Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
Сабақтың мақсаты
Оқушыларда Windows операциялық жүйесінің пайдаланушы интерфейсі туралы түсінік қалыптастыру; Windows терезесінің құрылымдық элементтері мен қызметімен таныстыру; терезелер түрлерін баптауды үйрету.
Білімділік
- Жұмыс үстелі
- Тапсырмалар тақтасы және оның таңбалары
- Бас мәзір
- Windows терезелерінің құрылымы мен қызметі
Тәрбиелік
Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Электронды оқулық
Сабақтың өту барысы
- Оқушыларды ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс.
- Сабақты бекіту.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма беру.
Өткен материалды қайталау сұрақтары
- Компьютер қандай бағдарламалық жабдықтамасыз жұмыс істей алмайды?
- Операциялық жүйенің жүктелуі қашан орындалады?
- Операциялық жүйеге мысал келтіріңіз.
- Компьютерлеріңізге қандай операциялық жүйе орнатылған?
- Операциялық жүйе қай кезде жүктеледі?
Жаңа түсініктер: Windows интерфейсі
Windows операциялық жүйесі жүктелгеннен кейін экранда Жұмыс үстелі пайда болады. Жұмыс үстелінің сыртқы түрін пайдаланушы өз қалауынша баптай алады.
Әдетте Жұмыс үстелінде келесі элементтер орналасады:
- Компьютер
- Желі (Сеть)
- Қоржын (Корзина)
- Басқару тақтасы (Панель управления)
- Тапсырмалар тақтасы (Панель задач)
- Бастау (Пуск) батырмасы
Бастау батырмасын басқаннан кейін Windows жүйесінің Бас мәзірі ашылады. Ол бағдарламаларды іске қосуға, құжат ашуға, жүйе баптауларын өзгертуге, анықтама алуға, қажетті файлды табуға және басқа да әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Бас мәзірдің сол жақ бөлігі
Жақында пайдаланылған бағдарламалардың тізімі көрсетіледі. Төменгі бөлігінде екі негізгі бұйрық бар:
- Барлық бағдарламалар (Все программы) — компьютерде орнатылған бағдарламалардың тізімін көрсетеді және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.
- Іздеу терезесі (Окно поиска) — файлдарды, бумаларды немесе пошталық хабарламаларды іздеуге мүмкіндік береді.
Бас мәзірдің оң жақ бөлігі
- Пайдаланушы (User)
- Құжаттар (Документы)
- Бейне (Изображение)
- Музыка
- Компьютер
- Басқару тақтасы
- Құрылғылар мен принтерлер (Устройства и принтеры)
- Әдепкі бағдарламалар (Программы по умолчанию)
- Анықтама және қолдау (Справка и поддержка)
Тәжірибелік бөлім
Компьютерде орындалатын өзіндік жұмыс: Жұмыс үстеліндегі негізгі элементтерді тауып, Бастау мәзірін ашып, оның сол және оң жақ бөліктерін салыстырыңыз. Іздеу жолағын қолданып кез келген файлды немесе буманы іздеп көріңіз.
Бағалау
Оқушылардың білім деңгейіне сәйкес бағаланады.
Үйге тапсырма
- Тақырыпты оқу.
- Интернеттен компьютер туралы жаңалықтар іздеу.