Тыныштық қандай рақат
Мұқағали Мақатаев
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.
Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,
Керек емес, дүния, асылдарың!
Бақыт, байлық - барлығы менің үшін
Сенің бір кеп мойныма асылғаның.
Аймалайсың жанымды күлкіңменен,
Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.
He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,
Қытықтаған жүректі бір тілменен?
... Қандай ғана анадан туады адам,
Сәбилердің ұйқысын куалаған?!
О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!
Қандай рақат сәбилер жыламаған!
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Кім болсаң ол бол, мейлің, рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Жүректің ақыл сауыты
Жоғары мектепте оқытудың сабақтан тыс формалары
Жер жүзіндегі азаматтарға арналған бақыт табу жөніндегі нұсқаулық
Жұма намазы және хұтпа
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері туралы
Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Әдебиеттің түрлері мен тектері
«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Құран мен намаздың парызы
Тыныштық – шынайы бақыт
Балалар жарақаты
Қандай бота
К. май және тері бездерінің өзегіне, сондай - ақ жарақаттанған теріге (немесе шиқанды қысып өзегін шығарғанда) микробтың енуі салдарынан пайда болады
Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар
Тыныштық сақшылары
Қазақстанның табиғаты қандай әсем
Науша хан өзінің хан болып тұрған уақытында барлық елін жинап алып сұрапты: - Менің қол астымда қандай батыр бар
Ана қандай қымбат болса қазақ үшін қазақ тілі сондай қымбат
ЖАРАҚАТТАНУ ДЕРТІНҢ ПАТОГЕНЕЗІНДЕГІ КЕРІ АЙНАЛЫП СОҒУ ШЕҢБЕРІ
Жанар бұдан әлдеқандай сыр ұқты