Емханадан кеткім жоқ, қайда барам
Мұқағали Мақатаев
Бұдан бөлек қай жерден ем таба алам
Тіптен менің кеткім жоқ емханадан
Көре - көре жалыққам мен қаладан,
Жүре - жүре шаршағам кең даладан
Туыс, жолдас, дос, құрдас - бәрі бөтен,
Жанашырым - Анам мен жарым екен.
Ауыратын жүрек те, бауыр да емес,
Қызылала қан болған жаным екен.
Емханадан кеткім жоқ, қайда барам?!
Бәрі де жат, бірі жоқ аймалаған.
Отанымның caп берген ордасын мен,
Жұмыс орным деймін де, пайдаланам.
Тегін төсек жатқаным, тегін тағам,
Дәрігер де, дәрі де тегін маған.
Тегін жарық, буфетім - жұмыс орным,
Мен осында қаламын, ебін табам...
Ұмытамын кім қандай Жүз екенін,
Мен осында өзімді күзетемін...
Қайырымды қарындасқа көмекші боп,
Сырқаттарды түн бойы күзетемін.
Қайда барам, мен мынау сұрымменен,
Мен ақынмын!
Жырыммен, құнымменен!
Күні бойы аралап бөлмелерді,
Сырқаттарды емдеймін жырымменен.
Солай!!!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Мемлекеттік тілде іс қағадарын жүргізу
Түсік
Ж. Жақыпбаев шығармашылығы
Бақыт Беделханұлы: ҰЛЫМ, САҒАН АЙТАМ. .
Жұматай Жақыпбаев шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері
БАҒДАРШАМНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ РОЛІ
Туған елім, тірегім ( әдістемелік құрал )
Ж.Нәжімеденов шығармашылығының көркемдік жүйесі
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
Йасауи Хикметтері
Себепсіз салдар жоқ, қоғамдағы сан қилы жағдаяттар газет сипатының өзгеруіне мүмкіндік жасады
Әкең қайда, қыз ханым
Мылтығың қайда
Сөз жоқ, мынау сол қыздың бет пішіні
Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар
Қалғанын қайда құямыз
Ешкімі жоқ кемпір жалғыз сиырын сауып, сүтінен май жасап, оны көрші дүкенге өткізіп күнелтеді екен
Сенен артық қасиет жоқ - ты, жер, тегi, Сен ұрпақтың күлiп атар ертеңi, Тағдырыңды тапсыр маған, туған жер, Көркейтуге мiндеттiмiн мен сенi - деп белгілі ақын Әбу Сәрсенбаев жырлағандай мен де туған жерімді көркейтуге өз үлесімді қоссам деймін
Сақтықта қорлық жоқ, апа
Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі