Доптың суретін көрсету

Пән мұғалімі

Жаназилова А. М.

Пән

Сауат ашу

Сабақ тақырыбы

«Д д» дыбысы мен әрпі (2-сағат)

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды «Д д» дыбысы мен әрпімен таныстыру.
  • «Д д» дыбысы бар сөздерге талдау жасау; айтылуы мен жазылуын үйрету; тілін дамыту.
  • Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі
Оқулық, суретті әліппе, қима әріптер, слайд

Сабақ барысы

Кезең-кезеңімен жоспар

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Өткен сабақты қайталау арқылы сұрақтарға жауап алу.
  2. 1-слайд: «Қ» әрпіне берілген сөздерді оқыту.

III. Білімді тексеру

2-слайд — «Тиісті әріпті жаз» ойыны

  • «Қ» дыбысы қандай дыбыс?
  • «Қ» дыбысының айтылуы мен жазылуы қандай?
  • Айтылуы мен жазылуын сөздерді буынға бөлу арқылы қайталау; оқулықтағы сөздерді оқыту.

3-слайд — Жұмбақ

Бала біткен соғады

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.

Жауабы: Доп
  • «Доп» сөзін қайталата отырып, д дыбысының орнын анықтау.
  • Суреттер бойынша сөздерді атату; алғашқы екі дыбысты біріктіріп оқыту арқылы толық сөзді табуға үйрету: дауылпаз, домбыра, дуадақ.
  • «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны.

IV. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

V. Жаңа материалды түсіндіру

Оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Доптың суреті көрсетіледі. Суреттегі балаларға ат қойылады.

Сөйлем құрату

  • «Дала», «доға», «долана» сөздерімен сөйлем құрастыру.
  • Мысал: «Дала қандай әдемі». «Долана тауда көрінеді» және т.б.

Сұрақ-жауап

  • «Дала» сөзіндегі таныс емес дыбыс қандай дыбыс?
  • Жауабы: Д дыбысы.
  • Дыбыстың артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын анық әрі дұрыс айтуға үйрету.
  • Тақтаға Д (бас әріп) және д (кіші әріп) ілініп, айырмашылығы түсіндіріледі; оқушылар хормен қайталайды.
  • 4-слайд: «Д д» әрпі интерактивті тақтадан көрсетіледі.

Өлең жолдары:
Добым, добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.

  • «Доп, дала, доға, долана, дода» сөздерін оқытып, буынға бөліп айтқызу.
  • «Д» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін аңғарту.
  • Бағандағы сөздерді оқыту; «долана, домбыра, дала» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
  • Д дыбысын бірнеше рет хормен айтқызу.

Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.

  • Жазу дәптерінің 33-бетіндегі «д» әрпінің баспа және жазба түрлерін салыстыру; айырмашылықтарын түсіндіру.
  • Қолды еркін жазуға жаттықтыру жұмыстары үлгі бойынша орындалады.
  • «Д» әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін үлгі бойынша жазып үйрету.
  • «Д» әрпі мен «дос» сөзін көркем етіп көшіріп жазу.

Сергіту сәті

Ду, ду, ду! Дүк-дүк! Пойыз келеді.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк! Бәрі жол береді.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк! Жүгіріп өтпе.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк! Шетте тұра тұр.

Ду, ду, ду! Дүк-дүк! Пойызды өткіз.

Қол бұлғап қалайық, «Жол болсын!» — деп біз.

  • Дәптердегі Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
  • Жазу дәптерінің 33–34-беттерінде «Д» бас және «д» кіші әрпін жазуға арналған жаттығуларды орындау.
  • Дәптердегі сөйлемді сызбаға түсіріп, талдау жасау; кейін сөйлемді көркем етіп жазу.

VI. Оқулықпен жұмыс

5-слайд — Оқулық (37-бет)

  • Бірінші баған бойынша дыбыстардан жеке буын жасау.
  • Келесі бағандар бойынша буындардан сөздер құрастыру.
  • Суреттерге негізделген сызба бойынша сөйлемдер құрастыру.

Жаңылтпаш (Шора туралы)

Осы беттегі суреттер мен сызбаны пайдаланып, жаңылтпаш оқылады және талданады. Оқушылардың тілін жаттықтыру үшін тез айтуға дағдыландырылады.

Қорытынды тапсырма (ойын түрінде)

Қажет болған жағдайда сөздерді дәптерге көшіріп жазуға болады:

Шырша, шашу, шула, суар, арша, шала.

VII. Жаңа материалды меңгергенін тексеру

  1. «Д» дыбысы — дауыссыз дыбыс.
  2. «Д» дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

VIII. Бекіту

  • «Кім тез?» ойыны арқылы оқушылардың білімін бекіту.
  • «Әліппе серігі» мәтінімен жұмыс: «Д» дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу.
  • Сабақты әріптерге байланысты ойын түрлерінің бірімен аяқтау.

IX. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.