Ондық бөлшектерді салыстыру

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдістері

Ұжымдық және жеке жұмыс.

Көрнекіліктер

Кеспелер, слайдтар, сәйкестендіру кестесі, БҮҮ (білемін–үйренгім келеді–үйрендім).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеуді және ондық бөлшектерді салыстыруды меңгерту.

Дамытушылық

Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе орналастырып, салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу және өзіндік дүниетанымын дамытуға ықпал ету.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Зейінін сабаққа аудару, оқу мақсатын нақтылау.

II. Жалпы білімді тексеру

«Сәйкестендір» тапсырмасы арқылы алдыңғы білімді еске түсіру және жылдам тексеру.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту

Слайд 1. Координаталық сәуледе кескіндеу

  • Мысал 1: 3,2 санын координаталық сәуледе кескіндеу.
  • Мысал 2: 0,56 санын координаталық сәуледе кескіндеу.

Слайд 2. Координаталық сәуледе салыстыру

Координаталық сәуледе оң жақта орналасқан сан сол жақтағы саннан үлкен болады.

Мысал: 2,4 және 3,1.

Тең ондық бөлшектерге координаталық сәуледе бір ғана нүкте сәйкес келеді.

Слайд 3. Разрядтары бойынша салыстыру

Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатындықтан, оларды разрядтары бойынша да салыстыруға болады.

Мысал

6,56 > 4,89, себебі 6 > 4.

Мысал

6,425 < 8,648.

Ондық бөлшекті «натурал санға» түрлендіріп салыстыру

Ондық таңбалардың санын теңестіру үшін оң жағына нөл тіркейміз, содан кейін үтірді алып тастап салыстырамыз.

Мысал: 3,456 және 3,46

Теңестіру: 3,456 және 3,460

Салыстыру: 3456 < 3460

IV. Бекіту (оқулықпен жұмыс)

Оқулық бойынша тапсырмалар: № 962, 963, 964.

V. Жекеше жұмыс

Бұл кезеңде әр қатарға жеке тапсырма беріледі.

1-қатар

Тарихи мәліметтермен жұмыс.

2-қатар

Кеспелер бойынша тапсырмалар.

1) Жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңдар

  • a) 27 * 3,6
  • ә) 0,4 * 0,39
  • б) 8,30 * 7,94
  • 0,47 * 0,5

2) Оң жағына нөл тіркеп, ондық таңбалардың санын теңестіріп салыстыр

  1. 0,83 пен 0,8
  2. 0,4 пен 0,45
  3. 2,835 пен 2,84
  4. 11,346 мен 11,35

Тапсырмалардың жауаптары слайд арқылы көрсетіліп, өзара тексеру жүргізіледі.

VI. Қорытынды

Сабақ бойынша қорытынды жасалып, оқушылардың жұмысы бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

§31. № 969, 970.

Тақырып: ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу және ондық бөлшектерді салыстыру.