Наурыз мерекесі. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
Қостанай облысы · Денисов ауданы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Абилкасова Ақшағұл Қайсарқызы
Сабақтың мақсаты
- Мереке туралы айта алуға және мерекенің қалай өтетінін сипаттауға үйрету.
- Сөздерге фонетикалық талдау жасау; сөздерді септеу, тәуелдеу, жіктеу дағдыларын бекіту.
Оқу нәтижелері
Сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен қарапайым үлгі құрылымдарды пайдаланып, өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алады.
Түйінді идеялар
Ізденімпаздық
Оқушылардың іс-әрекеті арқылы ізденімпаздыққа жетелеу.
Түсінуді анықтау
Тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтап, соған сай шешім қабылдау.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
Сабақ құрылымы: кезеңдер мен әдістер
Ұйымдастыру және жинақтау
- Оқушыларды топқа бөлу.
- Өткен сабақ тақырыбына шолу: мемлекеттік мерекелер.
- Сұрақ-жауап арқылы талдау, мысалдар келтіру.
Миға шабуыл
Сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау: «Наурыз».
Тапсырмалар топтамасы
1) «Дана үкі» стратегиясы
І топ
Мәтінді оқып, түсіндіру.
ІІ топ
Мәтінді орыс тіліне аудару.
ІІІ топ
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2) Сөздерден дұрыс сөйлем құрастыру
І топ
«Оқып, өлең, мен отырмын.»
ІІ топ
«Мені, тыңдап, мұғалім, отыр.»
ІІІ топ
«Домбыра, Әсет, отыр, тартып.»
Мақсат: сөз тәртібін сақтай отырып, мағыналы сөйлем құрау.
3) Фонетикалық талдау
І топ
мейрам
ІІ топ
наурыз
ІІІ топ
көже
4) Сөздерді септіктерге қойып жазу
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын қайта шоғырландыру.
Рефлексия және кері байланыс
- Сұрақ: «Бүгін қандай тақырып өттік?»
- «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс.
- Бағалау парақтары бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Үй тапсырмасы
Карточкамен жұмыс. Тест тапсырмаларын орындау.
Тест тапсырмалары
1) Сөйлемнің аудармасын тап
Наша семья дружная.
- A)Біздің отбасымыз тату.
- B)Біздің отбасымыз үлкен.
- C)Біздің отбасымыз шағын.
- D)Біздің отбасымыз кішкентай.
2) Қазақстандағы мерекелерді тап
- A)Тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар
- B)Жаңа жыл, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні, Жеңіс күні
- C)Шілдехана, тұсаукесер
- D)Қыз қуу, жекпе-жек
3) Қай дыбыстар жуан дыбыстарға жатады?
- A)ә, е, і, ы
- B)қ, п, т, с
- C)ы, у, ө, е
- D)а, о, ұ, ы
4) Ұяң дауыссыздарды тап
- A)р, л, й, м, н
- B)р, л, п, ф, к
- C)б, в, г, ғ, д
- D)д, з, ж, н, п
5) Үш буынды сөзді тап
- A)Қарағанды
- B)Атырау
- C)Ақтау
- D)Орал
Ескерту: Құжаттың толық нұсқасын жүктеу бөлімі бастапқы деректе көрсетілген, бірақ бұл бетте сілтеме берілмеді.