Қазақ прозасы әлемінде (презентация түрінде)
Сабақ тақырыбы
Қазақ прозасы әлемінде (презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат», Шерхан Мұртазаның «Жүз жылдық жара», Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» (повестен үзінді) шығармаларының эстетикалық табиғатын, көркемдік қуатын таныту.
- Қаламгерлердің негізгі идеясын айқындау.
Дамытушылық
- Көркем шығармалардың идеялық мәнін түсіне білуге дағдыландыру.
- Тапқырлық танытуға, ойды әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.
Тәрбиелік
- Шығармалардағы қазақтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойға сіңіру.
- Отанын жанындай сүйетін, табиғатты аялай білетін саналы, парасатты азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі, көрнекілігі және әдістері
Сабақтың түрі
Жарыс сабақ.
Көрнекілігі
- Модуль №4
- Тірек сызбалар
- Көркем суреттер
- Интерактивті тақта
- Буклеттер, кеспелер, фишкалар
Әдістері
- Эвристикалық әдіс
- Әлемдік оқыту әдістері
- Саралап оқыту
- Проблемалық оқыту
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
Ойын элементтері мен кезеңдік құрылымға негізделген жоспар
Ұйымдастыру кезеңі
- Мұғалімнің кіріспе сөзі
- «Бақытты сәт» ойыны
I бөлім: «Қызығушылықты ояту»
1-кезең
- «Ой шақыру» эстафеталық ойыны
- «Шашу» ойыны
II бөлім: «Мағынаны ажырату»
2-кезең
- «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»
- «Жұлдызды бала» ойыны
3-кезең
- «Жұмбақтас» — 5 жолды өлең
4-кезең
- «Сен — маған, мен — саған»
5-кезең
- Сергіту сәті
III бөлім: «Ой толғаныс»
6-кезең
- «Көсемдікке ұмтылу»
- Венн диаграммасы
- INSERT стратегиясы бойынша қорытындылау
Қорытынды
- Мұғалімнің қорытынды сөзі
Талқылау сұрақтары (мәтіндер бойынша)
Төмендегі сұрақтар оқушылардың мәтінді түсінуін, авторлық идеяны тануын және көркемдік ерекшеліктерді талдауын көздейді.
«Шығыс ұлына хат» (Б. Бұлқышев)
- «Шығыс ұлы» деп аталу себебі неде?
- Ана мен Отан аманаты туралы не айтылған?
- «Елім-ай» әнінің мазмұны қандай? Неліктен сол әнді айтуға шақырады?
- Хатта жауынгерлер бастан кешкен ауыр күндер қалай суреттеледі?
- Досқа қойылатын талаптар қандай?
- «Жаман солдат болуға құқымыз жоқ!» деген ойдың мағынасын түсіндір.
- Хатта қандай қасиетті ұлдардың есімдері аталады?
- «Өлімнен ұят күшті» мақалын қолдану арқылы автор нені меңзейді?
- Тақырыбы мен идеясы туралы пікірің қандай?
«Жүз жылдық жара» (Ш. Мұртаза)
- Ш. Мұртазаны қоғам қайраткері ретінде қалай танимыз?
- Шығармадағы оқиға қай жылдары, қандай жағдайларға байланысты өрбиді?
- Бақтияр бағындағы шипалы шөптерді ата.
- Орман ортасындағы көлшік қалай суреттелген?
- Байшынар неге жалғыз қалады?
- Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал кімдер?
- Әңгімедегі ырым-тыйымдар туралы не айтар едің?
- Ахмет пен Кенжегүл кемпір туралы ойың қандай?
- «Шаңырақ жағылғанша, сирақтарың жағылсын» сөзінің астарын түсіндір.
- Байшынар мен Жуанқұлдың зары қандай ойға жетелейді?
«Қоңыр күз еді» (Қ. Ысқақ)
- Қасымның жүрегіне ұялаған ән қай ән?
- Ол бұл әнді алғаш қашан естиді?
- Алтын қандай қыз?
- Қыздардың қандай болғанын қалайсың? Ойыңды дәлелде.
- Маймұрын, Қаламтай, Алматайды сипаттап көр.
- «Жылқы баласы кісінескенше, адам баласы сөйлескенше» мақалын үзіндінің қай оқиғасына қатысты айтуға болады?
- Сол кездегі жасөспірімдер бойынан қандай асыл қасиеттерді байқадың?
- Бүгінгі өздерің туралы не айтар едің: теледидар, компьютер, электронды құралдар көп, бірақ көркем шығарма оқуға уақыт бөлінуі қалай?
- А. П. Чехов кім?
- «Үш бәйтеректің» бірі Б. Майлин туралы не білеміз?
- Алматыға келгенде Қасымның үміті неліктен үзіледі?
- Шығарманың тақырыбы мен идеясы туралы пікірің қандай?
«Жұлдызды бала» ойыны: оқушы тапсырмалары
I оқушы
- Баубек Бұлқышевтың бір өлеңін жатқа айт.
- Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» эпопеясы туралы не білесің?
- Қ. Ысқақтың қандай романдары бар?
II оқушы
- «Шығыс ұлына хат» шығармасынан ұнаған үзіндіні мәнерлеп айт.
- «Жүз жылдық жара» әңгімесінен үзінді оқы.
- «Қоңыр күз еді» повесінен үзіндінің қалаған жерін жатқа оқы.
III оқушы
- «Жүз жылдық жара» әңгімесінен параллелизмді табуға бола ма? Дәлелде.
- «Қоңыр күз еді» повесінен үзіндіде портреттік сипаттаулар кездесе ме? Мысал келтір.
- «Шығыс ұлына хат» мәтінінің үндеу, ұран сипатында жазылғанын еске түсіріп, белгілерін ата.
Қолданылатын стратегиялар мен жұмыс түрлері
«Жұмбақтас»: 5 жолды өлең құрастыру
- Зат есім (1 сөз)
- Сын есім (2 сөз)
- Етістік (3 сөз)
- Синоним (4 сөз)
- Түйін сөз (5 сөз)
«Сен — маған, мен — саған» сұрақ-жауап алаңы
- Баубек ауылы: Баубектің басқа қандай шығармаларымен таныстыңдар?
- Қалихан ауылы: Қалиханның қандай шығармалары бар?
- Шерхан ауылы: Ш. Мұртазаның басқа шығармаларымен таныссыңдар ма?
Венн диаграммасы және INSERT
Венн диаграммасы
Шерхан — Ысқақ — Қалихан: ортақ тақырып, идея, стиль және көркемдік тәсілдерді салыстыру.
INSERT стратегиясы
Мәтінді оқу кезінде маңызды ойларды белгілеу және дәлелмен қорытынды жасау.
Қорытындылау
Оқушы пікірін жүйелеу: тақырып — идея — кейіпкер — көркемдік бөлшек байланысы.
Үй тапсырмасы
«Байшынардың күңіренуі» тақырыбында шығарма жазып келу.