Дене температурасы тұрақсыз
Ашық сабақ жоспары (Биология)
Сабақтың тақырыбы
Ұрықжолдастылардың аса маңызды отрядтары
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар, сүтқоректілердің суреттері мен үлгілері.
Мақсаты
I. Білімділік
Топтық және жеке жұмыс арқылы ұрықжолдастыларға тән ерекше белгілерді сипаттай алу дағдысын қалыптастыру.
II. Дамытушылық
Ұрықжолдастылардың құрылысы мен тіршілік әрекетін жорғалаушылар және құстармен салыстыру арқылы омыртқалылар туралы білімді тереңдету.
III. Тәрбиелік
Сүтқоректілердің табиғатқа және адамға тигізетін пайдасын талқылау арқылы оларды қорғауға тәрбиелеу; оқушыларды топтағы іс-әрекетті жоспарлауға, бірін-бірі тыңдай білуге баулу.
Үй тапсырмасын сұрау
Тақырыптарды қайталау: Жорғалаушылар, Құстар, Сүтқоректілер. Төмендегі белгілерді қай класқа тән екенін анықтау және салыстыру.
- 1 Іштей ұрықтанады.
- 2 Дене температурасы тұрақсыз.
- 3 Дене температурасы тұрақты.
- 4 Денесіне аралас қан тарайды.
- 5 Жүрегі төрт қуысты.
- 6 Жүрегі үш қуысты.
- 7 Қаңқасында алғаш рет кеуде қуысы пайда болған.
- 8 Төменгі көмекейі болады.
- 9 Көкет (диафрагма) пайда болған.
- 10 Денесі мүйізді қабыршақпен қапталған.
- 11 Етті қарны тіс қызметін атқарады.
- 12 Құйымшақ безі бар.
- 13 Май және тер бездері жақсы дамыған.
- 14 Жарқанат, үйректұмсық.
- 15 Қуығы болмайды.
- 16 Тістері жеке топтарға бөлінген.
- 17 Жұмыртқа салып та, тірілей де туады.
- 18 Иіс сезуі өте жақсы дамыған.
- 19 Дуадақ, безгелдек, ителгі.
- 20 Гаттерия, құбылғы.
Жаңа сабақ
Қазақстанның кең-байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 178 түрі таралған.
Негізгі түсінік: ұрықжолдасы (плацента)
Сүтқоректілер — дара жынысты жануарлар. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі — жатырда дамып, жетіледі. Жатыр қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше — ұрықжолдасы (плацента) түзіліп, зат алмасуды реттейді. Халық тілінде оны «малдың шуы» деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілер ұрықжолдастылар деп аталады.
Ой қозғау: жұмбақ
«12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі — таба алмасаң, бұл күлкі!»
(Сабақта оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған қысқа сергіту тапсырмасы ретінде қолдануға болады.)
Сүтқоректілер отрядтары (тірек сызба)
Шаталов технологиясы бойынша негізгі отрядтарды тірек-схема түрінде жинақтау:
-
Бунақденеқоректілер
-
Кемірушілер
-
Қоянтектестер
-
Қолқанаттылар
-
Жұптұяқтылар
-
Тақтұяқтылар
-
Ескекаяқтылар
-
Жыртқыштар
Отрядтарға мысалдар
Бунақденеқоректілер
Кірпі, жұпартышқан, жертесер, көртышқан.
Кемірушілер
Кәмшат, құндыз.
Қоянтектестер
Құм қояны, ор қояны, ақ қоян.
Қолқанаттылар
Салпаңқұлақты жарқанат, ақбауыр жарқанат, қатпарерінді жарқанат.
Жұптұяқтылар
Екі топқа бөлінеді: күйіс қайыратындар және күйіс қайырмайтындар. Күйіс қайырмайтындарға шошқа және бегемот жатады.
Жыртқыштар
Аю тұқымдастары
Қоңыр аю, ақ аю, ақ кеуделі аю.
Қасқыр тұқымдастары
Шибөрі, қасқыр, қарсақ, түлкі, қызыл қасқыр.
Мысық тұқымдастары
Қабылан, қамыс мысығы, шағыл мысығы, сабаншы, қарақұлақ.
Сусар тұқымдастары
Сусар, бұлғын, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю, құндыз.
Тақтұяқтылар
Құлан, тапир, керік, жылқы, тарпан, түзат.
Ескекаяқтылар
Каспий түлені.
Қызықты материалдар (Білгенге маржан)
Жануар атаулары (жынысы мен төлі)
-
Доңыз: аталығы — қабан, аналығы — мегежін, төлі — торай.
-
Бұғы: аталығы — бұғы, аналығы — марал, төлі — қодыға.
-
Елік: аталығы — күлміз, аналығы — сөге, төлі — еңлік.
-
Арқар: аталығы — құлжа, төлі — қозықа.
Ақбөкен туралы таным
Халық «Киіктің киесі бар» деп ақбөкенді ерекше қастерлейді. «Құралайдың салқыны», «текебұрқылдақ», «киіктің мойынжуары» сияқты амалдар ақбөкен тіршілігіндегі маусымдық өзгерістерді аңғартады.
Бекіту
Топтастыру стратегиясы
Негізгі ұғымдарды бір кластерге біріктіру:
-
Ұрықжолдастылар
Плацентаның болуы
-
Екі қанайналым шеңбері
Үлкен және кіші қанайналым
-
Маммология
Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым
-
Жылықандылық
Дене температурасы тұрақты
-
Жүрек құрылысы
Жүрегі 4 бөліктен тұрады
-
Көкет (диафрагма)
Тыныс алуға қатысады
I деңгей
- Клас неліктен сүтқоректілер деп аталады?
- Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер болады?
- Сүтқоректілер қандай клас тармақтарына жіктеледі?
II деңгей
- Сүтқоректілердің тістері қандай топтарға бөлінеді?
- Сүтқоректілердің есту мүшесінің ерекшелігі қандай?
- Ілкіаңдарға қандай жануарлар жатады?
III деңгей
- Сүтқоректілер қандай экологиялық топтарға бөлінеді?
- Сүтқоректілер ұрығының даму ерекшелігін сипаттаңыз.
- Құстар мен сүтқоректілердің қанайналым жүйесінің ерекшеліктері қандай?
Үйге тапсырма
Ұрықжолдастылардың негізгі белгілерін қайталау. Сүтқоректілердің 8 отряды бойынша кесте құрып, әр отрядқа кемінде 2 мысал келтіру. Құстар және жорғалаушылармен салыстыруға арналған қысқа қорытынды жазу.