Ассоциациялау стратегиясы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

М. Әлімбаев — «Әнші Әміре»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі

СТО (сын тұрғысынан ойлау) элементтері

Негізгі идея

Мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, өнер құндылығын сезіндіру

Сабақтың мақсаты

  • Әміре Қашаубаевтың өмір жолымен таныстыру, мәтіндегі негізгі ой мен идеяны түсіндіру.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу мәдениетін дамыту.
  • Әсемдікке, өнерге қызықтырып, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Білім

Әнші Әміре Қашаубаев туралы негізгі мәлімет алады.

Дағды

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұндауды үйренеді.

Ойлау

Болжау жасап, өз пікірін нақты жеткізуге машықтанады.

Сабақ барысы: 3 фазалық құрылым

I. Қызығушылықты ояту

Бұл кезеңде «Еркін талдау» стратегиясы қолданылады. Мақсаты — оқушылардың ән мен әнші туралы бұрынғы білімін еске түсіріп, ойларын жинақтау.

Топқа бөлу

Жетон тарату арқылы сынып 4 топқа бөлінеді.

Сұрақ 1

«Ән» дегенде ойларыңа не келеді?

Сұрақ 2

«Әнші» дегенде ойларыңа не келеді?

Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.

Абай

Қазақтың әні мен күйі — көне заманнан қалыптасқан асыл қазына. Ол ұлттың бекзат болмысы, сағынышы мен қуанышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі.

II. Мағынаны тану

Бұл кезеңде «Болжау» стратегиясы пайдаланылады: «Әміре Қашаубаев туралы не білеміз?»

Мақсаты

  • Өз пікірін еркін айтуға дағдыландыру.
  • Өз көзқарасын дәлелдеп, ойын қағаз бетіне түсіруге үйрету.
  • Өз бетімен және топпен жұмыс істеуін дамыту.

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу; болжай отырып мазмұндау; тапсырмаларды топпен орындау.

Қолдау материалдары

Сергіту сәті, «Ұлылар Әміре туралы» бейнеролигі.

Топтық сұрақтар (жуан/жіңішке)

1-топ — жуан сұрақ

Жазушы Әміренің сыртқы келбетін неліктен қазақтың еркіндігімен байланыстырады?

Жауап: Сахнадағы жүрісі, өзін еркін ұстауы және киіну мәнері болашақта еркіндік боларына ишара етеді.

2-топ — жіңішке сұрақ

Әнді Әміре қалай орындайды?

Жауап: Әнді жүрегімен, шабытпен орындайды.

3-топ — жуан сұрақ

Луначарский Әмірені «Қазақ даласының бұлбұлы» деген. Қазіргі кезде «қазақтың бұлбұлы» атанған әншілерді білесіңдер ме?

Жауап: Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева.

4-топ — жіңішке сұрақ

Әміренің әнін халық қалай тыңдайды?

Жауап: Халық сүйіп тыңдайды.

Рефлексиялық сұрақ

Орындалған әннен қандай әсер алдыңдар? Ән жан дүниелеріңді тербете алды ма?

Жазба жұмысы

Эссе: «Егер мен әнші болсам…»

III. Ой толғаныс

1) Ассоциациялау стратегиясы

Мақсаты — мәтінді қаншалықты меңгергенін анықтау.

  • Әнші Әміре
  • Жүрегімен айтады
  • Әнді сүйеді
  • Шабыттанып орындайды
  • Талантты
  • Дауысы зор
  • Шетелде өнер көрсеткен
  • Халық сүйіп тыңдайды

2) РАФТ стратегиясы

Р — Рөл

Журналист

А — Аудитория

Оқушылар

Ф — Форма

Интервью

Т — Тақырып

«Ән мен әнші»

Журналистің сұрақтары

  1. Әнші Әміре Қашаубаев туралы пікіріңіз қандай?
  2. Сізге дәстүрлі әншілер ұнай ма, әлде эстрада әншілері ме?
  3. Жазушы Әміренің әнін қандай теңеулер арқылы сипаттайды?

3) Сауалнама және бағалау

Сауалнама

  • Сабақ ұнады ма?
  • Бүгінгі сабақта кім туралы мәлімет алдыңыздар?

Бағалау

Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау және топтық бағалау жүргізіледі.

Автор туралы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №2 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Нугманова Гүлнар Есбергеновна.