Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру
Алгебра және анализ бастамалары (10-сынып)
Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Сабақтың тақырыбы
Туынды тарауын қайталауға арналған жаттығулар
Мақсаты
Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін пысықтау; алған білімді есеп шығаруда қолдануға жаттықтыру; танымдық белсенділігін арттыру; пәнге қызығушылығын күшейту; ұқыптылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Функцияның шектік мәндерін табады.
- Нүктедегі үзіліссіздігін анықтайды.
- Әр түрлі функциялардың туындысын табады.
- Туындының көмегімен жанаманың теңдеуін құрастыра алады.
Сабақ барысы
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларды «алтын балық», «жеңіл машина», «лотерея ұтыс билеті» суреттерінің қиындысы арқылы топқа бөлу.
Әр топ топ басшысын, бағалаушысын және хатшысын сайлайды. Топтарға бағалау парақтары таратылады.
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасы және ой қозғау
Үй тапсырмаларын тексеру.
Мұғалім оқушылардың «Туынды» тарауы бойынша жазған эсселерін тыңдайды. Пікір білдіргісі келген оқушының үстеліне стикер жапсырылады.
Негізгі бөлім
Мағынаны ажырату
Математикалық диктант
Оқушыларға қысқа тапсырмалар беріліп, негізгі ұғымдар мен алгоритмдер бойынша білімдері тексеріледі.
Қайталау және бекіту
Шек, үзіліссіздік, туынды табу және жанаманың теңдеуін құру бойынша есептер арқылы дағдыларды бекіту.
Автор туралы
Мекеме
Қазығұрт ауданы, Ақбастау жалпы орта мектебі
Пән мұғалімі
Алимбаева Салиха