Ертегідегі қарғаға қысқаша сипаттама бер

Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ (3-сынып)

Тақырыбы: «Құстар айтысы» (үнді ертегісі)

Сабақтың мақсаты

  • Ертегінің мазмұны мен идеясын халқымыздың аталы сөздерімен байланыстыра отырып талдау, қорытынды жасау.
  • Өз ойын еркін айтып, дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Шығармашылық және деңгейлік тапсырмалар арқылы білімін тереңдету, біліктілігін арттыру.
  • Ертегі мазмұны арқылы ынтымақ, бірлік және достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың басталуына арналған шумақ

Сәлемдесу

Армысыздар, балалар, Дайынбыз ба сабаққа? Шебер, шешен өнері — Сай келейік талапқа. Бар ма үйден дайындық? Тапсырмамыз дұрыс па? Оқымасаң уайым жеп, Тығылмаймыз қуысқа. Ойымызды айтайық, Сабағымызды бастайық. Мына тұрған қонақтар Қалсын бір сәт марқайып.

Тіл туралы ой

Тіл арқылы биіктерге жетеміз, Тіл арқылы қиындықтан өтеміз. Ана тілді қастерлеп, қадірлесек, Болашақта самғай ұшып кетеміз.

Сабақтағы жұмыс ережесі

  1. 1 Топтағы оқушылар бірлесе жұмыс жасайды.
  2. 2 Әр топта бір оқушы жауапты болады (топ басшысы).
  3. 3 Тапсырманы бірге талдап, өз ойларымен бөліседі.
  4. 4 Талдау кезінде тәртіп сақтайды.
  5. 5 Тапсырманы берілген уақытта аяқтайды.
  6. 6 Топ мүшелері кезекпен жауап береді.

Оқулықпен жұмыс

Мағынаны тану

  • Әр топ ертегіні дауыстап, тізбектей оқиды.
  • Оқылған мәтін бойынша талдау жүргізіледі.

Ертегіні талдау сұрақтары (топтық жұмыс)

1-топ

«Құсбегі» сөзінің мағынасын түсіндір.

2-топ

Құстар тордан қалай құтылмақ болды?

3-топ

Құсбегі тордағы құстардың айтысып жатқанын қайдан білді?

4-топ

Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?

5-топ

Құс аулаушы торды не істеді?

Шығармашылық тапсырмалар

1-топ

Ертегідегі қарғаға қысқаша сипаттама бер.

2-топ

Торғайға қысқаша сипаттама бер.

3-топ

Ертегідегі көгершінге қысқаша сипаттама бер.

4-топ

Аталған құстардың біреуіне өлең құрастыр.

5-топ

Құсбегіге қандай кеңес айтар едің?