Дауыссыздар тобы
Сабақ туралы мәлімет
- Мұғалім
- Бурибасова Гүлжамал Аманжановна
- Сабақтың тақырыбы
- «Білімділер керуені»
Ақтөбе қаласы, №40 орта мектеп, физика пәнінің мұғалімі
Мақсаты
Оқушылардың теориялық білімін шыңдау және физикаға қызығушылығын арттыру.
Түрі
Сайыс сабақ
Сабақтың барысы
Жоспар
- Физика тілінде сөйлесек
- Физика біздің айналамызда
- Физикалық тәжірибелер
- Жұмбақ сырын ашайық
- Топтың атын қорғау
- Эксперименттік есептеулер
Кіріспе сөз (жүргізуші)
Мектебімізде өтіп жатқан физика-математика апталығы аясында физика пәнінен «Білімділер керуені» атты танымдық ойын ұйымдастырылады. Білімнің маңызын Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп атап өткен.
Нақыл сөз: Білімді азамат — ел ертеңі.
Мақал: Білекті бірді, білімді мыңды жығар.
Ә. Науаи: Білім мен даналық — адам көркі.
Ж. Дантон: Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі — білім.
Білім туралы ұлы тұлғалардың ойлары мен халық даналығы тегін айтылмайды. Бүгінгі сайысқа екі топ қатысады және бағалау әділ болуы үшін әділқазылар алқасы бекітіледі.
Қатысушы топтар
І топ
«Дауыстылар»
Құрамы: 7 «а», «ә» және 8 «а», «ә» сынып оқушылары.
ІІ топ
«Дауыссыздар»
Құрамы: 7 «б», «в» және 8 «б», «в» сынып оқушылары.
Сайыс кезеңдері
1) «Физика тілінде сөйлесек»
Терминдердің шығу тегіІ топ — «Дауыстылар»
- Физика — грекше physis, «табиғат».
- Калория — латынша calor, «жылу, қызу».
- Вакуум — латынша vacuum, «бостық».
- Электрон — грекше electron, «янтарь».
- Диффузия — латынша «жайылу, таралу».
ІІ топ — «Дауыссыздар»
- Деформация — латынша «бүліну, бұзылу, иілу, бұралу».
- Инерция — латынша «қозғалыссыздық, әрекетсіздік».
- Капиллярлар — латынша capillaris, «шаш».
- Манометр — грекше manos («сирек, тығыз емес») және metreo («өлшеймін»).
- Кинетикалық — грекше kinetikos, «қозғалыс».
2) «Физика біздің айналамызда»
Сұрақ-жауапІ топ — «Дауыстылар»
- Мұз суда неліктен жүзеді?
- Ет, балық, көкөніс пен консервілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?
- Су отты неге сөндіреді?
- Жол белгілері неліктен сарғыш-көгілдір түсті болып көрінеді?
- Қандай етік суықтан жақсы сақтайды: тар ма, әлде кең ме?
- Қандай сәулелердің әсерінен адам денесі қарайып, күнге күйеді?
ІІ топ — «Дауыссыздар»
- Бір кесе сорпа тез суи ма, әлде бір кесе су тез суи ма?
- Автотрактор фарасының жарық шашыратқышы қандай металмен қапталады?
- Үрленген қайық неге суға батпайды?
- Неліктен кейбір мұнай резервуарларының төменгі бөлігін қалың етіп жасайды?
- Қандай жағдайда отын багіне су құюға болады?
- Неліктен құрылыста қуысты материалдар пайдаланылады?
3) «Физикалық тәжірибелер»
ПрактикаІ топ — «Дауыстылар»
1-тәжірибе: «Төгілмейтін су»
Қажетті құралдар: стакан, су, қағаз.
3-тәжірибе: «Мұзды судан алу»
Қажетті құралдар: су, стакан, мұз, жіп, тұз.
ІІ топ — «Дауыссыздар»
2-тәжірибе: «Қолыңды суламай тиынды ал»
Қажетті құралдар: су, тиын, тәрелке, қағаз, шырпы.
4-тәжірибе: «Бу зырылдағы»
Қажетті құралдар: жұмыртқа, су, спирт шам, тұрғы, алюминий сақина.
4) «Жұмбақ сырын ашайық»
ЛогикаІ топ — «Дауыстылар»
Әр топқа 5 жұмбақ жасырылады.
ІІ топ — «Дауыссыздар»
Әр топқа 5 жұмбақ жасырылады.
5) «Топтың атын қорғау»
ТаныстыруІ топ — «Дауыстылар»
Ұран
Тартысайық сайыста күш-жігермен,
Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.
Төсбелгідегі сынып әрпіне сәйкес бір физикалық ұғымға толық мағлұмат беріледі.
Мысал: «А» — алюминий
Қатты зат; пішінін және көлемін сақтайды; электр тогын жақсы өткізеді; магнитке тартылмайды; жақсы деформацияланады.
Мысал: «Ә» — әтір
Сұйық, иісті; диффузия құбылысы арқылы тез таралады; құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды.
ІІ топ — «Дауыссыздар»
Топтың «Дауыссыздар» деп аталу себебі — төсбелгідегі «Б» және «В» әріптері дауыссыз дыбыстардан тұрады. Әріпке сәйкес бір физикалық сөз таңдалып, толық сипаттама беріледі.
Мысал: «Б» — болат
Материалдың қасиеттері мен қолданылу саласын қысқаша әрі нақты түсіндіру.
Мысал: «В» — велосипед
Қозғалыс, үйкеліс, инерция, беріліс сияқты ұғымдармен байланыстырып баяндау.
6) «Эксперименттік есептеулер»
Есеп шығаруІ топ — «Дауыстылар»
«Құмға қанша қысым түсіресің?» — екі жағдайда қысымды есептеу.
Қажетті құралдар: құм салынған ыдыс, бір кірпіш, сызғыш.
ІІ топ — «Дауыссыздар»
«Судың және майдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы» — сұйық деңгейлері бірдей болған жағдайда есептеу.
Қажетті құралдар: су және май құйылған ыдыстар, сызғыш.
Қорытынды
Жүргізушінің қорытынды сөзі
Білім деген — биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген — ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Осылайша бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз.
Нәтиже және алғыс
Сайыс нәтижесін әділқазылар алқасы хабарлайды.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!