Достық тобының басшысы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Негізгі мақсат

Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру: Отанын, елін, туған жерін, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу және бұл құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу.

Міндеттер

Білімділік
Пән мен тақырыпқа қызығушылықты арттыру; Отан мен туған жерге арналған әндер арқылы оқушылардың білімін кеңейту.
Дамытушылық
Топтық ойлау әрекетін дамыту; теориялық білімді ойындар арқылы жинақтау; ой-өрісті, рухани мәдениетті және эстетикалық талғамды айқындай отырып танымдық қабілетті арттыру. Музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезіну мен есте сақтауды дамыту.
Тәрбиелік
Музыканың өмірмен байланысын түсіндіру; композиторлар шығармалары арқылы өз халқының әніне, туған елі мен жеріне құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақ форматы

Сабақтың типі

Білім мен білікті тексеру сабағы.

Сабақтың түрі

Топтық ойлау және ойын сабағы.

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет
  • Тарих
  • Бейнелеу өнері
  • Валеология
  • География
  • Дүниетану

Әдістер мен ресурстар

Қолданылатын әдістер

  1. 1 Ой қозғау
  2. 2 Топтық жұмыс
  3. 3 Бейнеролик көрсету

Көрнекіліктер мен құралдар

Құралдар

  • Магнитофон
  • Интерактивті тақта
  • Компьютер
  • Маркер
  • Маркерлік тақта
  • A1 форматты қағаз

Көрнекіліктер

  • Нақыл сөздер
  • Жасырын сөздер
  • Жасырын әуендер
  • Слайд көрсетілімдері

Сабақтың барысы

Кіріспе бөлім

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау.
  • Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Топтарға бөлу

Оқушылар 3 топқа бөлінеді, әр топ өз басшысын сайлайды. Бағалау топ басшылары арқылы критерийлер бойынша жүргізіліп, әр айналымнан кейін ұпай жарияланып отырады. Дұрыс жауап берген оқушыға мұғалім нота кілтін береді.

1-топ

Бейбітшілік

2-топ

Достық

3-топ

Тәуелсіздік

Топ басшылары

  • Бейбітшілік тобының басшысы
  • Достық тобының басшысы
  • Тәуелсіздік тобының басшысы

Сабақ құрылымы

Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақ бөлімдерімен таныстырады. Әр кезең ойын элементтері арқылы білімді бекітуге бағытталған.

1-айналым

«Миға шабуыл: Ойлан, тап» — қазақ кинофильмдерінен үзінділер көрсетіліп, сол фильмдерге қатысты сұрақтарға жауап беріледі.

2-айналым

«Сөз мерген» — тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіру.

3-айналым

«Ревю: Білгіш болсаң тауып көр» — танымал тұлғаларды сипаттама бойынша табу.

4-айналым

«Кім жылдам?» — берілген әріптерден сұрақтарға жауапты жылдам құрастыру.

2-айналым: «Сөз мерген» (тұрақты тіркестер)

Тіркес Мағынасы
Ат құлағы көрінбейді Алыс, көз жетпейтіндей қашық.
Науадан ағызды Молшылық, берекенің белгісі.
Салы суға кетті Көңіл-күйі түсіп кетті.
Аяғынан тік тұрды Қонақты ерекше құрметтеп қарсы алу.
Шаң жуытпау Қорғау, жолатпау.
Ішін алдыртпады Сыр білдірмеді, байқатпады.

3-айналым: «Ревю» (танымал тұлғаларды тану)

Топ басшыларына елімізге танымал тұлғалардың тізімі беріледі. Топ мүшелері олардың жетістігі мен атақ-даңқына қарай кім екенін анықтайды.

Бейбітшілік тобы

  • Ольга Шишигина
  • Асанәлі Әшімов
  • Қайрат Нұртас

Достық тобы

  • Әміре Қашаубаев
  • Болат Сарыбаев
  • Илья Ильин

Тәуелсіздік тобы

  • Ермек Серкебаев
  • Махамбет
  • Болат Саттарханов

Жалпы сұрақ: «Әуенді тап»

Берілген әуенді тыңдап, әннің атауын және авторын анықтау. Мысал: Шәмші Қалдаяқов — «Ана туралы жыр». Әнді барлығы бірге орындайды.

4-айналым: «Кім жылдам?» (жедел сұрақтар)

Топ басшыларына әріптер беріледі. Мұғалім оқыған сұрақтарға сәйкес жауапты сол әріптерден жылдам құрастырып жазу қажет.

Сұрақтар мен жауаптар

  • 1)Музыкалық кілт қалай аталады? — Скрипка кілті.
  • 2)Музыкалық әріпті ата. — Нота.
  • 3)Роза Рымбаеваны танытқан ән? — «Әлия».
  • 4)Нұрғиса Тілендиевтің еліне арнаған әні? — «Өз елім».
  • 5)«Вальстің королі» кім? — Шәмші.

Сұрақтар мен жауаптар (жалғасы)

  • 6)Күйді кім орындайды? — Күйші.
  • 7)Күй атасы кім? — Құрманғазы.
  • 8)Құрманғазының шәкірті. — Дина.
  • 9)Біржанмен айтысқан кім? — Сара.

Жалпы сұрақ: «Елім менің»

«Елім менің» әнін тыңдау: сөзін және әнін жазған авторларды анықтау. Әнді хормен орындау.

Қорытынды

Сабақ соңында оқушылардың жұмысы бағаланады: топ басшылары ұпайларды қорытындылап, нәтижелер жарияланады.