Қанықпаған карбон қышқылдары қандай қосылыстар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Өтетін орны

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ақсай орта мектебі

Пән

Химия және биология

Мұғалім

Сейфолдаева Бибігүл

Жалпы мақсат

Білімдік мақсат

  • Оқушылардың бұрынғы тақырыптарда кездескен жай және күрделі эфирлер туралы түсініктерін тереңдету.
  • Құрамы, құрылысы, атаулары, изомерлері және қасиеттерін жүйелі түрде меңгерту.

Дамытушылық және тәрбиелік мақсат

  • Қолданылуын өмірмен байланыстырып, практикалық маңызын түсіндіру.
  • Өздік жұмыс арқылы өздігінен білім алу дағдысын және логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы

1-кезең: Қызығушылықты ояту

Старт
  • «Даналық ағашы» әдісі

2-кезең: Мағынаны тану

Талдау
  • Миға шабуыл
  • Презентация арқылы түсіндіру

3-кезең: Ой толғаныс

Қорытынды
  • Топтық жұмыс: «Аялдама»
  • «Бас қатырғылар базары»
  • Қорытындылау, критериалды бағалау
  • Рефлексия: «Білім ағашы»

Қолданылған ресурстар

Материалдар

  • АКТ құралдары
  • Оқулық, презентация
  • Салыстыру кестелері
  • «Даналық ағашы», «Білім ағашы»
  • Бағалау парақшалары
  • Смайликтер, стикерлер
  • A4 қағазы, маркерлер

Әдістер және дереккөздер

  • Интербелсенді оқыту әдіс-тәсілдері
  • Жұптық және топтық жұмыс
  • Критериалды бағалау
  • Дереккөздер: АКТ, оқулық, химиядан тапсырмалар жинағы (11-сынып)

Үй тапсырмасы

  • Оқуға арналған тапсырмалар: 10.1–10.2 (қайталау)
  • №6 есеп
  • Майлар мен сабын туралы қосымша деректер жинақтап келу

Сабақтың өту барысы

Сабақтың басталуы

Топты қарсы алу. Сергіту сәті арқылы сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру.

Танысу. «Мен …» деген тіркесті жалғастырып, әр оқушы өз бойындағы жақсы қасиетті қосып айтады.

1-тапсырма: Топқа бөлу (3 минут)

Оқушылар жасыл, қызыл, сары түстер арқылы 3 топқа бөлінеді.

  • Шағын топтарда топ ережесін құру.
  • Әр топтан «Мінсіз бақылаушыны» сайлау.
  • Бағалау парақтарын тарату.

2-тапсырма: Білімді жан-жақты тексеру (8 минут)

«Даналық ағашына» өткен тақырып бойынша (бір негізді қанықпаған қышқылдар) сұрақтар ілінеді. Сұрақтар төменнен жоғары қарай күрделене түседі. Үш деңгейдің сұрақтарына жауап беріп, жоғары ұпай жинаған оқушы ағаштың ұшындағы «Білім кілтін» алады.

1-деңгей сұрақтары (әр сұраққа 3 ұпай)

  1. Карбон қышқылдары деп қандай қосылыстарды айтамыз? Табиғатта таралуы туралы не білесің?

    Жауабы: молекула құрамындағы бір немесе бірнеше сутек атомы карбоксил тобына (–COOH) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Табиғатта кең таралған: құмырсқа қышқылы — құмырсқада және қалақайда; сірке қышқылы — адам организмінде тәулігіне шамамен 400 г түзіліп, зат алмасуға қатысады. Сондай-ақ майларда, мал сүтінде, өсімдіктердің тамырында кездеседі.

  2. Карбон қышқылдары қалай жіктеледі? Негізділігіне байланысты нешеге жіктейміз?

    Жауабы: қаныққан, қанықпаған және ароматты болып жіктеледі. Негізділігіне байланысты бір негізді және көп негізді болып бөлінеді.

  3. Қанықпаған карбон қышқылдары қандай қосылыстар? Жалпы формуласын ата.

    Жауабы: көмірсутек радикалында кемінде бір қос байланысы (C=C) бар карбон қышқылдары. Жалпы түрде: R–COOH (мұндағы R — қанықпаған радикал).