Арендердің қасиеттері

11-сыныпқа арналған химия сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Сыдықбекова Т. Н.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға арендер туралы, соның ішінде бензолдың атомдық құрылысы, физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері, құрамы мен құрылысы, қасиеттері, гомологтары және изомерлері жөнінде жүйелі білім қалыптастыру.

Бензолдың электрондық құрылысының ерекшеліктерін түсіндіру; бензолдың гомологтары мен изомерлерінің формулаларын құрастыру біліктілігін дамыту; логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Сабақ уақытын тиімді жоспарлауға және бағалауға үйрету; еңбекқорлыққа баулу; пәнге қызығушылықты арттыру.

Тақырыптар

  • §5.1 — Арендер. Бензол
  • §5.2 — Арендердің алынуы
  • §5.3 — Арендердің қасиеттері