Анаңның аты кім

Тақырыбы

Күш, тірек, жігер, ынтымақ – қазақ тілінде

Мақсаты

Оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы түсінік беру, оның қоғамдық өмірдегі орнын ашып көрсету; қазақ тілінің қасиетін тануға, туған тілді құрметтеуге және қастерлеуге тәрбиелеу. Қазақ тіліндегі мағыналы сөздердің түпкі ойын түсіне білуге үйрету және оқушылардың қабілет деңгейлерін саралау.

Түрі

Интеллектуалды сайыс

Көрнекілігі

Мерекелік безендірулер, мақал-мәтелдер мен ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кеспе қағаздары.

Өтетін уақыты

22-қыркүйек – Тілдер мерекесіне арналған іс-шара.

Негізгі ой

Тілдің мәртебесін көтеру – оны күнделікті өмірде қолдап, қорғаудан басталады.

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгін 6-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Күш, тірек, жігер, ынтымақ – қазақ тілінде» атты интеллектуалды сайысқа қош келдіңіздер!

Бұл кеште қазақ тілі, оның мәртебесі және ана тіліміз – мемлекеттік тілді қалай меңгеріп жүргеніміз туралы сөз қозғаймыз. Намысқа тырысып, тіліміздің мерейін асыру үшін оны әрдайым қорғап, қолдап жүрейік.

Поэзиялық арнау

Ана тілім – бәрін айтар шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, білдірем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның,
Кілтін табар саналысы сезінем.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.

Сайыс құрылымы

Ендігі кезекте сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырамыз. Төменде сайыстың кезеңдері ұсынылады.

Кезеңдер тізімі

  1. 1Таныстыру
  2. 2Тұрақты тіркес
  3. 3Сөз тапқанға қолқа жоқ
  4. 4Сөз асылы – мақал
  5. 5Сұрақ-жауап
  6. 6Ақын – ұлттың жүрегі
  7. 7Шешендік өнер
  8. 8Көрермендермен сайыс

Әділқазылар алқасы

Сайыс барысында қатысушылардың нәтижесін саралап бағалайтын әділқазылар алқасының мүшелері таныстырылады.

  • 1) __________________
  • 2) __________________
  • 3) __________________

Ескерту

Ұпай қою өлшемдері алдын ала түсіндіріліп, барлық кезеңде бірізді сақталады.

Кезеңдер мазмұны

1) Таныстыру

Әр топ өз мүшелерін таныстырады, ұранын айтып, топтың өлеңін орындайды.

2) Тұрақты тіркес

Топтарға тұрақты тіркестер беріледі. Қатысушылар олардың мағынасын түсіндіріп, мысал келтіреді.

Қыздың жиған жүгіндей

Әдемі, жинақы.

Ат терісін басына қаптады

Қатты ұрысты, жазғырып тастады.

Айы оңынан туды

Жолы болды, бағы жанды.

Тас бауыр

Мейірімсіз, жаны ашымайды.

Азар да безер болды

Әбігерге түсті, мазасызданды.

Жаны мұрнының ұшына келді

Қатты қорықты, зәресі ұшты.

Қазақ тілі туралы заңнан

ҚР-ның «Тіл туралы» заңының 4-бабына сәйкес: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісі және іс қағаздарын жүргізу тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Тақпақ оқитын оқушы: Асылбекқызы Гүлім

3) Сөз тапқанға қолқа жоқ

Қатысушыларға әріптер таратылады. Жүргізуші сұрақ қояды, жауап сол берілген әріптен басталуы керек.

1-топ сұрақтары

  1. Досың кім?
  2. Ертегі оқисың ба?
  3. Анаңның аты кім?
  4. Қай пәнді жақсы көресің?
  5. 22-қыркүйек қандай атаулы күн?

2-топ сұрақтары

  1. Есімің кім?
  2. Кемпірқосақты қашан көруге болады?
  3. Кімге сәлем жолдайсың?
  4. Үй тапсырмасын орындауға кім көмектеседі?
  5. Бүгінгі мерекеге қандай тілек айтар едің?

Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы қазынаны бағалай білсек, Қазақстан кез келген елмен терезесі тең, иық тіресе алатын іргелі мемлекет бола алады. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, икемді әрі бай тілдердің бірі.

4) Сөз асылы – мақал

Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің мағынасы талданып, қолданылу орындары айтылады.

Мыңнан біреу – көсем, жүзден біреу – шешен.

Сөйлей-сөйлей шешен болар, көре-көре көсем болар.

Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой.

Тіл – шекер, байлық – бекер.

Көп сөз ұтпайды, дөп сөз ұтады.

Тай атқа жеткізер, ат мұратқа жеткізер.

Тақпақ оқитын оқушылар: Райымбек, Ержан, Айзат, Аслан

5) Сұрақ-жауап

Топтар қазақ тілі мен әдебиетіне қатысты сұрақтарға жауап береді.

1-топ

  1. Фонетика дегеніміз не?
  2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?
  3. «Мен таулықпын» өлеңінің авторы кім?
  4. «Ерте келген тырналар» хикаятының авторы кім?

2-топ

  1. Лексика дегеніміз не?
  2. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
  3. «Бала Шоқан» шығармасының авторы кім?
  4. «Өзім туралы» өлеңінің авторы кім?

6) Ақын – ұлттың жүрегі

Бұл кезеңде қатысушылар ұлағатты сөздердің авторларын анықтайды.

Білімдіден шыққан сөз –
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Абай Құнанбаев
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Әр адамның ең жақын досы кітап болғанда, сол нәрлі достық ең әуелі әдебиет кітабымен достасудан басталады.
Мұхтар Әуезов

Тақпақ оқитын оқушылар: Диана, Ұлжан

7) Шешендік өнер

Оқушылар алдын ала дайындалған қазақтың шешендері мен билерінің ұлағатты сөздерінен көрініс көрсетеді.

Ұсыныс

Рөлдерді әділ бөліп, сөздің мәнеріне, дауыс ырғағына және сахналық мәдениетке назар аудару.

8) Көрермендермен сайыс

Оқушылар суреттерді ым-ишарамен түсіндіреді. Көрермендер дұрыс жауап берсе, ұпай жинайды.

Қорытынды

Халық бар жерде тіл де бар. Ендеше, тіл мәселесі – халықтың мәселесі. Ана тілімізді көзіміздің қарашығындай қастерлеу – азаматтығымыздың ең шынайы көрінісі.

Енді мадақтау сәті. Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі: жеңімпаздар анықталып, құттықталады.

Жабылу сәті

Сайыскерлер құрметіне 6-сынып оқушылары қазақ биін тарту етеді.

Келесі кездескенше!