Көктем туралы сұрақтар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды сауаттылыққа баулу, алған білімдерін пысықтау және жүйелеу.

Дамытушылық

Көктем туралы білімдерін жинақтау, сөйлеу әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойлау қабілетін жетілдіріп, ойды жүйелі жеткізуге үйрету.

Тәрбиелік

Қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті арттыру. Отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; туған жерін, тілін сүюге баулу. Табиғатты қорғауға, аялауға, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Жеке және топтық жұмыс
  • Суретпен жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру.

II. Жаңа сабақ

Кіріспе: сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.

Жұмбақ

Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады?

Жауабы: Көктемде.

Бүгінгі сабақтың тақырыптары: «Көктемгі ауа райы» және «Етістіктің шақтары».

  • Көктем туралы білетіндерін жинақтап, ойды жүйелі айту.
  • Сөйлеу әрекетін дамыту.
  • Сөздік қорды молайту.
  • Қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру.

Саяхат сабағы

Сабақ ерекше форматта өтеді: «Саяхат сабағы». Саяхатқа шығу үшін бізге карта қажет. Мұғалім оқушыларға саяхат картасын таратады.

Аялдамалар бойынша жұмыс

  1. 1-аялдама

    «Әңгімелесу» тобы: сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу.

  2. 2-аялдама

    «Сөз сыры» мұражайы: көктем айларының шығу тарихы.

    Наурыз

    Көктемнің бірінші айы. Парсыша «нау» — жаңа, «руз» — жыл дегенді білдіреді. Халық оны Ұлыстың ұлы күні деп құрметтейді.

    Сәуір

    Көктемнің екінші айы. Бұл кезде күн күркіреп, найзағай жарқырайды. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген мақал бар.

    Мамыр

    Көктемнің үшінші айы. Құстар ұя жасап, балапан шығарады. Мамыр сөзі тоқшылық ұғымын білдіреді.

  3. 3-аялдама

    «Сөздік алқабы»: жаңа сөздермен танысу, мағынасын түсіндіру, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.

  4. 4-аялдама

    «Сөйлем көлі»: сурет бойынша жұмыс, сөйлем құрау және ойды дәл жеткізу.

  5. 5-аялдама

    «Грамматика тауы»: етістіктің шақтары.

    III. Грамматикалық тақырыпты бекіту

    • Тапсырмалармен жұмыс.
    • Тақтамен жұмыс: «жарқырайды» сөзін үш шақта жіктеу.
  6. 6-аялдама

    «Сөйлесу»: оқулықтағы мәтін бойынша диалог құрастыру.

IV. Сабақты қорыту

  • Етістіктің шақтары және олардың жасалу жолдары.
  • Көктем тақырыбы бойынша қорытынды сұрақтар.

V. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

VI. Үйге тапсырма

108-бет, 3-тапсырма.