Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Досжанова Гүлдәрі Бақытжанқызы ұсынған сабақ жоспары.
Пән / Сынып
Әдебиеттік оқу, 3-сынып
Сабақтың тақырыбы
«Арпалыс» (З. Шүкіров)
Жалпы мақсаты
- Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру.
- Жүйелі сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға және топта жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Шыдамдылыққа, жауапкершілікке және қамқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар мәтінді оқи отырып, екі баланың ерлігін әңгімелейді және өз тұжырымын дәлелдеп айта алады.
Негізгі тәсілдер
«Ненің ізі?» ойыны, сөздік жұмыс, топтық/жұптық/жеке жұмыс, АКТ, «Ыстық орындық», «Аквариум».
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар «Шаттық шеңберіне» шақырылады, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Шаттық шеңбері (өлең жолдары)
Сәлем саған, күн нұры,
Сәлем саған, жер-ана.
Сәлем саған, достарым,
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ой қозғау: «Ненің ізі?» ойыны арқылы өткенді еске түсіру.
III. Мағынаны тану
Сынып қыс айларын атау арқылы үш топқа бөлінеді, кейін жұмбақтар шешіледі.
1-топ
Желтоқсан
2-топ
Қаңтар
3-топ
Ақпан
Жұмбақтар
- 1 Қыста бар да, жазда жоқ.
- 2 Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Дара тұлға: Зейнолла Шүкіров
Жазушы тағдыры мен шығармашылығы арқылы жігер, табандылық және білімге құштарлық идеялары ашылады.
Зейнолла Шүкіров бала кезінде түйеден құлап, соның салдарынан қатты науқастанады. Алайда ол мүгедектікке мойымай, өмірінің соңына дейін қаламын қолынан тастамаған. Мұндай қайсарлық — кейінгі ұрпаққа үлгі.
Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Зейнолла атамызды танитындардан гөрі танымайтындар көп. Бірінші курста оқып жүргенімде кітапханашыдан Зейнолла Шүкіровтің кітабын сұрағаным есімде: кітапханада автордың бірде-бір еңбегі болмай шықты, ал кітапханашыға бұл есім бейтаныс естілді.
Назар аударар ой
Егер осы материал арқылы бір адам болса да Зейнолла Шүкіров есімін танып, ол кісі жайлы аз да болса ақпарат алса — бұл үлкен жетістік.
Зейнолла Шүкіров 1927 жылдың 16 ақпанында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Екінші сыныпты аяқтаған жылы ауыр науқастанып, білімді өз бетінше жалғастырады.
Ақындық пен жазушылықты қатар алып жүріп, сан түрлі тақырыптағы туындыларын бізге мұра етіп қалдырды. 1977 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Алғашқы жинағы
«Менің достарым» атты алғашқы жинағы 1955 жылы жарық көрген.
Поэзиялық кітаптары
«Теңіз жыры» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Алау» (1966), «Сағыныш» (1970), «Адам–Жер–Ана» (1974) және т.б.
Прозалық шығармалары
«Тоғысқан тағдырлар» (1961), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Ғажайып құмыра» (1965, 1982), «Сырлы дүние хикаялары» (1966), «Ізгілік іздер» (1967), «Жас жесір» (1969), «Қиын түйін» (1973) повестері, сондай-ақ «Өткелдер» (1983) романы жарық көрген.
Мәтінмен жұмыс: бөлімдер және атаулар
Мәтін бөлімдерге бөлініп, әр бөлімге мазмұнына сай атау беріледі.
I бөлім
«Ызғырық жел»
II бөлім
«Қайратты ауылға қайтару»
III бөлім
«Шынығып, ширыққан Бақтыбай»
Тапсырмалар жүйесі
Сұрақтар мен әдістер оқушының ойлауын, талдауын және сөйлеу дағдысын дамытады.
Топтық жұмыс
- I топ: Әңгіме неге «Арпалыс» деп аталған?
- II топ: Ағалы-інілі балалар неліктен боранда қалып қойды?
- III топ: Әңгімеден қандай қорытынды түйдің?
Жеке жұмыс
Ситуациялық сұрақ
Егер сен осы балалардың орнында болып, боранда қалып қойсаң, не істер едің?
Әр оқушының жауабы тыңдалып, пікір білдіру мәдениеті қалыптастырылады.
Жұптық жұмыс
«Ненің ізі?» ойыны: аңдардың және төрт түліктің іздері таратылады. Оқушылар жұптасып талдай отырып, қай із екенін анықтайды.
Қорытындылау әдістері
- «Ыстық орындық» әдісі арқылы мәтінді қорытындылау.
- «Аквариум» тәсілі арқылы пікірталас пен бақылауды ұйымдастыру.
- АКТ құралдарын қолдану арқылы назарды шоғырландыру.
V. Рефлексия және кері байланыс
Сабақ соңында оқушылар өз оқу нәтижесін бағалап, келесі қадамдарын анықтайды.
Мен бүгін жақсы меңгергенім…
Оқушы өз жетістігін нақтылап жазады немесе айтады.
Меніңше, мен… орындай алмадым, өйткені…
Қиындықтың себебін анықтап, оны түзетуге бағыт береді.
Бағалау
«Бағдаршам», топтық бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек».
Кейінгі оқу
«Арпалыс» мәтінін мазмұндап келу.