Сендер қандай әдемі бояғансыңдар
Музыка пәні мұғалімі
Сардарбекова Куралай
1-сынып
Сабақ тақырыбы
Саздан туған сазсырнай
Оқу мақсаттары
-
Тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық шулы аспаптарда ойнап, ән айту.
-
Дыбыстармен, әуендермен және ырғақтармен танысу үшін өз дауысы мен шулы аспаптарды пайдалану.
-
Үйренген әннің мазмұнын айту және талдау.
Тілдік мақсат
Дыбыстарды сипаттау үшін сын есім сұрақтарын қолдану және олардың мәнін музыка арқылы түсініп көрсету: қатты, ақырын, ақырынырақ, сондай-ақ дыбыс шығарудың тәсілдері: үрлеу, ұру, шерту.
Сұрақ үлгілері
- • Бұл дыбыс неге ұқсайды?
- • Осы дыбыс нені еске түсіреді?
- • Осы дыбысты қалай өзгерте аламыз?
Пән аралық байланыс
Әдебиет, шет тілі, сурет.
Оқыту ресурстары
- •Аудио/бейне сандық жазбалар
- •Шулы аспаптар
- •Үрмелі карточкалар
- •Слайд материалдары
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- •Сыныпқа кіріп, оқушылармен амандасу.
- •Көңіл күйін сұрап, орындарына отырғызу.
- •Назарын сабаққа аудару.
Қызықтыру сұрақтары
Қандай ғажайып, сырлы аспаптарды білесіңдер?
Сыбызғының үні қандай? Қай әріптен басталады?
Шаңқобыз қай әріптен басталады?
Домбыра қай әріптен басталады? Қандай ән білеміз?
Топқа бөлу
Орындау: «Домбырасыз сән қайда?» — бәрі бірге, мимика арқылы. (1-шумақ, қайырмасымен)
2) Жұмбақ арқылы жаңа аспапқа шығу
Сазымнан жасалған,
Өрнектеп қашалған.
Сырнайдың үніндей,
Бұлбұлдың біріндей.
Жауабы
Сазсырнай
3) Сазсырнаймен таныстыру
Сазсырнай — сапалы саз-балшықтан жасалатын, сопақша пішінді, көлемі қаздың жұмыртқасындай үрмелі аспап. Балалар бұл аспап арқылы аң-құс пен табиғат дыбыстарын салған.
Өлшемі
Шеңбері 15–18 см
Ұзындығы 10–12 см
Ойық саны
Ертеде: 3–4
Қазір: 5–6
Ойнау тәсілі
Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап үрлейді.
Сазсырнайдың үні жағымды, қоңыр және жұмсақ. Дыбыстың тембрі мен күші үрлеу бағытына және дыбыс толқынының дұрыс шығуына байланысты.
Үнін естігендерің бар ма? Тыңдап көргілерің келе ме? (Үнтаспа қосылады.)
- Қазақша
- Музыкалық аспап
- Орысша
- Музыкальный инструмент
- Ағылшынша
- Musical instrument
4) Аңыз әңгіме: «Саздан туған сазсырнай»
Ерте, ерте, ертеде баяғы бір заманда Асан деген бала болыпты. Ол күнде өз ауылының қойын бағып, солай күн көріпті. Бір күні қойды өзен жағасына жаяды. Күн қатты ыстық болып, Асан шөлдейді. Торсығындағы суды ішіп отырып, қолынан торсығы түсіп кетіп, суы жерге төгіледі. Ол жердің топырағы сазды екен.
Асан су араласқан сазды қолымен уқалап, ұзақ отырады. Қолы талған соң сазды тастың үстіне қойып кептіреді де, қалтасына салып алады. Кешке достарымен өзен бойында отырған кезде қалтасындағы зат қолына батып кетеді. Қараса — кепкен сазбалшық.
Мұны көрген досы Асқар қызығып: «Асан, мынау не? Қаздың жұмыртқасына ұқсайды екен!» — дейді. Асан: «Өзім де білмеймін. Қой бағып жүріп сазды уқалап көрген едім, осындай сопақша болып шықты», — деп жауап береді. Сосын: «Асқар, көмектесші. Бұдан ерекше аспап жасап көргім келеді», — дейді.
Асан: «Олай болса, мұны отқа қыздырайық. Әкем кейбір бұйымдарды отқа қыздырып жасайтын. Сонда ол берік болады», — дейді. Екеуі сазды отқа қыздырып, кейін әр жерінен тесіктер жасайды. Әдемірек болсын деп жиегіне ою да салады. Түні бойы еңбектеніп, таң ата ұйықтап қалады.
Таңертең Асқар оянса, Асан балшықтан жасалған әдемі аспапты үрлеп отыр екен. Әр үрлеген сайын әсем әуен төгіледі. Мұны көрген ауыл адамдары таңырқайды. Асан өз туындысына «саздан туған сазсырнай» деп ат береді. Өйткені ол саздан жасалған еді. Осылайша сазсырнай дүниеге келіпті.
5) Сергіту сәті
«Сал күрең» күйіне қосылып, аспаптармен ырғақты көрсету.
6) Топпен жұмыс
Әр топқа карточка таратылады. Карточкада аспаптың суреті бейнеленген. Суретті ашық түстермен бояймыз.
Сендер өте әдемі боядыңдар. Аспаптың дыбыс бояуы да нәзік әрі көркем. Міне, сурет сабағы бізге осылай көмектесті.
Енді К. Қуатбаевтың «Сурет сабағы» әнін үйренейік.
- Орысша
- Урок рисования
- Ағылшынша
- Drawing lesson
Орындау: ұрмалы шулы аспаптардың көмегімен сүйемелдеу.
7) Қорытындылау
Сәйкестендіру (С тобы)
| Аспап | Түрі |
|---|---|
| Домбыра | Ішекті |
| Шаңқобыз | Тілшікті |
| Сазсырнай | Үрмелі |
| Сыбызғы | Үрмелі |
Қосымша сұрақ: қайсысы артық?
Артық затты тап (Д тобы)
Композиторға алғысымызды білдіреміз. Оқушылар, жарайсыңдар!
Бүгін танысқан аспап
Сазсырнай
Неден жасалады?
Саздан (саз-балшықтан)
Пішіні неге ұқсас?
Жұмыртқаға
Үй тапсырмасы
- •Әнді жаттау.
- •Музыкалық аспаптардың атауын және түрлерін есте сақтау.