Достық тобы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мұғалім

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Салықова Гүлбарам.

Сабақтың тақырыбы

Зат есім.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Көрнекіліктер

  • Слайдтар
  • Топ атаулары жазылған бетшелер
  • Ребус

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, көрнекілік, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Зат есім туралы білімді тереңдету және сөйлем ішінен зат есімді таба білуге үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Өз бетінше жұмыс арқылы теориялық ойлауды және сөйлеу тілін дамыту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, досым! Қайырлы күн болсын. Сейсенбінің күні Сәттілікке толсын. Бүгінгі алар бағамыз Тек «бестік» болсын!

3) Сыныпты топқа бөлу

1-топ: «Достық»

Ұраны:

«Аққуды атпаймыз, достықты сатпаймыз.»

2-топ: «Білім»

Ұраны:

«Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.»

Тапсырма: әр топ өз атауына сәйкес мақал-мәтелдер айтады.

4) Қайталау — оқу анасы

Қайталау — оқу анасы, Мақалдың ішіндегі данасы. Білімді берік игерсең, Ешкімнің жоқ таласы.

«Достық» тобы

Тақырып: түбір сөз және туынды сөз.

«Білім» тобы

Тақырып: сөз таптары.

5) Жаңа сабақ

Ребус шешу

Суреттерге қарап, бейнеленген заттардың атын пайдаланып ребусты шешіңдер. Ребус шешімі бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

Ребустың шешуі: «Зат есім».

Интербелсенді тақтамен жұмыс

  • Суреттегі заттарды атау.
  • Оларға сұрақ қою.
  • Ережені бірге қорытып шығару.

6) Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу (ауызша)

  • Суреттерге қара. Құстардың атын білмесең, білу үшін қандай сұрақ қоясың?
  • «Бұл не?» сөйлемінде сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсысы?
  • «Не?» сұрағына жауап беретін сөздерді ата.
  • «Кім?» сұрағына қандай сөздер жауап болады?

7) Суретпен жұмыс

Тапсырма: «Қай топтың сөзі көп?» Суретке қарап, зат есімдерді тауып айтыңдар.

8) Дәптермен жұмыс

3-жаттығу

  • Мәтінді көшіріп жаз.
  • Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
  • Табылған зат есімдерге сұрақ қой.

9) Топпен жұмыс

«Достық» тобы

4-жаттығу.

«Білім» тобы

5-жаттығу.

10) Сергіту сәті

«Балапан» әні.

11) Шығармашылық жұмыс

Тапсырма: берілген сөздер бойынша 4 жол өлең құрастыр. Өлеңнен зат есімдерді тап.

«Достық» тобына

--------- баламын, --------- аламын. ----------------, --------- боламын.

«Білім» тобына

Өлеңі — ақыл, өзі — аңыз, --------- бабамыз. ----------------, ------------ жазамыз.

12) Ойын: «Аяз ата» құрастыр

  • Жыл мезгілдерін ата.
  • Қыс айларын ата.

«Достық» тобының тапсырмалары

  1. Әдебиеттік оқу пәнінен жаттаған бір өлеңді айт.
  2. Көбейтудің қанша қасиеті бар? Ата.
  3. «Достық» сөзін сөз құрамына талда.
  4. Жұмбақ айт.

«Білім» тобының тапсырмалары

  1. Шаршының ауданын қалай табамыз?
  2. «Білім» сөзін сөз құрамына талда.
  3. Мақал айт.
  4. Қыс туралы тақпақ айт.

13) Терме диктант

Мақсаты: мәтіннен зат есімдерді теріп жазу.

Мәтін: «Қыс»

Күн суық. Жерде қалың қар жатыр. Үлкен кісілер де, балалар да жылы киім киген. Демалыста мұз айдынға барамыз. Коньки тебеміз. Қыс қарымен көрікті.

14) Қорытынды

Сабақ соңында оқушылардың жаңа тақырып бойынша түсінігі пысықталады: зат есімді тану, оған сұрақ қою және мәтіннен табу дағдылары қорытындыланады.

15) Үй тапсырмасы

6-жаттығу.

16) Бағалау

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстары ескеріліп, белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.