Наурыз қызбын

Қазақ тілі Үстеу Етістік Наурыз

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен байланыс

  • Кім кезекші?
  • Ауа райы қандай? Жаңалықтар бар ма?

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын тексеру және бағалау.

2) Өткенді пысықтау сұрақтары

Мақсат: негізгі тілдік ұғымдарды еске түсіру

  • Біз қандай сөз таптарын өттік?
  • Зат есім дегеніміз не?
  • Сын есім дегеніміз не?
  • Есімдіктің түрлері қандай?
  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістіктің неше шағы бар?
  • Үстеу туралы не білеміз?

3) Жаңа тақырып және мақсат

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырады: Наурыз мерекелері. Оқушылар үстеу мен етістікке қатысты білімдерін қолдана отырып, мерекелік мазмұн арқылы тілдік дағдыларын дамытады.

4) Сөздік жұмысы

өткізу

проводить

сыйлық сыйлау

дарить подарки

шақыру

пригласить

5) Деңгейлік тапсырмалар

I топ

Етістіктерді үш шақта айту.

II топ

Сөз тіркестерін құрастыру.

III топ

Сөйлем құрастыру.

6) Әңгімелесу: көктем мерекелері

Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?

Ал наурыз айында қандай мерекелерді атап өтеміз?

Анамызға қандай сыйлық жасадық?

Музыкалық үзіліс

«Ана туралы жыр» әнін орындаймыз.

Тапсырма: «Ана» сөзіне сын есімдер тауып жазу

мейірімді, әдемі, ақылды, қымбатты, қасиетті, білімді, шыдамды, төзімді, сенімді, қайырымды, жанашыр және т.б.

7) «Наурыз» ұғымы: елестету және талқылау

Наурыз десе, көз алдыңа не келеді?

Киіз үй

Киіз үй — көшпелі баспана: тез құрылады, тез жиналады, әсем безендіріледі. Ішкі жабдықтары: шымылдық, сандық, ағаш төсек және т.б.

«Гүлді ашу» ойыны

Оқушылар Наурызға қатысты ұғымдарды атап, тақырыпқа байланысты сөздер мен тіркестерді «ашып» отырады.

«Наурыз» сөзінен жасалған сөздер

Наурызша

Наурыз айында түсетін жеңіл, үлпілдек қиыршық қар.

Наурызкөже

Наурыз мерекесінде пісірілетін ұлттық тағам.

Наурызкөк

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.

Наурызшешек

Өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік (қызыл, күлгін, сары).

Наурыз бата

Наурыз айында берілетін ақ тілек, ізгі ниет.

Наурыздың негізгі құндылықтары

  • Ұлттық ойындар
  • Ұлттық киімдер
  • Ұлттық тағамдар
  • Салт-дәстүрлер
  • Бата-тілектер

Тапсырма: ұлттық киім түрлерін атау.

8) Кітаппен жұмыс

Тапсырмалар сөйлеу дағдыларын және үстеуді ажыратуды бекітеді

2-тапсырма

Диалогті оқу, өзара сөйлесу. Үстеулерді тауып, түрін ажырату.

3-тапсырма (тақтада)

  • Сәукеле туралы (Жанар баяндайды).
  • «Сақина салу» ойыны туралы (Мирас баяндайды).
  • Бауырсақ туралы (Диана баяндайды).

Қонақ: бата-тілек

11-сынып оқушылары қонаққа келіп, бата береді.

9) Наурыз батасы

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын,

Қайғы-уайым жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

10) Көрініс: «Наурыз қыз»

Наурыз қызбын,

Нөкерлерім қасымда.

Ұлыс күнге жеттім міне асыға.

Келген жылым,

Жақсылыққа басташы.

Қуанышпен әр үйдің

Босағасын атташы.

Келген жылым,

Шуағыңмен тасып от.

Адамдарды бір-біріне ғашық ет.

Келген жылым,

Болсын дәйім бақытты.

11) Қорытынды

Сәулесіндей көріндің таңғы үміттің, басын қостың салт-дәстүр, сан ғұрыптың. Жаса, Наурыз, жарқыра көкте күндей — мерекесі достықтың, мәңгіліктің.

Сабақ аяқталды Береке Достық Дәстүр