Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен жүру барысы
Сабақ туралы мәлімет
Пәні және сыныбы
Қазақстан тарихы, 9-сынып
Тақырыбы
Қазақстанның ауыл шаруашылығы: тың және тыңайған жерлерді игеру
Сабақ форматы
- Түрі
- Дәстүрлі емес (электрондық оқулықпен жұмыс)
- Типі
- Жаңа тақырыпты меңгерту
- Әдістері
- Түсіндірмелі сызба, сұрақ-жауап, ой қозғау, мәселелік-мәліметтік, ізденіс, салыстыру–талдау–жинақтау–қорыту
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Ұлы Отан соғысынан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығының жағдайын таныстыру.
- Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанының барысы мен тарихи маңызын ашып көрсету.
- Нақты деректерге сүйене отырып, тың игерудің отан тарихындағы орнын саралау.
Дамытушылық
- Берілген мәліметтерді есте сақтауға дағдыландыру.
- Оқиғалардың себеп-салдарын өз бетінше талдауға үйрету.
- Жүйелеп қорытынды жасау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
- Тарихи оқиғаларды жүйелі бағалап, құрметтеуге баулу.
- Тың игеру кезеңіндегі еңбек ерлігін көрсеткен аға буын еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
- Игі дәстүрді жалғастыруға ынталандыру.
Құрал-жабдықтар мен ресурстар
Көрнекіліктер
- Қазақстан картасы
- Тақырыптық аннотациялар
- Дидактикалық материалдар, тірек нүктелер, тірек сызбалар, тесттер
Қосымша әдебиеттер
- Ф. Т. Морган — «Тың туралы ойлар»
- Ы. Жақаев — «Менің бақытым»
- Л. И. Брежнев — «Земля и хлеб»
Техникалық құралдар
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Проектор
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, оқушылардың зейінін шоғырландыру, оқу мақсаттарын қысқаша айқындау.
II. Жаңа сабақты игеру
А) Қызығушылықты ояту
С. Мәуленовтың «Дала дәптерінен» үзінді оқылады:
Көнбей адам ырқына
Жаңа атқан тың дала.
Жаңа совхоз жұртында
Жалғыз шатыр — бір қада.
Боран, боран, бұрқаған,
Бастырмайды бір қадам.
Қарды аспан диірмені
Бұрқыратып ұнтаған.
Күресінді күрт бұзып,
Жел күреді сапырып.
Көкте ойнады бұлт жүзіп,
Найзағайы атылып.
Жалғыз шатыр — бір қада,
Кішігірім бір қала.
Жасыл боран, жас егін,
Тусыраған тың дала...
III. Пікір алмасу сұрақтары
- Өлеңді тыңдағанда қандай ой туды?
- Көз алдыңызға қандай көрініс елестеді?
- Өлеңнен қандай негізгі ойды байқадыңыз?
- Осы үзінді бізге тың игеру туралы қандай мәлімет береді?
Мұғалім қорытындысы: бүгінгі тақырып — «Тың және тыңайған жерлерді игеру».
Жаңа тақырыптың жоспары
-
1) Себептері және жүру барысы
Тың және тыңайған жерлерді игеруді бастауға түрткі болған алғышарттар, науқанның ұйымдастырылуы мен кезеңдері.
-
2) Мемлекеттік қолдау
Материалдық-техникалық көмек, басқару шешімдері және шаруашылық құрылымдарының құрылуы.
-
3) Тыңгерлердің ерлігі
Ауыр табиғи жағдайда еңбек еткен адамдардың табандылығы мен қажыр-қайраты, күнделікті өмірдің сын-қатері.
-
4) Нәтижелері: пайдасы мен зияны
Қазақстан үшін тың игерудің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарын талдау.
Негізгі мазмұн (қысқаша түсіндіру)
Тың жерлерді жаппай игеру туралы шешім
Тың жерлерді кең көлемде игеру бағыты КОКП ОК-нің қаңтар–наурыз пленумында қаралып, елде астық өндіруді одан әрі арттыру және тың, тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы қабылданды.
Қаулыға сәйкес Қазақстанда, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда егіс көлемін күрт ұлғайту көзделіп, нәтижесінде 1100–1200 млн мөлшерінде астық алу жоспары қойылды.