Артық білім кітапта
Қарағанды қаласы
№23 ЖББО мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Каппаровна
Салауатты өмір салтын ұстануға оқушыны бейімдеу
Қазіргі таңда оқушылардың денсаулығын сақтау, білім мен салауатты өмір салтын қалыптастыру — күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі. Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл-күйі жоғары болады.
Мұғалімнің басты міндеті
Әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, оны нығайта отырып, оқуға деген құштарлығын ояту; әр баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бойындағы қабілет-қасиеттерін дамыту.
Әр сабақты сыныптың тазалығына назар аударып, оқушылардың орындықта дұрыс, түзу отыруын қадағалаудан бастаған жөн. Сонымен қатар әр мұғалім өз сабағында дені сау адамның мүмкіндігі зор екенін, денсаулық — ең құнды байлық екенін үнемі ескертіп, оқушыны салауатты өмір салтын ұстануға жүйелі түрде бағыттауы тиіс.
Салауатты өмір салты деген не?
Салауатты өмір салты — адамның күнделікті өмірінде қалыптасқан дағдысы мен әдеттері арқылы еңбек етуі, рухани және материалдық қажеттіліктерін сауатты қанағаттандыруы, саяси-қоғамдық өмірге белсене қатысуы және бос уақытын дұрыс пайдалануы.
ХХІ ғасырдағы өзекті мәселе
Цифрлық әдеттердің күшеюі
Бүгінгі күні балалар кітап оқудың орнына күндіз-түні компьютерге телміріп өсіп келеді. Бұл әдеттің денсаулыққа зиянына әрдайым жеткілікті мән берілмей жатады.
Көркем әдебиетке қызығушылықтың төмендеуі
Көркем әдебиетке қызығушылық азайған сайын, соған байланысты оқушылардың сөйлеу мәдениеті де төмендейді.
Шешім: кітап оқуды жүйелі түрде ұйымдастыру
«Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл, терең білуге. Артық білім кітапта. Ерінбей оқып көруге.»
Кітаптың балаға берері
- Алғыр ойлауға баулиды.
- Кітап — дос әрі жұбатушы.
- Ойлау және сезіну қабілетін қалыптастырады.
- Сезім мен ойды шыңдайтын «ми гимнастикасы» іспетті.
- Мазмұны арқылы рухани қолдау беріп, жігерлендіреді.
Бастауыш сынып оқушысының кітап оқуға ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру — маңызды міндет. Бұл үшін сыныпта «Кітапхана бұрышын» ұйымдастыру тиімді.
Нәтиже және ынталандыру
«Кітапхана бұрышы» арқылы «Ең үздік оқырман» атағын жариялап, мадақтау қағаздарын тапсыруға болады. Сонымен бірге «Қай ертегіге қатысты?» сияқты тапсырмалар арқылы қызығушылықты күшейту тиімді.
Оқу әдетін бекітудің қарапайым тәсілі
Оқушы өз қалауымен оқыған кітаптарын арнайы дәптерге тізіп жазып отырса немесе кесте түрінде белгілесе, оқу үдерісі жүйеленеді және жеке ілгерілеуі айқын көрінеді.
Кітап оқу туралы көзқарастар
«Кітап оқу қажет» деушілердің уәжі
- Шешендік қабілет артады.
- Сөз қоры ұлғаяды.
- Ойлау жүйесі ширайды.
- Ақыл-ой қалыптасады.
- Сұрақтарға жауап беруі нақты әрі дәл болады.
- Оқушының жалпы мәдениеті мен салауатты дағдылары нығаяды.
«Кітап оқу қажет емес» деушілердің уәжі
- Бос уақытым көп болады.
- Оған уақытым жоқ.
- Кітап дүкеніне не кітапханаға барудың қажеті жоқ.
- Интернеттен жүктеп алып оқи салуға болады.
Оқушы неге қол жеткізеді?
- Білім алуға.
- Рухани жетілуге.
- Инабаттылық пен имандылыққа.
- Ішкі жан дүниесінің тазаруына.
- Жақсылық тілеуге.
- Бейбітшілікті сақтауға.
- Қанағатшылдық пен адамгершілікке.
Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!