Сабақтың тақырыбын, мақсатын қою
Еңбекке баулу сабағы (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Көрсету
Көрнекіліктер
- Қағаз түрлері
- Ашық хат үлгілері
- Интерактивті тақта
- Электронды оқулық
Сабақтың мақсаты
1) Дағды қалыптастыру
Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуді үйрету; қағазды бүктеу тәсілдерін меңгерту арқылы бүктеу дағдысын қалыптастыру.
2) Танымдық қабілеттер
Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік бағыт
Эстетикалық талғамды қалыптастыру, қағазды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті материалдар
- Түрлі түсті қағаз
- Ақ қағаз
- Қатырма қағаз
- Қайшы
- Қарындаш
- Сызғыш
- Желім
- Қол сүртетін сүлгі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік, құралдарды дайындау, жұмыс орнын реттеу.
II. Өткенді пысықтау
- Симметрия және асимметрия дегеніміз не?
- Оларды қалай анықтаймыз?
III. Мақсат қою
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын оқушылармен бірге анықтау, күтілетін нәтижені нақтылау.
IV. Жаңа сабақ
Қатырма қағаз тығыз болғандықтан, одан ашық хат жасауға ыңғайлы. Ашық хаттардың түрлері мен өлшемдері әртүрлі болады. Оларды фото-суреттермен және түрлі түсті қағаздармен әсемдеуге болады.
Сарамандық жұмыс: ашық хат жасау
Мейрам жақындап келеді. Жақындарыңызды қуантқыңыз келе ме? Ендеше, өз қолымызбен ашық хат жасап, жылы лебізімізді сыйлайық.
- Оқушылардың назарын интерактивті тақтаға аудару.
- Электронды оқулықтағы үлгіге сүйеніп, ашық хатты өз бетінше жасау және әшекейлеу.
- Қайшымен жұмыс істеу ережелерін қайталау.
- Гигиеналық талаптарды сақтау.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды қолға созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Демімізді алайық.
V. Түсінгендерін тексеру
Оқушылар тақтаға шығып, электронды оқулықтағы тапсырма бойынша қажетті қалыптарды таңдап, аппликация құрастырады.
VI. Бекіту
Оқушының еңбегін атап өту, мұғалім тарапынан бағыт-бағдар беру және қорытындылау.
VII. Үй тапсырмасы
- Жұмысты аяқтау.
- Тақырыпты оқу.
VIII. Бағалау
Оқушылардың жұмыстары бағаланып, ұқыптылық, шығармашылық және қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейі ескеріледі.