Өткен дыбыстарды жатқа айту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сыныбы
- 1
- Сабақтың тақырыбы
- Гг дыбысы мен әрпі
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
- Пәнаралық байланыс
- Еңбек, музыка, дүниетану
- Көрнекіліктер
- Кеспе әріптер, суреттер, жеке суреттер, буындар
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Гг дыбысы мен әрпін таныстыру, дұрыс оқуға және дыбыстауға жаттықтыру.
- Гг дыбысы бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
- Г дыбысын сөз ішінен табуға, осы дыбыспен сөздер құрауға, оқуға және жазуға үйрету.
Дамытушылық
- Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын және шығармашылық қабілетін дамыту.
- Жазу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа, сауаттылыққа және сауатты жазуға тәрбиелеу.
- Адамгершілікке, ізденімпаздыққа, сыйластық пен әдептілікке баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (тренинг)
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
Сұрақ:
Балалар, үйге не берілді?
Жауап: «Кім кінәлі?» өлеңін жатқа айту.
Ойын: «Жапырақ теру»
- Қазір қай мезгіл? Күз.
- Күзде жапырақтар қалай өзгереді? Сарғаяды, жерге түседі.
- Ормандағы әр «жапырақтың» ортасындағы сұрақтарға жауап беру.
- 1 Дауысты дыбыстарды ата.
- 2 Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
- 3 Дыбыс деген не?
- 4 Әріп деген не?
- 5 «Ү» қандай дыбыс?
Ойын: «Кім тапқыр?»
Тақтаға екі оқушы шығып, «үйрек» және «күшік» сөздерін жазады. Дауысты дыбыстардың астын қызыл, дауыссыз дыбыстардың астын көк бормен сызады.
Қайталау
Өткен дыбыстарды жатқа айту.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту: жұмбақ шешу
1-жұмбақ
Жұпар исі еді,
Жайнап бақта өседі.
Жауабы: гүл
2-жұмбақ
Газда бар, ауада жоқ.
Гүлде бар, жуада жоқ.
Жауабы: Гг әрпі
Бүгін біз жаңа Гг әрпімен танысамыз.
Тақтамен жұмыс: Гг дыбысы мен әрпі
Дыбыстық сипаттама
Гг — дауыссыз, ұяң дыбыс.
Әріп түрлері
Баспа және жазба түрлерімен таныстыру, айырмашылығын түсіндіру.
Суреттегі заттардың атауын айтып, олардың ішінде г дыбысының орнын анықтау арқылы дыбыстың дауыссыз екенін аңғарту (көк ұяшыққа белгілеу).
Суретпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс: дыбыстық талдау
«Гүл» сөзіне дыбыстық талдау:
- Г — дауыссыз, ұяң.
- Ү — дауысты, жіңішке.
- Л — дауыссыз, үнді.
Сөйлем құрастыру
Берілген сөздермен сөйлем құрастыру.
Кеспе әріптер
Кеспе әріптер арқылы сөздер құрастырып жазу.
Мәнерлеп оқу: «Көгершін» өлеңі
Көгершін — құс.
Көгершін — бейбітшілік құсы.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Көгершінге ұқсайық.
Көгершін боп ұшып ап,
Кәне, қанат қағайық.
Орнымызды табайық,
Әдемі етіп жазайық.
Жазу жұмысы: тақта және дәптер
Тақтамен жұмыс
Баспа және жазба түрін ажыратып, түсіндіру.
Дәптермен жұмыс
Әріпті және буындарды көркем жазу, тізбектеп оқу.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық.
IV. Сабақты бекіту
Ойын: «Кім шапшаң?»
Гг дыбысы бар сөздерді жылдам ойлап айту.
Ойын: «Қатемді тап»
Мұғалім тақтаға қате жазылған сөздерді іледі, оқушылар түзетіп жазады:
Қате нұсқалар
сеғіз, мерғен, ғұл
Дұрыс нұсқалар
сегіз, мерген, гүл
Топтастыру: Гг дыбысының ерекшеліктері
- дауыссыз
- ұяң
- шұғыл
- тіл арқылы жасалады
- сөздің басында және ортасында кездеседі
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
Үйге тапсырма
Гг әрпін оқу және жазу.