Туынды сөздерді теріп жазу

Сабақ жоспары Қазақ тілі Аралас сабақ

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Білімділік

Қосымшаның бір түрі — жалғауды жаттығулар арқылы меңгерту.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық дағдылар

Сауатты әрі көркем жазуға, тапсырманы түсініп орындауға дағдыландыру.

Көрнекілік

Тірек-сызбалар, сауалнама, жеке суреттер, ребус, альбом.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дене шынықтыру, еңбек, бейнелеу өнері, математика, дүниетану.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың назарын сабаққа аудару, жұмысқа психологиялық дайындық жасау.

II. Өтілгенді пысықтау (қайталау)

1) Түбір мен қосымша туралы ережені айтқызу; сурет бойынша сөйлем құрату; сөйлемнен жалғауларды тапқызып, атату.

2) Сауалнама (1–6): 1 — а, 2 — ә, 3 — б, 4 — б, 5 — ә, 6 — а.

1. Туынды сөзді тап

  • а) өнерлі
  • ә) өнер
  • б) ән

2. Түбір сөзді тап

  • а) ботақан
  • ә) бота
  • б) қобызшы

3. Жұрнағы бар сөзді тап

  • а) домбыра
  • ә) арба
  • б) ойыншық

4. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап

  • а) та- бал- дыр- ық
  • ә) таб- ал- ды- рық
  • б) та- бал- ды- рық

5. Бір буынды сөзді тап

  • а) дала
  • ә) құрт
  • б) көже

6. 2 буын, 4 әріп, 5 дыбыстан тұратын сөзді тап

  • а) қияр
  • ә) тақия
  • б) сақина

III. Жаңа сабақ

Кіріспе: «Спорт — денсаулық кепілі». Қазақстандық чемпиондарды атап, олардың атауларындағы -тен, -нан, -дан, -ден, -нен жалғау екенін түсіндіру.

Тақтамен жұмыс: 1-жаттығу

Жалғаулар: -тан, -ның, -ге, -бен. Тапсырманы ауызша және өз бетімен орындату.

2-жаттығу

Жаттығуды орындау барысында жалғаудың сөйлемдегі қызметін байқату.

Сергіту сәті

Ребус шешу арқылы назарды сергіту және тілдік талдауға қайта шоғырлану.

Жеке жұмыс: 3-жаттығу

Берілген сөздермен мәтін құрастыру және жалғау жалғап жазу: анасының, Сәуленің, күні, дастарханға, гүлдер, анасы. Талқылау — ауызша.

5-жаттығу (тақта жұмысы)

Түбір сөздерді жазғызу: көп, ешкі, көк.

IV. Үй тапсырмасы

4-жаттығу орындау. Жалғау туралы ережелерді қайталау.

V. Сабақты бекіту

1) Ребус шешу

Жаңа ұғымдарды (жалғау түрлері мен қызметі) бекітуге бағытталған тапсырма.

2) Шығармашылық жұмыс

1) Еңбек... нан... — тәтті.
Жалқау... жан... — тәтті.

2) Ата... сөз... — ақыл... көз....

3) Ас ата... — нан.

Тапсырма мақсаты: сөйлемді мағынасына сай жалғаулармен толықтыру.

3) Терме диктант

Мәтіннен туынды сөздерді теріп жазу:

  • Анам маған қамқоршы.
  • Роза Рымбаева — әнші.
  • Құмырсқалар — еңбекқор.
  • Бұл — тойхана.
  • Әкем — аңшы.
  • Күй атасы — Құрманғазы.

4) Логогриф

Жолда тасалар...
Бар ма іздеп...
Әзірше күн...
Барар жер әлі...
Шарада.

Бірінші буыны — құс, екінші буыны — түс. Шешуі: қазақ

Қазақ тілінің сөздік қоры өте бай. Тіліміздегі сөздердің түбірі мен қосымшасын дұрыс ажыратып, сауатты қолданайық.

Қорытынды ойын: «Шашу».

VI. Бағалау және мадақтау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау; жетістігін атап, ынталандыру.