Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі

Сабақтың тақырыбы

Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Дене тәрбиесіндегі жалпы дамыту жаттығулары құрамындағы гимнастиканың ерекшеліктері мен оның маңызын түсіндіру.

Дамытушылық

  • Гимнастикалық жаттығулар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және олардың тәрбиелік мәнін түсіндіре білуге бағыттау.
  • Өзіндік жұмыс арқылы дене дамуының қасиеттеріне талдау жасау, ойды жүйелеу және қорытындылау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

  • Дене дамуының қасиеттерін іс-тәжірибе барысында тиімді қолдана білуге үйрету.
  • Топтық және ұжымдық жұмыс арқылы қарым-қатынас мәдениетін және адамгершілік құндылықтарын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.
  • Қозғалыс дағдыларын дамытып, негізгі дене қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  2. 2 Топты түгендеу.
  3. 3 Сабақта орындалатын жұмыс түрлерімен таныстыру.

Ақпарат

Оқу орны
Қостанай гуманитарлық колледжі
Оқытушы
Ергазина Баглан Қабдолловна
Тақырып бағыты
Дене жаттығуларына үйрету әдістемесі. Гимнастика