Қай шақ
Мұғалім: Маширбаева Л. С.
Пән: Қазақ тілі • Сынып: 7
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің райларын қайталау
Бақытты сәт!
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Оқушылардың етістіктің рай категориялары бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.
2) Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, өзара сыйластық пен жауапкершілікті нығайту.
3) Дамытушылық
Кешенді талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықты арттыру.
Сабақ туралы
Түрі мен типі
- Сабақтың типі
- Қайталау
- Сабақтың түрі
- Оқыта-үйрету сабағы
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, талдау
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті
Көрнекіліктер
- Сандықша
- Секундомер
- Ортақ бағалау парағы
- Фишкалар
- Тапсырмалар жинағы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Жұмысқа бағдарлау- 1) Оқушылармен сәлемдесу.
- 2) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
- 3) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Ойын ережесімен таныстыру
- Сынып екі топқа бөлінеді: «Болашақ» және «Барыс».
- Әр топтан топ басшысы сайланады.
1-гейм. Бой сергіту
Команданың бір өкілі жауап береді. Бәсекелес топ үлгі бойынша жауаптың дұрыстығын бақылап отырады.
1-топ: «Болашақ» сұрақтары
- Етістіктің райлары дегеніміз не?
- Етістіктің райлары мен шақтары арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
- Етістік райларының қандай түрлері бар?
- Ашық рай нені білдіреді және қалай жасалады?
- Бұйрық рай қандай мағыналарды білдіреді және қалай жасалады?
- Бұйрық райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
- Шартты райлы етістіктердің сөйлемде қолданылу ерекшеліктері қандай?
- «Аға алдында пейіліңді көрсет, іні алдында пейіліңді көрсет» дегеннің мағынасын түсіндіріп, рай түрін, жақ пен түрін ажыратыңдар.
- Қалау рай дегеніміз не?
- Қалау райдың жасалу жолдары қандай?
2-топ: «Барыс» сұрақтары
- Қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі қалай аталады?
- Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын білдіретін рай қалай аталады?
- Қалау рай мен бұйрық райдың ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңдар.
- Қалау райдың жіктелу ерекшеліктері қандай?
- «Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа!» сөйлемдерінің мағынасын ашып, қай рай екенін, жақ және түрін анықтаңдар.
- Шартты рай қандай мағыналарды білдіреді және қалай жасалады?
- Шартты райлы етістік жіктік жалғауының I, II жағында тұрып, оған -шы/-ші жұрнағы жалғанса, қандай мағына білдіреді?
- Тәуелдік жалғауларын қажет ететін қай рай?
- Қалау рай жасауға қатысатын көмекші етістіктерді атаңдар. Оларсыз қалау рай жасала ма? Дәлелдеңдер.
2-гейм. Сандықшадан шыққан басқатырғылар
Топтық талқылауСандықшадан алынған тапсырмаларға топ болып ақылдасып жауап дайындайды.
Тапсырма 1
Аналарға мерекелік тілек жазыңдар. Жазбада рай түрлері қатысуы керек.
Тапсырма 2
Қыздарға мерекелік лебіз жазыңдар. Жазбада рай түрлерінің барлығы қатысуы керек.
Тапсырма 3
«Қыз өссе — елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі» мақалын мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.
3-гейм. Жұмбақтас
Жылдам жауапЖүргізушінің сұрағына кім тез жауап берсе, сол топ ұтады. Жауап дайын болса, қол көтеру немесе жалаушаны көтеру қажет.
- «Ақыл көпке жеткізер, Өнер _____ көкке жеткізер» — бос орынға тиісті сөзді қойыңдар.
- «Анаға қарап _____ қыз өсер, Атаға қарап _____ ұл өсер» — бос орындарды толтырыңдар.
- «Ол оқуды бітірді» — қай шақ?
- Бар етістігін рай түрлеріне қарай түрлендіріңдер.
- -са/-се жұрнағы жалғанғанда сөз үнемі істің шартын білдіре ме? Мысал: «Мен болсам ауылда қалдым».
4-гейм. «Мен — саған, сен — маған»
Сұрақ қоюӘр топ қарсы топқа 2 сұрақтан қояды.
5-гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
Төмендегі тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңдер.
- «Бір үйдің баласы болма, бүкіл елдің санасы бол» — қалау рай ма?
- Есімдік іс-әрекет пен қимылды білдіре ме?
- «Мақсатым — тіл ұстарту, өнер шашпақ» — мақсатты келер шаққа жата ма?
- «Келдіңіз, айттыңыз» — жедел өткен шақ. Бұл тұлғалар II жақ сыпайы жіктеуде тұр ма?
- «Мезгіл жетсе, мұз ерір» — бұйрық рай ма? (Шартты райға қатысты талдаңдар.)
- «Етістіктің рай түрі — 3-еу, шағы — 4-еу» деген жауап нақты ма?
Уақытты бөлу
- 2-гейм — 2 минут.
- 3-, 4-, 5-геймдер — әрқайсысына 1 минут.
- Үнемделген минуттарды қосымша тапсырмаларға пайдалануға болады.