширату сұрақтары
- М. Мақатаевтың өлеңі қалай аталады?
- Мақалды жалғастыр: «Қыстың қамын жаз ойла…»
- Солтүстік Мұзды мұхитта тіршілік ететін аң.
- Бозторғай ұясын қайда салады?
- Геолог деген кім?
- Даланың сәні қандай құс?
- Ит туралы жазылған мәтін қалай аталады?
- «Аспан айналып жерге түскендей» тіркесінің мағынасы қандай?
- Қыс айларын ата.
- Өлеңді жалғастыр: «Аппақ қарды омбылап…» — кімнің өлеңі, атауы қандай?
III. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
Сұрақтар
- Жыл мезгілдерін атаңдар.
- Жыл мезгілдеріне арнап өлең жазған ақындарды атаңдар.
Тапсырма
«Мен бастаймын, сендер аяқтайсыңдар…» (үзінділердің авторын анықтау).
Кіріспе ой
Қыс мезгілінде Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда: «Аппақ қардан омбылап, көктем іздеп келем мен…» деген жолдар арқылы көктемді аңсаған едік. Бүгін сол іздеген көктемге жетіп, Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.
Абай барлық мезгілге өлең арнаған. Мұғалім ақынның өмірі туралы қысқаша мағлұмат беріп, туған жерін картадан көрсетеді.
2) Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді түсініп, іштей оқу
- Кезекпен оқу
- Мәнерлеп оқу
Сөздік жұмыс
- «Масатыдай құлпырар»
- Кілемдей түрленер, құлпырар.
- «Анталаса»
- Топтала, үйіріле.
- «Мазатсып»
- Рақаттану, масайрау.
3) Өлеңге талдау
Тақтадағы бағыттаушы сұрақ
«Өлеңді оқығанда көктем табиғатынан құлағыңа қандай дыбыстар естіледі?»
Іздеу және дәлелдеу
Кітаптан тауып, түртіп жазып, дауыстап оқыту. Мысалдар: боздаған түйе, қорадағы малдың дауысы, дуылдаған құстар, көбелектер, сыбдыр қаққан су, балалардың дауысы, өлең мен жыр, қаз бен аққудың қиқуы.
Талқылауға арналған сұрақтар
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Бұл дыбыстар қалаға тән бе, әлде ауылға тән бе? Ақын қай жердің көктемін суреттеген?
- Ақын күннің көзін неге ұқсатады? (Күнді ата-ана мейірімімен теңестіру.)
- Көктемді көрген ақынның көңіл күйі қандай? Үзіндімен дәлелде.
- Өлеңде қандай құстар аталған? Жыл құстарын ата.
4) Дәптермен жұмыс (зерттеу тапсырмасы)
Далаға көз жіберіп, ақын жырлаған көктемнің өз жеріміздегі көктеммен ұқсастығы мен айырмашылығын жазыңдар.
| Абай көктемі | Біздің ауыл/қала көктемі |
|---|---|
|
Қыстың сызы жоқ. Түн салқын… Жер беті құлпырады. Көк шығып, айнала жап-жасыл. |
………………………………………………… ………………………………………………… ………………………………………………… |
Оқушылардың жұмыстары тексеріліп, оқытылады. Соңында қорытынды жасалады.
5) Сергіту сәті
Жаңылтпаш 1
«Шөп» сөзінің орнына қай сөз тұрғанын және қандай шөптің аты аталғанын анықтаңдар.
Көк шықты, Көктеп шықты. Көктем шықты, Көкпек шықты. З. Муфтибекова
Өз жерлеріңде өсетін қандай шөп атауларын білесіңдер?
Жаңылтпаш 2
Қай заттың түсі ауыстырылып айтылғанын табыңдар.
Көкпеңбек көктем шықты. Көк көктеп шықты. Көкпеңбек көкпек шықты. Көк те көк, Көктем де көк. З. Муфтибекова
IV. Жаңа сабақты бекіту (топтық жұмыс)
1-топ
Берілген сөйлем бойынша анықтау
«Көктегі көктем күнінің күлімдеген көзінің кірпіктері көкжиектеп көрінді.»
Бұл көктем күнінің қай мезгілі (таңғы, күндізгі, кешкі)? Дәлелдеңдер. Таңғы мезгілге тағы қандай белгілерді қосуға болады?
2-топ
Көктем көрінісін сипаттау және сурет салу
Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жанып тұрады жан лебізін. Қызыл арай, сары алтын шатырына Күннің кешке кіргенін көрді көзім.
Абай көктемді сөзбен қалай суреттегенін байқаңдар. Сендер көктемді «бояу тілімен» бейнелеп көріңдер: топ болып сурет салыңдар.
3-топ
«5 жолды өлең» құрастыру
- Зат есім
- Көктем
- Етістік
- Ағады, шулайды
- Сын есім
- Масатыдай, жылы, ата-анадай
- Сөйлем
- Жердің жүзі масатыдай құлпырады.
- Синоним
- Жазғытұры
V. Қорытындылау және бағалау
«Әңгімелеу кестесі» арқылы негізгі тұжырымдар жинақталады.
- Өлең тақырыбы
- «Жазғытұры»
- Өлең авторы
- Абай Құнанбайұлы
- Ол кім?
- Ұлы ақын, сазгер, аудармашы, қара сөздің шебері.
- Туған жері
- Семей өңірі
- Өлең не туралы?
- Көктемгі табиғаттағы өзгерістер туралы.
- Өлең қай мезгілде жазылған?
- Ертеректе.
- Өлеңді оқу арқылы не үйрендің?
- Адам да, жануар да, жалпы тіршілік атаулы көктемді қуанышпен қарсы алатынын түсіндім.
VI. Үй тапсырмасы
- «Жазғытұры» өлеңін жаттау.
- Жыл мезгіліне байланысты өлең жазу.