Оқушылардың сабаққа назарын аудару

Сабақтың тақырыбы

«Қызғалдақ пен Қарасора»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру.
  • «Ой қозғау» стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беріп, жан-жақты ойлауға үйрету.
  • Топтық жұмыс, «әңгіме кестесі», «болжау» стратегиялары арқылы өздігінен ізденіп жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қадірлеуге, қызғаншақтық пен мақтаншақтық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық

  • Сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
  • Тілін дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Әдістер мен көрнекіліктер

Қолданылатын әдістер

Сұрақ қою Ой қозғау Баяндау Әңгімелеу Топпен жұмыс Әңгіме кестесі Салыстыру

Көрнекіліктер

  • Қызғалдақ пен қарасораның суреті.
  • Аңдардың суреттері: түлкі, тиін.
  • Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақ мақсаты мен жұмыс тәртібін қысқаша белгілеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Әбдірахман Асылбековтің «Түлкі мен тиін» мысалы бойынша жұмыс.

  1. 1 Мысалды рөлге бөліп оқу.
  2. 2 Түлкі мен тиінге мінездеме беру.
  3. 3 Әр оқушы өз салған суреті туралы қысқаша әңгімелеу.
  4. 4 Түлкінің және тиіннің сөзін мәтіннен тауып оқу.
  5. 5 «Қандай аңдарды білесің?» — қысқа пікір алмасу.
  6. 6 Тірек-сызбаны пайдаланып, мысалды қорытындылау.

Түлкінің сөзі

«Тоқсан тоғыз айлам бар. Сенің жайың қиын-ау!»

Тиіннің сөзі

«Жалғыз ғана айлам бар.»

III. Жаңа сабақ

Бүгін Сансызбай Сарғасқаевтың «Қызғалдақ пен Қарасора» атты мысалын оқимыз. Бұл шығарма адам бойындағы жаман әдеттердің бірін сынға алуға бағытталған.

Ой қозғау

Мақтаншақтықтан басқа адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер?

Пәнаралық байланыс және құндылықтар

Абай Құнанбайұлының өсиет сөздерін, соның ішінде «Бес асыл іс» туралы ойларын еске түсіру, мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер арқылы талқылауды тереңдету.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Сансызбай Сарғасқаев — балалар жазушысы. Оның «Достар», «Көңілді балалар», «Бір көшенің балалары» сияқты шығармалары бар. «Қызғалдақ пен Қарасора» мысалы қарасөзбен жазылған.

(Оқулықты жаптырып) Енді «Қызғалдақ пен Қарасора» мысалын оқуға кірісеміз.