Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау

Сабақ тақырыбы: «Х» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділігі: оқушыларды «Х» дыбысы мен әрпімен таныстыру; дыбысты ести білуге, сөз ішінде басқа дыбыстардан ажыратуға үйрету; әріптің баспа және жазба түрлерін меңгерту; дұрыс дыбыстату.
  • Дамытушылығы: «Х» дыбысына қатысты жаңа сөздер арқылы ой-өрісті, тіл байлығын, тапқырлық пен ізденімпаздықты дамыту; сөздік қорды кеңейту.
  • Тәрбиелігі: оқуға және білімге қызығушылық қалыптастыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу; сауатты, қатесіз әрі таза каллиграфиямен жазуға дағдыландыру.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Аралас
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекі құралдар
Әріптер, суреттер, кеспе әріптер

Негізгі акцент

Сабақ барысында оқушылар «Х» әрпінің баспа және жазба түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасап, жаңа сөздермен жұмыс істейді. Ойын элементтері арқылы есте сақтауды және тілдік дағдыларды күшейтеді.

Ескерту: «Х» — тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Қазақ тіліндегі байырғы сөздер құрамында сирек кездеседі; көбіне араб, парсы, орыс тілдерінен енген сөздер мен халықаралық терминдерде ұшырасады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық.
  • Сабақтың мақсатын хабарлау.

II. Ой шақыру (сұрақ-жауап)

Кеше қандай әріппен таныстық?

«Ю» дыбысы мен әрпі.

«Ю» дыбысына сөздер ойлаңдар.

аю, ою, қою, сүю.

«Ю» дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

Дауысты.

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбысты естиміз және айтамыз.

Әріп дегеніміз не?

Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

Дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

Дауысты және дауыссыз болып екіге бөлінеді.

Қазақ тілінде қанша дыбыс, қанша әріп бар?

42 әріп, 40 дыбыс.

III. Үй тапсырмасын тексеру

  • «Жарыс» мәтінін рөлге бөліп оқыту.
  • Сұрақтар арқылы түсінігін тексеру.

Негізгі сұрақтар

  • Мәтін не туралы? — Жарыс туралы.
  • Жарысқа нелер қатысты? — Аңдар.
  • Қасқыр аңдарға не деді? — «Қатар тұрыңдар».
  • Аю қалай жүгірді? — Қорбандап жүгірді.
  • Аю мәреге нешінші болып келді? — Бірінші болып келді.

IV. Жаңа сабаққа кіріспе (суретпен жұмыс)

Оқушылар суретке қарап мәтін құрайды. Құрастырған мәтіндер тыңдалып, мазмұны толықтырылады.

Үлгі мәтін

Марат қалада тұрады. Ал оның атасы ауылда тұрады. Марат ауылда тұратын атасына хат жазды. Атасы хатты алып қуанды.

V. Жұмбақ арқылы жаңа дыбысты ашу

Өлең шумағы:
Сөздің сыры — көп жұмбақ,
Шешуін кім табады?
Кімдер шешсе тез ойлап,
Сол жеңімпаз болады.

Жұмбақтар

  1. Аяғы жоқ жүреді,
    Аузы жоқ сөйлейді. (хат)
  2. Сәлем алып алыстан,
    Туысыңнан, таныстан,
    Келетін хат-хабар
    Қай әріптен басталар? (Х әрпі)

«Хат» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?

«Х».

«Хор» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?

«Х».

Жаңа әріп

Х х

Баспа түрі: Х х · Жазба түрі: Хх

Дыбыстық мінездеме

«Х» — тіл арты, ызың, қатаң дауыссыз дыбыс.

Мысал

«Хат» — 3 әріп, 3 дыбыс: х (дауыссыз, қатаң), а (дауысты, жуан), т (дауыссыз, қатаң).

«Х» дыбысынан басталатын сөздер: хабар, хор, халат.

Оқушылар «Х» дыбысын хормен қайталап айтады, сөздерде тыңдап табады және дұрыс дыбыстауға жаттығады.

VI. Оқулықпен жұмыс: сөз мағыналарын ашу

Хат

Біреуге немесе мекемеге хабар жіберу үшін жазылған не жөнелтілген мәтін.

Хор

Вокалдық музыканы қосылып орындайтын әншілер тобы.

Хабар

Болған іс-оқиға, сондай-ақ біреудің хал-жағдайы туралы ауызша не жазбаша қысқаша мәлімет.

Халат

Жеңіл матадан тігілген, ұзынша сырт киім.

Дәріхана

Дәрі-дәрмек дайындайтын және сататын орын.

Асхана

Ас дайындайтын және тамақтанатын орын.

Шахмат

Ақ және қара фигуралармен 64 торкөзді тақтада ереже бойынша ойналатын ойын.

Саяхат

Зерттеу не танысу мақсатымен алыс жерге шыққан сапар.

VII. Пікір алмасу: «Кітапхана» тақырыбы

  • Мектепте кітапхана бар ма?
  • Кітапханада нелер болады?
  • Үйіңде кітап бар ма? Қай кітап ұнайды?
  • Кітапханада кітапты кім береді?

Тапсырма

  1. «Кітапхана» мәтінін мәнерлеп оқу.
  2. Мәтіндегі сөйлем санын анықтау; әр сөйлемдегі сөз санын санау.

VIII. Тірек-сызба: сөз жасау

«дәрі, ем, ас, дәм, шебер, кітап, ұста» сөздеріне -хана қосымшасын жалғап, жаңа сөздер құрау және мағынасын айту.

IX. Сабақты бекіту: ойындар мен тапсырмалар

1) «Сиқырлы сандар» ойыны

Кестедегі әріптер арқылы сөздер құрастыру.

Сандар 2 3 1 4 5 6 7 8 9 10
Әріптер А т х н м я с и р қ

Мысал сөздер

хат, асхана, қияр, тақия, маса

2) Сөзжұмбақ

Сұрақтарға жауап беріп, сөздерді табу.

  1. Әкеңнің анасы.
  2. Ешкінің төлі.
  3. Тышқанның үйін ата.
  4. Ірі жануарды ата.
  5. Жеті күн тағы қалай аталады?
  6. Ыдыс түрі.

X. Сергіту сәті және жазу жұмысы

Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Бүгінгі өткен әріпті
Әдемі етіп жазайық.

«Хх» әрпін жазу

  • Жазылу ережесі мен емлесін түсіндіру.
  • Ауада жазу.
  • Үзік сызықтарды бастырып жазу.
  • Жолға «Х х» әріптерін жазу (жеке көмек көрсету).

Жаттығу қатары

Х Х Х    х х х

XI. Шығармашылық және деңгейлік тапсырмалар

1) Суретті диктант

Оқушыларға 5–6 сурет көрсетіледі. Олар сурет атауларын жазады және сол сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

2) Деңгейлік тапсырма

«Х» дыбысы бар сөздермен сөйлем құрап жазу.

3) «Сөз құра» ойыны

Адасқан әріптерді орнына қойып, сөз құрау:

  • а, н, я, ш → шаян
  • а, з, я → аяз
  • ю, т, о → тою
  • т, а, п, к, і → кітап
  • р, а, б, а, х → хабар
  • м, а, т, х, а, ш → шахмат

XII. Қайталау және хат жазу үлгісі

1) «Орнына қойып жаз» ойыны

Мақсаты: сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімді тереңдету.

Тәртібі: плакатқа екі қатар сөз дайындалады. Әр қатардан шыққан оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Тез әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.

2) Шығармашылық жұмыс: хат жазу (ауызша)

  • Хат алып көрдіңдер ме?
  • Хат қалай басталады?
  • Өз өмірің туралы хатқа не жазар едің?
  • Хатты қалай аяқтайсың?

XIII. Қорытынды: «Аққала құрастыру» ойыны

Бүгін қандай әріпті өттік?

«Х» әрпі.

«Х» қандай дыбыс?

Қатаң дауыссыз дыбыс.

«Х» әрпінен басталатын сөздер айт.

хат, хор, халат, хабар.

«Кітапхана» сөзінде неше буын бар?

Оқушылармен бірге буынға бөліп анықтау.

«Шахмат» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Оқушылар талдап, дыбыстардың түрін ажыратады.

«Хат» сөзіне дыбыстық талдау жаса.

х — дауыссыз, қатаң; а — дауысты, жуан; т — дауыссыз, қатаң.

XIV. Үй тапсырмасы

  • 99-беттегі сөздерді оқу.
  • «Кітапхана» мәтінін оқып келу.

XV. Бағалау

Сабаққа белсенді, ынталы қатысқан оқушылар бағаланады.

Мұғалімнің айтқанын
Мықтап миға тоқимыз.
Бар ынтамен тыңдасақ,
Кілең беске оқимыз.