Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы
Сабақтың тақырыбы: Терезелер
Бұл сабақта оқушылар Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен, терезелерді басқару тәсілдерімен және терезе мәзірімен танысады. Сабақ «Компьютер әлеміне саяхат» формасында ұйымдастырылады.
Мақсаты
- Windows терезелерінің мәнін түсіндіру.
- Терезелерді көрсету және басқару тәсілдерін меңгерту.
- Терезе элементтері мен мәзірі туралы білім қалыптастыру.
Көрнекіліктер
«Компьютер әлеміне саяхат» сызбасы, тест тапсырмалары, кеспе қағаздар, сөзжұмбақ, бейнесөз.
Нәтиже
Оқушылар терезе түрлерін ажыратып, негізгі элементтерін атап, терезелер арасында ауысып жұмыс істей алады.
I. Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ информатика пәнінің рухын көтеретін шағын өлең жолдарымен басталады. Мұғалім оқушылармен амандасып, бүгінгі жұмыстың құрылымын түсіндіреді: бұл жолы біз білімімізді көрсету үшін «Компьютер әлеміне саяхатқа» шығамыз.
Ескерту
Саяхатқа шықпас бұрын дәптерді ашып, бүгінгі күннің датасын жазып қою ұсынылады.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Саяхат «Компьютердің құрылғылары» аялдамасынан басталады. Бұл бекетте оқушылардың алдыңғы тақырыптар бойынша білімін тексеру үшін кеспе қағаздар ұсынылады.
Сұрақтар мен қысқа жауаптар
1) Компьютерді қалай өшіреміз?
Пуск → Завершение работы → Выключить → ОК
2) Қапшық (папка) дегеніміз не?
Қапшық — объектілерді сақтайтын қойма.
3) Маустың негізгі батырмасы қайсы?
Әдетте сол жақ батырма (оң қолдың сұқ саусағының астында орналасады).
4) Қапшық белгішесін көрсет.
Оқушы экраннан папка белгішесін табады және көрсетеді.
5) Команда дегеніміз не?
Команда — белгішені шерткенде орындалатын әрекет.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Операторлар аялдамасы
Бұл бекетте оқушыларға «бейнесөз» ұсынылады. Шешім ретінде бүгінгі тақырып шығады: «Терезелер».
Негізгі анықтама
Терезе — жақтаулармен шектелген, экрандағы төртбұрышты аймақ. Әрбір терезеде оны басқаруға арналған элементтер және жұмыс аймағы болады. Жұмыс аймағында объектілер, ақпарат және басқару элементтері орналасады.
Windows жүйесінде бір мезгілде бірнеше терезені ашуға болады. Есеп тақтасы (тапсырмалар жолағы) арқылы терезелер арасында ауысып, әрқайсысында жұмыс істеу ыңғайлы.
Терезе түрлері
- 1Бума (папка) терезелері
- 2Қолданба (приложение) терезелері
- 3Диалог (сұхбат) терезелері
- 4Анықтама (справка) терезелері
Терезе элементтері
- Шекаралар
- Тақырып жолы
- Жүйелік мәзір белгішесі
- Мәзір жолы
- Құрал-саймандар тақталары
- Жұмыс аймағы
- Айналдыру жолақтары
Мәзір — берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі.
IV. Сергіту сәті
Оқушылардың назарын сергіту үшін компьютер құрылғыларына байланысты жұмбақтар қойылады. Әр жұмбақтың жауабы — информатикадағы негізгі ұғым немесе құрылғы.
1) Жұмбақ
Бір сарайда тұрады екен, 5 атаның балалары. Қыдырмашы біреуі — бір күн бар да, бір күн жоқ. Ұзын саны 102.
Жауабы: Пернетақта
2) Жұмбақ
Пернетақта ауылында тұратын Пернелік деген атаның 12 ағайындысы бар. Немерелерінің есімдері «F» әрпінен басталады.
Жауабы: Функционалдық пернелер
3) Жұмбақ
Төртбұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек.
Жауабы: Монитор
4) Жұмбақ
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі: түсі сұр, құйрығы ұзын.
Жауабы: Тышқан
5) Жұмбақ
Ұзын тұра жалқау бек, тұрмай ылғи жатады. Қозғала қалса артынан, ешбір белгі қалмайды.
Жауабы: Бос орын
6) Жұмбақ
Биологияда — паразит, көзге зорға көрінер. Информатикада — өлшем бірлік, ақпаратты өлшер.
Жауабы: Бит
7) Жұмбақ
Ақпаратты қағазға басып шығарады.
Жауабы: Принтер
V. Сабақты қорытындылау
Технологтар аялдамасы
Бұл бекетте оқушыларға сөзжұмбақ беріліп, негізгі ұғымдар қайталанады.
Сөзжұмбақ сұрақтары
- 1) Рычагты манипулятор?
- 2) Кесіндіні құрайтын кішкене нүктелер?
- 3) Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы?
- 4) Қағаздағы бейнені монитор экранына көрсетуге арналған құрылғы?
- 5) Жақтауларымен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ?
- 6) Компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы?
Жауаптары
- 1) Джойстик
- 2) Пиксель
- 3) Принтер
- 4) Сканер
- 5) Терезе
- 6) Монитор
VI. Сабақты бекіту
Программисттер аялдамасы
Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін тест тапсырмалары беріледі.
Тест сұрақтары
-
1) ______ батырмасының қызметі қандай?
- а) Терезені жаймалау
- ә) Терезені жию
- б) Терезені жабу
-
2) ______ батырмасының қызметі қандай?
- а) Терезені жаймалау
- ә) Терезені жию
- б) Терезені жабу
-
3) ______ батырмасының қызметі қандай?
- а) Терезені жаймалау
- ә) Терезені жию
- б) Терезені жабу
-
4) Терезенің неше түрі бар?
- а) 2
- ә) 5
- б) 4
-
5) Тышқанның негізгі батырмасы қайсы?
- а) Оң жақ
- ә) Сол жақ
- б) Ортаңғы
VII. Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқып, түсінгеніңді қысқаша айтып беруге дайындал.
VIII. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың жұмысы бағаланады.