Paint терезесінде сал

Сабақтың тақырыбы

Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу және сақтау. Графикалық редакторда сурет салу кезеңдері.

Сабақтың мақсаты

  • 1

    Оқушыларға графикалық ақпаратты құру туралы түсінік беру және графикалық редакторда жұмыс істеуді үйрету.

  • 2

    Пәнге қызығушылықты арттыру және графикалық бейнелеу арқылы бейнелік ойлауды дамыту.

  • 3

    Эстетикалық талғамды қалыптастыру және орындалған жұмыстан қорытынды шығара білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдісі

Көрсете баяндау, пікірлесе түсіндіру, жеке жұмыс

Көрнекілігі

ДК, слайдтар, тест

Негізгі ұғымдар

Графикалық редактор, құралдар, палитра, негізгі түс, фон

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру

    Сабаққа қатысуды түгендеу, жұмысқа даярлық.

  2. II. Үй тапсырмасын тексеру

    Бекіту сұрақтары арқылы қайталау.

  3. III. Жаңа сабақ

    Paint редакторы, терезе бөліктері, палитра.

  4. IV. Сарамандық жұмыс

    Деңгейлік тапсырмалар орындау.

  5. V. Қорытындылау

    Техникалық диктант, негізгі ұғымдарды бекіту.

  6. VI. Үйге тапсырма

    Тақырыпты оқу, мазмұндау.

Үй тапсырмасын тексеру: бекіту сұрақтары

Төмендегі сұрақтар өткен материалды еске түсіруге көмектеседі.

  • Компьютер жанындағы өсімдік.
  • Баспаға шығару құрылғысы.
  • Жалпы желіге қосылу үшін не керек?
  • WordPad бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  • «Ақпарат» (information) сөзі қай тілден шыққан?
  • Вирусқа қарсы бағдарлама.
  • Дыбыс шығару құрылғысы.
  • Бос орын қалдыру пернесі.
  • Caps Lock пернесінің қызметі.
  • Мәтіннің қарпін және өлшемін қалай өзгертеміз?

Жаңа сабақ: графикалық редактор деген не?

Компьютер графикалық кескіндерді салуға арналған ең қолайлы әрі қуатты құралдардың бірі. Графикалық кескіндермен жұмыс істейтін Windows қолданбалары графикалық редакторлар деп аталады.

Графикалық редактор — графикалық бейнелерді жасау және өңдеу үшін қолданылатын бағдарлама.

Графикалық редактордың мүмкіндіктері

  • Құрал-саймандар мен бояуларды қолданып сурет салу.

  • Суретті бөліктерден құрастыру.

  • Суретке мәтін енгізу және форматтау.

  • Бар объектілерді түзету және өңдеу.

  • Схемалар мен қарапайым сызбалар жасау.

Paint туралы қысқаша

Paint — әртүрлі графикалық кескіндерді салуға және өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Оның көмегімен қарапайым суреттерден бастап күрделі графикалық жұмыстарға дейін жасауға болады. Сонымен қатар, басқа қолданбалардан алмастыру буфері арқылы көшірілген суреттерді кірістіруге немесе сканер арқылы алынған кескіндерді енгізуге болады.

Paint бағдарламасын іске қосу

  1. a «Іске қосу» (Пуск) батырмасын шертеміз.
  2. b Бас мәзірден «Барлық бағдарламалар» (Программы) тармағын таңдаймыз.
  3. c «Стандартты» (Стандартные) бөлімін ашамыз.
  4. d Тізімнен «Paint» графикалық редакторын таңдаймыз.

Қысқаша жол: Іске қосу → Барлық бағдарламалар → Стандартты → Paint.

Paint терезесінің негізгі бөліктері

  • Сурет салу алаңы — терезенің негізгі, ең үлкен бөлігі.

  • Құралдар тақтасы — сол жақта орналасқан таңбашалар тобы.

  • Түстер палитрасы — төменгі бөлікте орналасады.

Түстер палитрасы: негізгі түс және фон

Палитра арқылы екі түрлі түсті таңдауға болады: негізгі түс (сурет салатын түс) және қосымша түс (фон түсі).

Бағдарлама ашылғанда, әдетте негізгі түс қара, ал фон ақ болады.

Түсті таңдау тәсілі

  • Негізгі түс: палитрадағы түске тышқанның сол жақ батырмасымен шертіңіз.
  • Фон түсі: палитрадағы түске тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз.

Сурет салу кезеңдері

1) Құралды таңдау

Paint бағдарламасында 16 құрал бар. Төменде олардың қысқаша қызметі берілген.

1. Еркін пішінді белгілеу

Қисық пішінді үзіндіні таңдайды.

2. Тік төртбұрышты белгілеу

Тік төртбұрышты үзіндіні таңдайды.

3. Өшіргіш

Суреттің бөліктерін өшіреді.

4. Құю

Тұйық контур ішін негізгі немесе фон түсімен бояйды.

5. Түс таңдау (пипетка)

Кез келген нүктеден түсті алып, негізгі/фон түсіне орнатады.

6. Масштаб

Кескіннің бөлігін үлкейтеді.

7. Қарындаш

Еркін сызықтарды сызады.

8. Қылқалам

Әртүрлі қалыңдықта сызықтар салады.

9. Бүріккіш

Пульверизатор әсерін береді.

10. Жазу

Сурет ішіне мәтін орналастырады.

11. Сызық

Түзу сызық сызады.

12. Қисық

Тегістелген (иілген) сызықтар сызады.

13. Тік төртбұрыш

Тік төртбұрыштар салады.

14. Көпбұрыш

Тұйық көпбұрыш пішінін құрайды.

15. Эллипс

Шеңбер және эллипс салады.

16. Дөңгеленген тік төртбұрыш

Бұрыштары дөңгеленген квадрат/тік төртбұрыш салады.

2) Параметрлерді баптау

Сызықтың қалыңдығын, қылқалам түрін немесе пішіннің (мысалы, төртбұрыштың) типін құралдар тақтасының астындағы арнайы аймақта таңдауға болады. Қалыңдықты әдетте 1 нүктеден 5 нүктеге дейін орнатуға болады.

3) Кескіннің түсін таңдау

Сурет салатын түсті таңдау үшін палитрадағы қажетті түске тышқанның сол жақ батырмасымен шертіңіз.

4) Фон түсін таңдау

Фон түсін таңдау үшін палитрадағы қажетті түске тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз. Бұл фонды қолданатын құралдармен жұмыс істегенде маңызды.

Сарамандық жұмыс: деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

1-тапсырма (жұмбақ)

Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Қарап ал маңайға дейді.

Жауабы: бағдаршам

Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде салыңыз.

2-тапсырма (жұмбақ)

Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл.

Жауабы: сағат

Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде салыңыз.

3-тапсырма

Сызық құралын қолданып жайра (дикобраз) суретін салыңыз.

Үсті-басы ине —
Бұл не деген бейне?
Кірпіге ұқсас заты,
Жайра оның аты.

II деңгей

  1. 1 Paint бағдарламасын іске қосыңыз.
  2. 2 Эллипс құралын пайдаланып берілген үлгіге ұқсас сурет салыңыз.
  3. 3 Суретті өз қалауыңыз бойынша бояңыз.
  4. 4 Суретке «Бейне» атауын беріп, сақтаңыз.

III деңгей

  1. 1 Барлық құралдарды қолданып, еркін тақырыпта мазмұнды сурет салыңыз.
  2. 2 Суретке тақырып қойыңыз.
  3. 3 Дайын суретті сақтаңыз.

Қорытындылау: техникалық диктант

Paint — графикалық редактор.

Paint-та сурет салуда екі негізгі түс қолданылады: негізгі және фондық түс.

Paint графикалық редакторында 16 құрал-сайман бар.

Тақырып жолағында терезені жабу, жасыру, үлкейту/кішірейту батырмалары орналасқан.

Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторы туралы тақырыптарды оқып, мазмұндау.

Бағалау

Оқушылардың жұмыстары тапсырмаларды орындау сапасына, құралдарды дұрыс қолдануына және суретті сақтау талаптарын орындауына қарай бағаланады.