Күй құдіреті

Ашық сабақ (5-сынып)

Сабақтың тақырыбы
Күй құдіреті
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, бейнелеу өнері
Көрнекіліктер
Күйшілердің суреттері, топтастыру материалдары, сергіту сәті, сызба жұмыстары, аспаптардың суреттері, баян

Мақсаттар мен міндеттер

Сабақтың мақсаты

  • Күйдің тарихымен және түрлерімен таныстыру.
  • Өз халқының күйшілерін танып-білуге бағыттау.
  • Өнер адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні

  • Өнерді құрметтеуге және бағалай білуге тәрбиелеу.
  • Өзін-өзі ұстау мәдениетін, адамгершілік құндылықтарды нығайту.

Дамытушылық мәні

  • Ән-күй тыңдау арқылы әуендік сезімталдықты арттыру.
  • Есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа дайындық, қатысымды тексеру, оқу құралдарын реттеу.

    Бастау
  2. 2) Психологиялық дайындық

    Үлкендерге — «Сіз», Кішілерге — «Біз». Әдеппен бас иіп, Сәлем бердік біз!

  3. 3) Үй тапсырмасын тексеру

    Сары даланы сазбен тербеткен қазақтың атақты күйшісі Қорқыт ата туралы әңгімелеу, негізгі деректерді қайталау.

  4. 4) Ойын: «Адасқан ноталар»

    Қайталау сабағын бекіту мақсатында сұрақ-жауап ойыны ойнатылады.

  5. 5) Өткенді пысықтау

    Ноталардың астында жазылған сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауапқа сәйкес ноталарды нота сызығына орналастыру.

  6. 6) Жаңа сабақ: «Күй құдіреті»

    Негізгі бөлім

    Сұрақ: «Музыка» дегенде көз алдыңа не елестейді?

    Ән, күй, би, домбыра — мұның барлығы өнер ұғымына кіреді. Бүгінгі сабақта біз күй өнерімен жақынырақ танысамыз.

    Күй дегеніміз не?

    Күй — домбыра және өзге де халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Күйлер көбіне домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындалады.

    Күйлердің жіктелуі

    Тақырыбы мен мазмұнына қарай күйлер бірнеше түрге бөлінеді:

    • аңыз күйлер
    • тартыс күйлер
    • тарихи күйлер
    • арнау күйлер
    • лирикалық күйлер
    • психологиялық күйлер

    Аңыз күйлер

    Халықтың өткен тұрмыс-тіршілігі, аңыз-әңгімелері мен оқиғаларын баяндайды.

    Мысалдар

    «Жетім бала», «Ақсақ құлан» және т.б.

    Тарихи күйлер

    Тарихи оқиғаларға, ел тағдырына байланысты дүниелерді суреттейді. Жоңғар шапқыншылығы және оған қарсы халық күресі туралы күйлер осы қатарға жатады.

    Мысалдар

    «Ел айырылған», «Жеңіс»

    Арнау күйлер

    Белгілі бір адамға, тұлғаға немесе оқиғаға арнап шығарылған күйлер.

    Мысалдар

    «Абыл», «Байжұма»