Ұстаз ұлағаты - өмір мұраты(Мұқан ата туралы зерттеулерімнен)Мен, Нұрмырзаев Жұбаныш Серікұлы 1994 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы, Аралқұм елді мекенінде туылдым

Ұстаз ұлағаты – өмір мұраты

(Мұқан ата туралы зерттеулерімнен)

Автор

Нұрмырзаев Жұбаныш Серікұлы

Туған жері

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм елді мекені

1994 жылы туған

Оқу орны

Аралқұм елді мекені, №61 орта мектеп

Мектепте оқи жүріп, түрлі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатыстым. Сол еңбектің нәтижесінде ұстаздар назарында болып, ғылымға бейімділігім айқындала түсті. Осы жолда маған бағыт берген жетекшілерім: өз мектебіміздің тарих пәні мұғалімі, Қазақстан Республикасы «Ең үздік ауыл мұғалімі – 2005» иегері Шыналиева Күлшара апай және Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова.

Олардың ғылыми жетекшілігімен мен жарты ғасырға жуық Халық ағарту саласында үздік еңбек еткен ұстаз Мұқан Сермағанбетов туралы «Ұстаз ұлағаты – өмір мұраты» атты зерттеу жұмысымды қорғап, үздік баға алдым.

Зерттеудің мақсаты

Бұл жұмыстағы негізгі ниетім — егемен еліміздің шаңырағын биік ұстап, аға буын өкілдерінің еңбегін танып-білу; өнегелі ұстаздың айрықша қасиеттерін жас ұрпаққа үлгі ету. Атап айтқанда, қолға алған ісін аяқсыз қалдырмай, ұрпақ тәрбиесі жолында тынымсыз еңбек еткен, жас жеткіншектерді ғылым мен білімге баулыған, шәкірт еңбегін әділ бағалай білген әдіскер-педагогтың өмірі мен ұстаздық өнегесін зерттеу — жұмыстың өзегі болды.

Мақсатқа жетудегі ұстанымдар

  • Ғылымилық: ғылыми түсінігім кеңейіп, ғылыми тілде сөйлеу дағдым қалыптасты.
  • Жүйелілік: ізденіс барысында табылған деректер ой-санамды байытып, мінез-құлқымның қалыптасуына ықпал етті.
  • Сабақтастық: тарих, әдебиет, географиядан алған білімімді ұрпақтар сабақтастығымен байланыстыра түсуге негіз болды.
  • Тәрбиелік: еңбек — тіршіліктің негізі екенін ұғындырып, өткен мен бүгінді салыстыра білуге жетелейді.
  • Көрнекілік: фотосуреттер, құжаттар, кітаптар арқылы ақпараттық технологияларды тиімді қолдануға үйретті.
  • Шығармашылық: жауапкершілікті сезінуге, ізденімпаздыққа, білімді болуға жол ашты.

Мұқан Сермағанбетов: өмір жолы мен қызмет белестері

Зерттеу барысында алдымен Мұқан ағайдың өмір жолын жүйелі түрде зерделедім. Мұқан Сермағанбетов 1928 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Қарашалаң елді мекенінің Кішітүбек деген жерінде дүниеге келген.

Білімі

  • 1949 — Қызылорда мұғалімдер училищесінде оқыған.
  • 1962 — Алматы педагогикалық институтының химия-биология факультетін бітірген.

Қызметі мен марапаттары

  • 1964 — №177 орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі.
  • 1970 — Арал аудандық Халық ағарту бөлімінде әдіскер, инспектор.
  • 1967 — Облыстық оқу бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған.
  • 1973 — Түркімен Республикасындағы қазақ мектептері мұғалімдеріне іс-тәжірибелік көмек көрсетуге барған.
  • 1975 — Қазақ КСР Халық ағарту ісінің «Озық қызметкері» белгісімен наградталған.

Ұрпақ шежіресі

Ұрпақтар шежіресінен танығаным: Кіші жүзден Әлім – Жаманақ – Өріс – Айдарбек – Күлік – Берше – Асан – Теке – Айдағұл – Қоңырбай – Бұқар – Алдаберген – Оразымбет – Сермағамбет – Мұқан тараған.

Мұқан атадан — Әбдіхамит, Әбдіәлім, Наурызбай тарайды. Әбдіхамиттен — Шыңғыс, Нүркен. Әбдіәлімнен — Сәбит туған.

Ұстаз бейнесі: өнеге мен парасат

Абай атамыздың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзі Мұқан ағайдың болмысына дәл келеді. Ол — озық оқытушы, әдіскер, зерттеуші, инспектор, күйші; ең бастысы — бала жанының бағбаны бола білген білімді де білікті тұлға.

Мұқан ағайға арналған жыр жолдары

Талмай ұшып қанаты,
Жүрекке жол табатын,
Санаға қозғау салатын,
Ұстаз керек біздерге.

Қиындыққа жасымай,
Жетістікке тасымай,
Ой бөлісер тосылмай,
Ұстаз керек біздерге.

Өнеге тұтар ұлты бар,
Білімге құштар жұрты бар.
Мейірімі қанып сусындар,
Мұқан ағай — осындай.

Зерттеуден түйген ой

Мұқан Сермағанбетовтің еңбек жолын зерделей келе, елі үшін еңбек еткен, бар ғұмырын ел мүддесіне арнаған, білім саласына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өнегелі өмірін өз жұмысымның арқауына айналдырдым.

Негізгі ұстаным

Азамат еңбегі елеусіз қалмаса екен; ұлағатты жол — кейінгіге шамшырақ.

Ұсыныстар

Зерттеу соңында ұстаздың еңбегін ұлықтауға қатысты төмендегі ұсыныстарымды айтуды жөн көрдім:

Кітап болып жарық көруі

Мұқан Сермағанбетовтің өнегелі өмірі мен қызмет жолы жеке кітап ретінде жарияланса.

Мұражай қорынан орын алуы

Ұстаз туралы деректер аудандық мұражайдан лайықты орын тапса.

Жас зерттеушілер жалғастырса

Ұстаздың өмір жолы мен ұрпақ сабақтастығына қатысты зерттеулерді оқушылар жалғастырса.

Тағы бір тілек

Мұқан ағай туып-өсіп, абыройлы қызмет атқарған Арал қаласында бір көшеге оның есімі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Қорытынды

Қорытындылай келе, жас ұрпаққа саналы ғұмырын арнаған ұлағатты ұстаздың өлмейтін өнегесін дәріптеу — кейінгі буынның парызы. Осы ойымды төмендегі өлең жолдарымен түйіндеймін:

Салмақты, салиқалы өнегеңіз,
Ғанибетті, ғаламатты еңбегіңіз.
Өлмейтін өнегеңді әдіптеумен,
Өнегелі өмірге еліктейміз.

Жас ұрпаққа қызмет еттің талмастан,
Бар күшіңмен еңбек еттің тынбастан.
Мәртебеңді биік ұстап әрқашан,
Ұрпақтарың жалғар жолды тынбастан.